Автор: erimbetkaz

Шымкент. 15 тамыз. BM.KZ – Руслан Берденов ақпараттық кеңістікте өзіне қатысты тараған мәліметті теріске шығарды. Ол кеше ұсталған Шымкент қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасының бұрынғы басшысы Арман Әбдешовті «оның адамы» деуге негіз жоқ екенін айтты. Бұл туралы әлеуметтік желіде жазды. «Оның “менің адамым” екендігі жөніндегі кез келген мәлімдемелердің ешқандай негізі жоқ. Менің оған еш қатысым жоқ. Ол бұл лауазымға мен әкімдікке келгенге дейін тағайындалған», – деді Берденов. Осы тақырыпта жазған БАҚ өкілдері мен арна авторларын қандай да бір ақпаратты жарияламас бұрын деректерді мұқият тексеріп, жұртшылықты жаңсақ хабармен адастырмауға шақырды. Айта кетейік, кеше Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешевтің қамауға алынғаны…

Толығырақ

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен өтетін алғашқы кездесуден жақсы нәтиже күтетінін айтты. Алайда ол одан да маңыздысы – саммиттен кейінгі екінші кездесу болатынын мәлімдеді. Бұл кездесуге Украина президенті Владимир Зеленский мен Еуропа елдерінің кейбір лидерлері де қатысуы мүмкін. Трамптың айтуынша, Аляскада өтетін алғашқы саммит – кейінгі ауқымды келіссөздерге дайындық қана. Ол екінші кездесуді алғашқы саммиттен кейін мүмкіндігінше тез өткізуге ниетті екенін де жеткізді. «Бұл кездесуді көп ұзамай ұйымдастырған жөн. Мүмкін, Аляскада өткізіп қоярмыз, себебі бұл әлдеқайда ыңғайлы», – деді АҚШ президенті. Сонымен бірге Трамп Путинмен келіссөздерді сый ретінде қабылдауға болмайтынын қатаң  ескертті. «Путин мәміле жасағысы келеді. Егер…

Толығырақ

Астана. 15 тамыз. BM.KZ – «Қазгидромет» мәліметінше, Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ, Шымкент пен Алматы қалаларында өрт қаупінің ең жоғарғы – 5-деңгейі жарияланды. Елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр жауады. Солтүстік және шығыс аймақтарда күндіз қатты нөсер, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады. Тек Қазақстанның оңтүстігінде ғана ауа райы құрғақ әрі ыстық болады. ТЖМ тұрғындарға от жақпауға, ашық далада шылым шекпеуге, қураған шөп маңында от жағуға болмайтынын ескертеді.

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қала тұрғындарымен кездесу барысында жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына қатысты мәлімет берді. Оның айтуынша, қыркүйек айында алғашқы пойыздар тестілік режимде іске қосылады. «Ештеңе өзгерген жоқ. Қыркүйекте тестілік режимде алғашқы құрамдарды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Тестілеу қорытындысы бойынша нақты пайдалануға беру мерзімі анықталады. Әдетте сынақ кезеңі үш айдан алты айға дейін созылады», – деді әкім. Сонымен қатар, Жеңіс Қасымбек жолақы құнына да тоқталды. Оның айтуынша, LRT-дағы бір реттік сапар құны шамамен 200 теңге болады. «Жобада жолақы 200 теңгеге дейін деп қарастырылған. Дегенмен нақты тариф биылдың соңына дейін белгілі болады», – деп түсіндірді…

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық банкі Конституцияның 30 жылдығына орай арнайы коллекциялық монеталарды айналымға шығарды. ҚҰБ мәліметінше, монеталар «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясының аясында дайындалған. Ата Заң – Қазақстанның тәуелсіздігінің іргетасы, құқықтық мемлекет пен демократиялық институттардың қалыптасуын айшықтайтын тарихи құжат. Осыған орай шығарылған мерекелік монеталардың бет жағында ашық кітап түрінде бейнеленген Конституция және Қазақстан картасының контуры аясындағы «30» саны бейнеленген. Картаның ортасына күнді бейнелейтін шаңырақ орналастырылған. Ал монеталардағы «30» саны алтын жалату технологиясымен жасалған. Ұлттық Банк екі түрлі нұсқадағы монеталарды таныстырды. Біріншісі – 925 сынамды күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 миллиметр, номиналы 1 000…

