Астана. 7 тамыз. BM.KZ – Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба 2024 жылғы желтоқсанда бекітілді. Ұлттық жобаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін мемлекет басшысы 17 шілдеде заңға қол қойып, ол 29 шілдеде күшіне енді. Алдын ала бағалау бойынша Ұлттық жобаны 5 және одан да көп жылға жүзеге асыруға 13 трлн теңгеден астам инвестиция тарту қажет. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында айтты. Ол қаражат 86 мың шақырым коммуналдық желілерді жөндеу және салуға, жиынтық көлемде 7,3 Гвт қосымша генерациялау көздерін іске қосуға жұмсалақ. Қаражатты 4 қаржы көзінен тарту қарастырылып отыр. Олар: — отандық және халықаралық…
Автор: erimbetkaz
Астана. 7 тамыз. BM.KZ – Әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерінің қолданыстағы шарттарын сақтауды, өзгерістердің кейіннен күшіне енуіне жол бермеуді талап етіп, петиция жариялады. Петиция gosrating.com сайтында жарияланған. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үй төлемдері бойынша қазіргі жағдайды нашарлатпай сақтап қалуды, қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге әсер ететін өзгерістердің кейіннен күшіне енуіне жол бермеуді талап еткен. Сондай-ақ, кез келген реформаны әзірлеу кезінде әскери қызметшілердің пікірін ескеріп, Қорғаныс министрлігі, әскери қызметшілер мен қоғам өкілдерінің қатысуымен ашық талқылау өткізуді сұрайды. Өз азаматтарының қауіпсіздігі үшін күн сайын өмірін қатерге тігетін жандар алдында мемлекет өз міндеттемелерін орындауға тиіс деп санайды. Айта кетейік, 1 шілдеден бастап қызметке кірген…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазалы мәдени-демалыс кешені – жаңа тыныс, жаңа серпін Жуырда ашылған Қазалы мәдени-демалыс кешені аудан тұрғындары мен қонақтарының сүйікті орнына айналды. Кешен екі негізгі бөліктен тұрады: Жеңіс саябағы және отбасылық демалыс саябағы. Жеңіс саябағы Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай ашылса, отбасылық саябақтың ашылуы 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне тұспа-тұс келді. Кешен аумағында «Құрметті азаматтар» тақтасы, «Хан тағы», ротонда, пергола,…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Тбилисиде өткен аптаның соңынан бері іздестірілген қазақстандық Шыңғыс Мұсаділов бүгін өлі табылған. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Айта кетейік, 27 жастағы жерлесімізді куәгерлер соңғы рет 31 шілдеден 1 тамызға қараған түні Руставели даңғылындағы Laila клубының маңында көрген. Достары мен әріптестерінің айтуынша, ол Темірлан есімді досымен бірге ішімдік ішіп, артынан шамамен таңғы сағат 05:00 шамасында жоғалып кеткен. Сол уақыттан бері үйге де келмей, жұмысқа да еш ескертусіз шықпай қалған. Әдетте мұндай қылық көрсетпейтіндіктен, Шыңғысты іздестіру шаралары басталған. Шыңғыстың нақты қай жерде, қандай жағдайда табылғаны және не себеп болғаны жайында егжей-тегжейлі еш ақпарат айтылмайды.
