Қазақ кинематографиясында жаңа үрдістер байқалып, саланың дамуында өзгерістер кезеңі басталды. «Қазақфильм» бұрынғы абыройын қайтара ала ма? Балаларға арналған фильмдер саласында ахуал қалай? Киноөнер қайраткерлеріне мемлекеттік қолдау қажет пе? Жас режиссерлер арасынан кімдерге назар аудару керек? Осы және өзге де сұрақтарды BM.KZ тілшісі белгілі кино сыншысы Кәрім Қадырбаевпен талқылады. – Кәрім мырза, әңгімемізді қазіргі қазақ киноиндустриясының жағдайынан бастасақ. Қазір бәрі жақсы ма, жаман ба, әлде қалыпты деңгейде ме? Кино сыншысы ретінде сіз қалай бағалар едіңіз және қандай негізгі үрдістерді байқадыңыз? – «Жақсы» не «жаман» деп біржақты айту дұрыс болмас. Өкінішке қарай, киноның қалай дамуы керек екенін айқындап беретін ережелерді ешкім жазбайды.…
Автор: erimbetkaz
Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Халықаралық террористік ұйым қызметіне қатысты деген күдікті Қазақстан азаматы кеше ҰҚК қызметкерлерінің сүйемелдеуімен Астана қаласына жеткізілді. Бұған дейін ол Таяу Шығыс елдерінің бірінде ұсталған болатын. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 257-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Бүгінде сот санкциясымен қамауға алынған. Іс құпиялығына сәйкес, бұдан өзге ақпарат жарияланбай отыр.
Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Елімізде 239 кәсіпорын 3,5 мыңнан астам жұмысшыға 1,3 млрд теңге қарыз. Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша кәсіпорындардың осынша жалақы бере алмай отырғанын анықтаған. Сондай-ақ, түрлі ұйымда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 4 мыңнан астам дерегі тіркелген. «Құқықбұзушылыққа жол берген кәсіпорын басшыларына 2 287 ұйғарым беріліп, 277 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Жалақы берешегін өтеу бойынша қатаң кестелер енгізудің нәтижесінде 3,4 мыңнан астам жұмысшының құқығы қорғалып, оларға 1,1 млрд теңге төленді», – деп жазылған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында. Айта кетейік, биылғы 1 тамыздағы деректер бойынша, мемлекеттік еңбек инспекторлары…
Астана. 11 тамыз. BM.KZ – Президент тапсырмасымен елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтердің бір бөлігі Абай облысының сумен қамту жүйесін дамытуға бағытталды. Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан өңірге 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлді. Бұл қаражатқа 21 жоба іске асырылмақ. Оның жетеуі Семей қаласында жүзеге асырылып жатыр. Қалғандары ауылдық жерлерде орындалады. Атап айтқанда, Бородулиха, Үржар және Абай аудандарында су желілері тартылмақ. Жобалардың мақсаты – тұрғындардың тұрмыс сапасын көтеру, коммуналдық қызметтерді қолжетімді ету және инфрақұрылымды жаңарту. Барлық нысан биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің дерегі бойынша, Семей қаласында халықтың 95,5%-ы орталықтандырылған су жүйесіне қосылған, ал облыс ауылдарында бұл көрсеткіш 95%-ға…
Астана. 9 тамыз. BM.KZ – Қазақтың ұлы ойшылы, ағартушысы әрі кемеңгер ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына биыл – 180 жыл толуына орай Baimedia.kz ақпарат агенттігі Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ерекше флешмоб ұйымдастырды. Елімізде тұрып жатқан түрлі этнос өкілдері данышпан ақын шығармаларынан үзінділерді өз ана тілдерінде оқып берді. Мәселен, «Коперник» СҚО поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары Марина Тябус 14-қара сөзінің поляк тіліндегі аудармасын оқып берсе, СҚО ұлттық жаңғырудың 17-ші орта мектеп-кешені ұлттық бөлімі, неміс тілінің мұғалімі Наталья Кавун «Жүректе қайрат болмаса» өлеңінің неміс тіліндегі нұсқасымен таныс етті. Бұл аударма халқымыздың белгілі жазушысы Герольд Бельгердің нұсқасы екенін айта кетуіміз керек. Сонымен қатар, Абай…