Толығырақ

Шымкент. 14 тамыз. BM.KZ — Бүгін Шымкенттің бас сәулетшісі Арман Әбдешовтің ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бірқатар БАҚ мәліметінше, ол сеніп тапсырылған мүлікті иемденді немесе ысырап етті деген күдікке ілінген. ҰҚК бұл жағдайға қатысты түсініктеме беруден бас тартып, тек ресми сауалға ғана жауап берілетінін хабарлады. Ал BM.KZ дереккөздері Әбдешовтің қамауға алынғанын бейресми түрде растады. Ал оның ұсталуына Шымкенттегі қазіргі қызметі емес, бұрынғы Жамбыл облысындағы ісі себеп болған көрінеді. Нақтырақ айтқанда, әңгіме Тараз қаласының бас жоспарын әзірлеу конкурсына қатысты болып отыр. BM.KZ редакциясы шенеуніктің қамауға алынуына байланысты құзырлы органдарға ресми сауал жолдап қойды.

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ – Ресей президентінің сыртқы саясат жөніндегі көмекшісі Юрий Ушаковтың айтуынша, Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың 15 тамызда Аляскада өтетін кездесуі барысында негізгі тақырып Украинадағы жағдайды реттеу болады. «Саммиттің күн тәртібіне келсек, баршаға белгілі, басты мәселе – Украинадағы дағдарысты реттеу. Сондай-ақ, кездесуде Кремльде 6 тамызда өткен, АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф қатысқан талқылау да ескеріледі», – деді Ушаков. Оның сөзінше, кездесуде бұдан бөлек әлемдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған кең ауқымды мәселелер, сондай-ақ ең өзекті халықаралық және өңірлік тақырыптар қозғалады.

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Дәрігерлердің айтуынша, балаға енді ұзақ уақыт оңалту қажет. «Бір ай бойы қатаң төсек тәртібін сақтау керек. Кейін тұрғылықты жері бойынша оңалту орталығында бір жылға дейінгі кезеңде реабилитация қажет болады», – делінген ресми ақпаратта. Ал анасының жағдайы әлі де ауыр. Ол қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оған бірнеше ота жасаған. Еске салайық, қайғылы оқиға 30 шілдеде болған еді. Әйел бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен екі ұлын лақтырып жіберген, кейін өзі де секірген. Үшеуі де шатырға құлаған. Балалардың бірі ауруханада көз жұмды.

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Себебі, қала тұрғындары жиі шағымданатын болған. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Алматы ауданының халқымен кездесу барысында айтты. Әкімнің айтуынша, соңғы жылдары спорттық шаралар мен оған қатысушылар саны айтарлықтай өскен. Дегенмен әр демалыс сайын орталық көшелерді жабу тұрғындардың наразылығын туғызып отыр. «Алдағы уақытта мұндай ауқымды жүгіру жарыстары жылына бірнеше рет қана өтетін болады. Әр жексенбіде Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшелерін жабу дұрыс емес. Көпшілік оған наразы. Сондықтан енді марафондарды барынша айналма жолдарға, велосипед жолдары мен басқа да тротуарларға көшіреміз. Белгілі бір жоспарлар бар», – дейді Жеңіс Қасымбек. Осылайша, қала билігі спорттық шараларды сақтай отырып, тұрғындарға қолайсыздық…

Толығырақ

Астана. 14 тамыз. BM.KZ — Италияда әлемдегі ең ірі жүк ұшағы саналатын WindRunner жобасы жүзеге асырылмақ. Бұл ерекше әуе кемесі заманауи электр станцияларына арналған алып жел турбиналары сияқты үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдауға бейімделеді. Сарапшылардың айтуынша, жоба авиация мен жаңартылатын энергия саласында жаңа кезеңнің басталуына жол ашады, деп жазады initalia.virgilio.it. Жобаны АҚШ-тағы Radia стартапы әзірлеп жатыр. 2016 жылы MIT профессоры Марк Лундстром негізін қалаған бұл компания Дүниежүзілік экономикалық форумда «өсу әлеуеті жоғары» кәсіпорын ретінде танылған. Олар жаһандық мәселелерді шешуде жаңашыл тәсіл қолданудың арқасында осындай мәртебеге ие болып отыр. Ұшақтың өзіне келсек, WindRunner ұзындығы – 108 м, қанат құлашы – 80 м,…

Толығырақ