Астана. 5 тамыз. /Ербол Тұрымбет/ BM.KZ – Биылғы бірінші жартыжылдықта Қазақстан Қытай автокөліктерін импорттаушы елдердің қатарында үздік ондыққа кірді. Қытайдың автокөлік ақпарат платформасы Yiche жариялаған деректерге сүйенсек, қаңтар-маусым айларында біздің ел Қытайдан 77 600 автокөлік сатып алған. Бұл көрсеткіш былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда екі еседен астам артық. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қарқынды өсімге Қытай автокөліктерінің қолжетімділігі мен жаңа модельдерге сұраныстың артуы әсер еткен. Жалпы, осы кезеңде 3,08 миллион автокөлікті шетелге экспорттап, 10,4 пайыздық өсімге қол жеткізген. Оның ішінде электрлі көліктердің үлесі ерекше – 1,06 млн-ға дейін, яғни 75%-ға ұлғайған. Қазақстан көрші елден автокөлік импортын арттырған елдер қатарында оныншы орынға тұрақтады. Рейтингтің алғашқы…
Автор: erimbetkaz
Астана. 5 тамыз. /Әсел Мәлік/ BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Ақорда. Түрікменбашы әуежайында президентті Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды. Қос тарап аз-кем әңгімелесіп, қазақ-түрікмен ынтымақтастығының даму қарқынын талқылады. «Құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич, Сізбен қасиетті түрікмен жерінде, бауырлас Түрікменстанда қайта жүздескеніме қуаныштымын. Шақыруыңызды шын ниетпен қабыл алдым. БҰҰ Бас хатшысының қатысуымен осындай форум өткізу – үлкен жетістік. Бұл 30 жылдан бері бейтарап саясат ұстанып келе жатқан Түрікменстанның халықаралық абырой-беделі жоғары екенін көрсетеді. Қазақстан аталған саясатты толығымен қолдайды», – деді Қасым-Жомарт…
Астана. 5 тамыз. /Ербол Тұрымбет/ BM.KZ – Сертификаттарды беруді цифрландырудың арқасында 20 млрд теңгеге жуық қаражат көлеңкелі экономикадан шығарылды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун Үкімет отырысында айтты. Ол қазір сауда саласында әр түрлі мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтің 66 түрі бар екенін атап өтті. Вице-министрдің сөзінше, цифрландыру алдында министрлік реинжиниринг процестеріне қатысты жұмыстар жүргізеді. Мысал ретінде «электронды сертификат» кейсін айтуға болады. Ұзақ уақыт бойы бұл салада «сұр» сертификаттар тіркеусіз және нақты өлшемсіз жаппай шығарылды. Сондай-ақ, құжаттардың түпнұсқалығын тексеру үшін бірыңғай деректер базасы болмады. 2024 жылы реинжиниринг іске асырылғаннан кейін процесс толығымен цифрландырылды. Нәтижесінде «Техникалық…