• RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Menu
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube
  • QAZ
  • RUS
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Menu
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
RUS
Главная страница » Жүздеген адамға жүргізуші кәулігін заңсыз берген сотталушылар үйқамаққа шықпайтын болды

Жүздеген адамға жүргізуші кәулігін заңсыз берген сотталушылар үйқамаққа шықпайтын болды

7 августа, 2025 Жаңалықтар
Фото: BM.KZ

Астана. 7 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының 15 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау өтті. Іс барысында 13 сотталушы сотқа бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтініш білдірді. Олар үйқамаққа шығуды сұрады. Себебі, күдікті азаматтардың бірінің денсаулығы нашарлаған. Енді бірі отбасылық жағдайын алға тартса, кейбірі асырауындағы адамдарға қарау қажеттілігі туындағанын жеткізген.

Алайда, сот айыпталушылардың өтініштерін тыңғылықты қарап, дәлелдер мен медициналық қорытындыларды назарға алды. Сонымен қатар, ауыр және аса ауыр қылмыстарды алдын ала сөз байласып, адамдар тобы болып жасады деп күдіктелгендері ескеріліп, сотталушылар үйқамаққа жіберілмейтін болды.

«Қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасына өткізу туралы талап тілегін қарап, анықтады. Сот іске қатысушылардың пікірін тыңдап, іс материалдарын зерттеп, адвокаттардың талап-тілектері төмендегідей жағдайда қанағаттандырусыз қалдыруға жатады деп есептейді. Мурашиловтың КУИС-ке қарасты 63 мекемесіне арнайы медицина мекемесі қадағалайды. Алайда аталған мекеменің әкімшілігінен Мурашиловтың денсаулығына байланысты бұлтартпау шарасы қажеттілігі туралы ұсыныстар түскен жоқ», – деді Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Самидин Темірәлиев.

Айта кетейік, сотталушыларға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған. Нақтырақ айтар болсақ, «Заңсыз сыйақы алу», «Қылмыстық жолмен алынған ақшаны немесе өзге мүлікті заңдастыру», сондай-ақ «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оған қатысу» баптары бар.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында 2023-2024 жылдары №2 мамандандырылған ХҚКО басшылығы мен қызметкерлері теориялық және практикалық емтихандарсыз жүргізуші куәліктерін рәсімдеуге заңсыз жағдай жасағаны мәлім болған. Олардың қызмет құны 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін жеткен. Нәтижесінде кемінде 500 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алып, қылмыстық топтың табысы 150 миллион теңгеден асқан. Тергеу барысында күдіктілердің 200 миллион теңгеден астам мүлкіне тыйым салынып, іс бойынша 15 тұлға айыпталушы деп танылған.

жүргізуші куәлігі сот үйқамақ ХҚКО

Оқылып жатыр

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырған

ТОП посты

Қалаға айналатын ауылдар тізімі

19 марта, 2024847 рет оқылды

Апатты аймақтың тұрғындары елеусіз қала бере ме ?

26 февраля, 2024676 рет оқылды

Әкімдер қатаң сөгіс алды

30 марта, 2024548 рет оқылды

«Су емес у ішіп отырмыз» Түркістандықтардың жан айқайы

24 марта, 2024510 рет оқылды

Оразаға бір апта қалды: нені білу қажет

3 марта, 2024473 рет оқылды

Экологиялық эмиссия салығын көбейту керек

14 марта, 2024451 рет оқылды

Жиырма бес мың жетімнің көз жасы!..

4 марта, 2024439 рет оқылды

Құс фабрикасы немесе адам өмірі?

1 августа, 2024334 рет оқылды

Қазақстан қаптаған ескі қарулар мен әскери ұшақтарын сатып жатыр

17 марта, 2024330 рет оқылды

Қоянды әкімдігі қыста қар тазалауға 30 млн тенге бөлген

31 марта, 2024312 рет оқылды
Новости

Қазақстанда акушерлер, педиатрлар және анестезиологтар тапшы

Басты тақырып 12 мая, 2026

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Елде білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген…

Биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектардан асады

12 мая, 2026

Шымкентте колледж басшылары мен бухгалтерлер 1,3 млрд бюджет қаражатын жымқырған

12 мая, 2026

ҰҚК сәуір айында ірі көлемдегі қару-жарақты қолға түсірді

12 мая, 2026

Қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның ЖІӨ өсімі 3,6%-ды құрады

12 мая, 2026

Маңғыстауда екі мыңжылдық тарихы бар көне қала табылды

12 мая, 2026

Рыбакина әлемнің экс 1-ракеткасын ойсырата жеңді

12 мая, 2026

Демалыс күндері Қазақстанда күн райы қандай болады

8 мая, 2026

Ақтөбеге шұғыл қонған халықаралық рейске байланысты тексеріс басталды

8 мая, 2026

Парламент «ҚР Президенті туралы» заң жобасын мақұлдады

8 мая, 2026

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды

8 мая, 2026

Астанада 9 мамырға орай қандай іс-шаралар өтеді

8 мая, 2026

154 кг марихуана: Семей тұрғыны гаражын есірткі қоймасына айналдырған

8 мая, 2026

Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден элиталық дивизионға шықты

8 мая, 2026

Бауыржан Байбек жаңа қызметке тағайындалды

8 мая, 2026

Хантавирус анықталған лайнердегі жолаушылар саяхатты жалғастырады

7 мая, 2026

Енді әр азамат қандай жеке деректері ашық тарап кеткенін тексере алады

7 мая, 2026

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

7 мая, 2026

«Мен де қосыламын»: Рыбакина теннисшілердің бойкотына үн қосты

6 мая, 2026

Алан – Қазақстанда жаңа туған ұл балаларға ең жиі берілетін есім

6 мая, 2026
Бізге жазылыңыз
  • Facebook
  • Instagram
  • YouTube
  • TikTok
  • Telegram
Мерзімді баспасөз басылымын, ақпарат агенттігін және желілік басылымды есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.
Ақпарат агенттігін есепке қою туралы КУӘЛІК №KZ59VPY00114494 Берілген күні: 11.03.2025 Астана қ.

Пайдалы сілтемелер

  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • RUS
  • Біз туралы
  • Байланыс
Сайт картасы
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Басты
  • Саясат
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Әлем
  • Төтенше жағдай
  • Қоғам
  • Қылмыс
Әлеуметтік желілер
Facebook Instagram TikTok Telegram YouTube

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.