Шараға еліміздің белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ ғарыш саласының ардагерлері мен өкілдері қатысты. Олардың арасында Тоқтар Әубәкіров пен Айдын Айымбетов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев болды. Бұл туралы Қазақпарат жазды. Ерлан Қарин аты аңызға айналған ұшқыш-ғарышкер, мемлекет және қоғам қайраткері Талғат Мұсабаевтың қайтыс болуына байланысты президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көңіл айту жеделхатын оқып берді. Сондай-ақ, Халық қаһарманы, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров жиналған жұрт алдында сөз сөйледі. — Ол шынайы батыр еді. Талғат туралы естелік Қазақстан мен Ресейде ғана емес, бүкіл ғарыш қауымдастығында сақталады. Ғарыш әлемі — біртұтас. Ғарышкерлер қай елде тұрса да, қай ғарыш…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Мемлекеттік кірістер комитеті мен Автомобиль жолдары комитетінің төрағалары жұмыстарын тиісті деңгейде ұйымдастырмағаны үшін жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Үкіметтегі халықаралық автокөлік өткізу пункттерін реконструкциялау жөніндегі мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы бойынша жиында белгілі болды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, биылғы жоспарда Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекараларындағы (ҚХР, Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан) 9 өткізу пунктін реконструкциялау жұмыстары тұр. Бүгінде олардың төртеуінде: Қапланбек, Атамекен, Қалжат және Алакөл пункттерінде жұмыстар аяқталған. Бес нысанды жаңғырту жұмыстары жыл соңына дейін бітпек. «Жібек жолы» жолаушылар өткізу пунктін реконструкциялау жоспардан тыс жүріп жатыр, оны 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында аяқтау көзделіп отыр. Жаңғырту жұмыстары кезінде алтыжолақты кірме…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – 2025 жылғы 11 тамыздан бастап елімізде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу тәртібі өзгереді. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі бұл қызметті толығымен онлайн-форматқа ауыстырады. Бұл шешім азаматтардың дербес деректерін қорғау деңгейін арттыру және жеке цифрлық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ол электрондық қолтаңбаны бөгде тұлғаларға алу жағдайының алдын алады. Бұрын ЭЦҚ кілттерін онлайн да, ХҚКО-да да алуға болатын. Енді бұл процедура толықтай онлайн форматқа көшірілді. ЭЦҚ-ны онлайн алу жолы: egov.kz немесе pki.gov.kz порталына кіріңіз; Онлайн өтінім жіберіңіз; Биометриялық сәйкестендіруден өтіңіз – жүйе камера арқылы бет-әлпетіңізді таниды. Егер тұлға сәтті расталса, ЭЦҚ кілті бірден, ХҚКО…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Бүгін Қазақстан қақпашылар мектебінің жарқын өкілі, қазақ футболының әйгілі тұлғасы Құралбек Досжанұлы Ордабаев 76 жасқа толды. Құралбек Ордабаев 1949 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 1968 жылы жергілікті «Металлург» командасында кәсіби мансабын бастаған. Ол кезде бұл клуб КСРО чемпионатының «А» класының екінші тобында бақ сынайтын. 18 жасында-ақ негізгі құрамға ілінген жас қақпашы алғашқы маусымында 18 матч өткізіп, ойын саны бойынша тәжірибелі Евгений Швырковтан кейінгі көрсеткішке қол жеткізді. Ал келесі жылы командасының негізгі қақпашысы атанды. 1971 жылы алматылық «Қайрат» сапында алғаш рет Минскінің «Динамосына» қарсы алаңға шықты. Араға бір ай салып, Киевтің «Динамосымен» өткен ойында Жоғарғы лигадағы…
Астана. 6 тамыз. BM.KZ – Оны «Внуково» әуежайында Ресейдің Тікелей инвестициялар қорының басшысы, Ресей президентінің шетел мемлекеттерімен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Кирилл Дмитриев қарсы алды. Бұл туралы ТАСС агенттігі келіссөздерге жақын дереккөзге сілтеме жасап хабарлады. Бұған дейін Уиткофф Ресей президенті Владимир Путинмен 4 рет кездескен. Алғашқы кездесу 11 ақпанда, одан кейін екінші және үшінші рет 13 наурыз бен 11 сәуірде өткен еді. Соңғы рет арнайы өкіл 25 сәуірде Кремльде болып, Мәскеу мен Киев арасындағы тікелей келіссөздерге қайта оралу мүмкіндігін талқылаған. NBC News телеарнасы келіссөздердің барысымен таныс үш шенеунікке сілтеме жасап, америкалық дипломат Ресей президентімен болған үш кездесуде ресейлік аудармашылардың…
Астана. 5 тамыз. /Ербол Тұрымбет/ BM.KZ – Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан Қытай автокөліктерін импорттаушы елдердің қатарында үздік ондыққа кірді. Қытайдың автокөлік ақпарат платформасы Yiche жариялаған деректерге сүйенсек, қаңтар-маусым айларында біздің ел Қытайдан 77 600 автокөлік сатып алған. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам артық. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қарқынды өсімге Қытай автокөліктерінің қолжетімділігі мен жаңа модельдерге сұраныстың артуы әсер еткен. Жалпы, осы кезеңде 3,08 миллион автокөлікті шетелге экспорттап, 10,4 пайыздық өсімге қол жеткізген. Оның ішінде электрлі көліктердің үлесі ерекше – 1,06 млн-ға дейін, яғни 75%-ға ұлғайған. Қазақстан көрші елден автокөлік импортын арттырған елдер қатарында оныншы орынға тұрақтады. Рейтингтің алғашқы…