Астана. 8 тамыз. BM.KZ – Бүгін Алматы облысындағы Үлкен ауылында Қазақстан тарихындағы алғашқы АЭС құрылысы салтанатты түрде басталды. Шара басында ұйымдастырушылар нысанның макетін таныстырып, оның болашақтағы көрінісін журналистерге көрсетті. Құрылыстың басталу салтанатына Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев және Қазақстан Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев қатысты. Агенттік төрағасының айтуынша, АЭС құрылысына тартылған жалпы инвестиция көлемі шамамен 14-15 млрд долларды құрайды. Сонымен қатар, әлеуметтік нысандар мен заманауи инфрақұрылымға қосымша 1 млрд доллар бөлінбек. «Росатом» инжиниринг дивизионының мамандары Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясы салынатын аумақта барлау жұмыстарына кірісті. Осылайша алғашқы қадам ретінде олар жер қыртысын зерттеу үшін ұңғыма бұрғылап,…
Астана. 8 тамыз. BM.KZ – Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті облыс прокуратурасымен бірлесіп, интернет арқылы Қазақстан аумағында заңмен тыйым салынған бейнематериалдарды дайындап, таратқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы Polisia.kz жазды. Бұл топ «модельдік агенттік» деген атаумен еліміздің 10-нан астам қаласында, соның ішінде Өскеменде де вебкам-студиялар ашып, ашық трансляциялар жүргізіп отырған. Олар 18 бен 25 жас аралығындағы қыздарды жұмысқа тартып, айына 2 млн теңгеге дейін табыс табатынын уәде еткен. Арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, ұйымдастырушылар 1 млрд теңгеден астам кіріс тапқаны анықталды. Тінту кезінде 120-дан астам компьютер, веб-камера, жарықтандыру құрылғылары және басқа да техникалар тәркіленді. Қазір бұл іске қатысы бар 14…
Астана. 8 тамыз. BM.KZ – Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстанда алғаш рет барлық мектеп пен колледжде балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг оқиғаларын азайтуға, білім беру ұйымдарында қауіпсіз, қолдаушы және өзара құрметке негізделген орта қалыптастыруға бағытталған отандық «ДосболLIKE» профилактикалық бағдарламасы енгізіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Бағдарлама балалардың әл-ауқаты индексінің қағидаттары мен халықаралық және отандық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және буллингке қарсы күрестегі үздік халықаралық тәжірибелерге сүйенеді. Бағдарламаның апробациясы еліміздің 9 өңіріндегі 50 мектепте жүргізіліп, буллингтің алдын алу жүйелері құрылды. Апробация нәтижесінде ең тиімді тәжірибелер Астана, Алматы қалалары мен Абай, Жамбыл облыстарының мектептерінде байқалды. Аталған мектептерде шағым → талдау → көмек…
Астана. 7 тамыз. BM.KZ – Есірткі таратуға күдікті деп танылған қазақстандықтардың жақындары қылмыстық істің мән-жайын жариялауға қарсы. Сыртқы істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталған Қазақстанның екі азаматының тағдыры туралы хабарлады. «Индонезия аумағында Қазақстанның екі азаматының ұсталуына байланысты мәселе ҚР Сыртқы істер министрлігінің және Индонезия Республикасындағы Қазақстан Республикасы елшілігінің ерекше бақылауында», – деп хабарлады СІМ BM.KZ редакциясының ресми сұрауына берген жауабында. Сыртқы саясат ведомствосының мәліметінше, оқиға туралы ақпарат алынған сәттен бастап елшілік жағдайды үнемі бақылауда ұстап, аталған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген қажетті шараларды қабылдап келеді. «Екі…
Пациенттер мен олардың туыстарының ашу-ызасынан жапа шеккен медицина қызметкерлері тек дене жарақаттарымен ғана емес, терең психологиялық зардаптардан да күйзеліп жүр. Олар әлі жазылмаған жараны қоздырмау үшін журналистермен кездесуден бас тартып, ішкі азаптарын жасырып бағады. Қостанайлық дәрігер Антон Кистанов Астанада ота жасатқаннан кейін туған қаласына оралды. Ол, бәлкім, өз тағдырының денсаулық сақтау саласын дүр сілкіндірерін елестете де алмаған болар. Хирург пациенттің кінәсінен операция үстелінде жатқанда, қоғамда дау-дамай өршіп, қазнет қызу пікірталасқа толды. Заңдар тез арада қатаңдатылып, ауруханаларда полиция қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ете бастады. Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев BM.KZ тілшісіне берген сұхбатында қабылдау бөлмелерінде полицияның болуы шынымен де тыныштық орнатқанын…