Шымкент. 14 тамыз. BM.KZ — Тілсіз жау Абай ауданы әкімдігі ғимаратының шатырын жалмап, 1200 шаршы метр аумақты күлге айналдырған. Жергілікті төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 2025 жылғы 14 тамыз күні сағат 03:19-да «112» құтқару қызметіне Шымкент қаласының әл-Фараби ауданындағы Тәуке хан даңғылы №3 мекенжайында орналасқан әкімшілік ғимараттан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сағат 04:58-де оқшауланып, 05:27-де толық сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 21 техникасы мен 88 қызметкері, Апаттар медицинасы орталығынан 1 техника және 3 маман, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардан 2 техника мен…
Автор: erimbetkaz
Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-маусым айларында өңірлерден елордаға тұрақты қоныс аударғандар саны 80,4 мың адамды құрады. Бұл- өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25%-ға көп және соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Астана екі жыл қатарынан өңірлерден қоныс аударушылар саны бойынша Алматыны басып озды. Биыл елордаға көшіп келгендердің басым бөлігі Ақмола облысынан (14,5 мың адам), Түркістан облысынан (7,9 мың) және Алматы қаласынан (7 мың). Ал бас қаладан өңірлерге кеткендер саны — 43,6 мың адам. Көшу бағыты бойынша көш басында: Ақмола облысы (11,5 мың), Алматы (5,7 мың) және Түркістан облысы (3,9 мың). Нәтижесінде елордаға таза…
Шымкент. 13 тамыз. BM.KZ – Оқиға бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрларда Руслан Берденовтың көлікті айналып қашып бара жатқаны, ал Ернар Жиембайдың аңшы мылтығымен оны қуып, қатарынан бес рет оқ атқаны көрінеді. Бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот отырысында алғаш рет қастандықтың бейнежазбасы көрсетілді. 2025 жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының жанында оған қарулы шабуыл жасалған. Ол оң жақ сан және иық тұсынан жарақат алып, ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Ал оны атқан – Ернар Жиенай бұрын Берденовтің қоластында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры болған. Ол оқиға орнында ұсталып, әрекеті «кісі өлтіруге оқталу» ретінде бағаланып, қылмыстық…
Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Биылғы бірінші жартыжылдықта елімізде 13,8 мың тонна дәретхана қағазы өндірілген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың салыстырмалы кезеңінен 13,9%-ға төмен. Ал алдыңғы жылы керісінше, өндіріс көлемі 19,7%-ға өскен еді. Бұл туралы Energyprom.kz жазды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда биылғы нәтиже небәрі 3%-ға ғана жоғары. Былтыр Қазақстанда 31,9 мың тонна дәретхана қағазы шығарылған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 12,4%-ға артық. Дегенмен биылғы өндірістегі төмендеу елдің өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейіне әсер еткен. Биылғы қаңтар-мамыр аралығында отандық зауыттар ішкі нарықтағы және экспорттағы сұраныстың тек 44,7%-ын ғана қамтамасыз еткен. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен айтарлықтай 67%-ға аз. Импорттың үлесі бір жылда 33%-дан 55,3%-ға…
Шымкент. 13 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Руслан Берденовтің заңды өкілі Жеңіс Тыныбек соңғы сот отырысынан бері кей бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан біржақты мазмұндағы хабар таратылып жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, журналистер кей мәлімдемелерді контекстен бөліп алып, мемлекеттік органдардың беделін түсіруге бағытталған ақпарат берген. Қылмыстық жауапкершілік сіздерге де қатысты туындауы мүмкін. Себебі тексерілмеген ақпаратты жариялап отырсыздар. Егер ол (Ернар Жиенбай – ред.) ертең Джон Кеннедиді өлтірдім десе, сіздер оны бірден тарата салмайсыздар ғой, алдымен тексересіздер, – деді адвокат. Жеңіс Тыныбектің сөзіне қарағанда, олар бұл ақпараттық текетіреске дайын болған. Қарсы тарап Берденовке қатысты «үлкен ақпараттық соғыс» болатынын алдын ала ескерткен. Кездесу болмаса, ақпараттық…
Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің наркотизмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша отырысы өтті. Сарапшылардың айтуынша, наркотизм ұғымы тек нашақорлықпен шектелмей, әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және ұлттық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді қамтиды. Президент есірткіге тәуелді азаматтардың емдеу және сауықтыру шараларымен жеткілікті қамтылмай отырғанын атап өтіп, бұл проблеманы шешудің маңыздылығына тоқталды. Оның сөзінше, мұндай жандардың көпшілігі мен олардың жақындары жариялылықтан және қоғамның талқысынан қауіптеніп, мәселесін жасырады. Мемлекет басшысы жастар арасында есірткіні насихаттауға жол берілмеуі керектігін айтып, интернет пен медиа индустрияда тыйым салынған заттар мен ішімдікті дәріптейтін жағымсыз үрдістердің белең алғанына назар аударды. Жиында есірткімен байланысты құқықбұзушылықты анықтау, жолын кесу…
Шымкент. 13 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ – Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша сот процесі өтіп жатыр. Бұл жолы сотқа куә ретінде әкімдік қызметкері мен Руслан Берденовтің көмекшісі келді. Іске қатысушы прокурорлар куәлерден кезектеп жауап алды. Олардың бірі күдікті Ернар Жиенбайдың ара-қатынасына қатысты және жұмыстан босатылуына байланысты жауап берді. «Басқарма басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев «Ернар Жиенбай өз өтінішін жазып, жұмыстан шығу керек» деген болатын. Осыған орай, «хабарласып біл» деді. Мен хабарластым. Ол кісі «бір ай уақыт берген еді ғой» деді. Мен басшыдан не себепті екенін сұрамадым», – дейді қалалық құрылыс нысандары мониторингі бөлімінің басшысы Аманғали Кенжебеков. Жәбірленушінің…
Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Үкіметі Каспий теңізі проблемаларын кешенді зерттеу жөніндегі мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» КеАҚ-қа 305 млн теңге бөлді. Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған қаулыға сәйкес, қаражат институттың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, гидробиология, гидрохимия, гидрометеорология және спутниктік мониторинг зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуге, сондай-ақ, оған жүктелген өзге де міндеттерді орындауға бағытталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған институт Каспий теңізінің экологиялық жағдайын кешенді зерттеп, балық қорының көлемін бағалау және сақтау әдістерін әзірлеу, ихтиофаунаны зерттеу, итбалықтардың жаппай қырылу себептерін анықтау және олардың популяциясын сақтау, теңіздің гидрологиялық үдерістерін бақылау, климаттың өзгеруін және оның экожүйеге әсерін талдау,…
БҚО. 13 тамыз. BM.KZ – БҚО-да ауыл тұрғындарының мал жаюға арналған жайылымы өздеріне қайтарылды. БҚО экономикалық соты жер дауын қарап, заңсыз берілген жерді ауылға қайтару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы жергілікті қоғам белсендісі, БҚО қоғамдық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ахметжан әлеумметтік желіде жазды. Оның жазуына қарағанда, 2024 жылы Бәйтерек ауданының Болашақ ауылы тұрғындары ауыл маңындағы жайылымның жекеменшікке өтіп кеткеніне наразы болып, арызданған. Олардың айтуынша, Бәйтерек ауданы әкімдігі 217 гектар көлеміндегі жерді жеке кәсіпкер Досым Кәрімовке негізсіз берген. Бұл жердің шекарасы үлкен көлге дейін созылып жатқандықтан, малдың суға қол жеткізуіне кедергі болған. Заң бойынша, халықтың қажетіне пайдаланылатын жайылым жекеменшікке берілмеуі тиіс. Дегенмен,…
Астана. 13 тамыз. BM.KZ – Алматының «Қайрат» футбол клубы Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі тарихи жеңіске қол жеткізді. Жауапты матчта қазақстандық команда Словакияның «Слованын» тізе бүктіріп, алғаш рет турнирдің плей-офф раундына шықты. Кездесу басталғаннан-ақ «Қайрат» шабуылға шықты. Жоржиньоның алғашқы қауіпті соққысы қақпа бағанынан кері қайтты. Дегенмен 30-минутта алаң иелері «Қайрат» қорғанысындағы қателікті пайдаланып, Роберт Мак гол соғып кетті. Матч әрі қарай тартысты өтті. Кездесуде төреші «Слованға» – 8, ал «Қайратқа» – 4 ескерту берді. Бір эпизодта алматылық қорғаушы Луиш Мата жарақат алып, екінші таймда ауыстырылды. Ойынның екінші бөлігінде қос команда да бірнеше қауіпті сәт жасады. «Слован» тағы бір рет бағанды дәл…