Астана. 19 тамыз. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесіп, Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы DW жазды. Зеленский бұл мәлімдемені «үлкен қадам» деп бағалап, соғыстан кейінгі Украинаға қауіпсіздік кепілдігін беру мәселесінде АҚШ-тың қолдауына сенім білдірді. Сонымен қатар, Зеленский Трамптың тұтқындар алмасу процесіне араласып, «барлығын барлығына» принципімен әскери тұтқындардан бөлек, бейбіт тұрғындар, журналистер мен саяси тұтқындарды да қайтаруға көмектесуге дайын екенін айтты. Президенттің айтуынша, Ресей әкеткен украин балаларының елге оралуы – келіссөздегі маңызды тақырыптардың бірі. Ал территория мәселесі Путинмен жеке талқыланбақ.
Автор: erimbetkaz
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Атом энергиясы жөніндегі агенттік Алматы облысының Жамбыл ауданында салынуы жоспарланған атом электр станциясына атау беру бойынша жалпыхалықтық конкурсты ұйымдастыру жұмыстарына кірісті. Президент ұсынысына сәйкес, агенттіктің бұйрығымен 29 тамызға дейін конкурсты өткізу алгоритмін және оның мерзімдері мен ұсыныстарды қабылдау және қарау тәртібін қамтитын ережелер жобасын әзірлеу тапсырылған жұмыс тобы құрылды. Сондай-ақ, құрамына қоғам өкілдері, креативтік индустрия мамандары, атом энергетикасы, филология және тарих салаларының сарапшылары кіретін конкурстық комиссия құру жүктелді. Агенттік сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары мен ресми байланыс арналарын пайдалана отырып, ақпараттық-түсіндіру науқанын жүргізеді.
Шымкент. 18 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ — Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің сотында бүгін жарыссөз өтіп, онда айыпталушы Ернар Жиенбай алдыңғы ұстанымынан айнымайтынын тағы нақтылады. Алайда өзінің жасаған ісін дұрыс деп айта алмайтынын да мәлімдеді. «Алдыңғы сотта Жеңіс ағамыздан (Жеңіс Тыныбек, берденовтің заңды өкілі – ред.) ота жасау фотосын көрдім. Шынын айтсам, жүрегім ауырып кетті. Көп сұрақ қойып, талас-тартыс жасаудың керегі жоқ деп ойлаймын. Басында айтқан өз сөзімде қаламын. Алайда жігіт ретінде Құран ұстап та, детектормен де айта аламын. Менің ісімді басқа жастар істемесін. Әйелдеріңізбен ұрыссаңыздар, одан да ажыраса салыңыздар. Менің адам өлтіру деген пиғылым болмаған. Болмайды да”, -…
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берген тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша цифрлық штаб отырысын өткізді. Цифрлық штабтың шешімімен мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялаудың кешенді жоспары, жасанды интеллект деректер массивтерімен жұмыс істеу регламенті және оны жүзеге асыру жоспары бекітілді. Сондай-ақ, Smart Data Ukimet бойынша мемлекеттік деректерді біріктіру бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімдері анықталды. Жаңа хэштеу әдісін қолданатын интеграция биылғы 1 қыркүйегінде аяқталуы керек, ал барлық дерек осы жылдың 1 желтоқсанына дейін платформаға берілуге тиіс. Сонымен қатар, жоспарда осы жылдың 15 қыркүйегіне дейін мемлекеттік органдар қызметкерлерінің AITU ұлттық мессенджеріне көшуі қарастырылған. «Мемлекеттік органдардың…
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Жексенбі күні Израильде жүздеген мың адам бүкілұлттық наразылық акциясына шығып, Газадағы тұтқындарды босату жөнінде келісім жасасуды талап етті. Бұл туралы BBC жазды. Наразылар негізгі жолдарды жауып, пойыз қозғалысына кедергі келтірді. Иерусалим мен Тель-Авивтегі көптеген кәсіпорын жұмысын тоқтатты. Ең ірі шеру Тель-Авивтегі «Тұтқындар алаңында» өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, үкіметтің Газаны бақылауға алу жоспары ХАМАС әлі де ұстап отырған шамамен 20 тұтқынның өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху наразылықтарды сынға алып, мұндай әрекеттер «ХАМАС-тың позициясын күшейтіп, тұтқындарды босатуды кешеуілдетеді» деп мәлімдеді. Сол күні Тель-Авивте арнайы жасақ премьер-министрдің «Ликуд» партиясы штабының жанындағы митингіні күшпен таратты. Бұл акция соңғы…
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басқарма төрайымы Ләззат Танысбай 6 жылдан соң қызметінен кетіп бара жатқанын мәлімдеді. Қазақ телевизиясының қарашаңырағы саналатын ұйымда бұған дейін талай жетекшілердің өзіне лайық қолтаңбасы қалды. Бұл сабақтастық жалғасын табуы қажет. Уақытпен бірге басшылардың да алмасып, ұйым жұмысына жаңа тыныс, жаңа серпін беріліп отыруы керек деп есептеймін. Бұл шешіміме қолдау білдірген сала министріне алғыс айтамын. Мен әрі қарай да отандық телевизия саласының дамуына еңбек етемін», – деді ол корпорация жетекшілерімен кездесуде. Л.Танысбай «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясын 2019 жылдың сәуірінен бері басқарып келді. Ол енді бүгіннен бастап «Евразия» Бірінші арнасына» жетекшілік етеді. Бұл – 1997 жылдан…
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Қазақстанда жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттары жоспардан тыс тексеріледі. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді. Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында жалпы мақсаттағы авиация эксплуатанттарының 49 әуе кемесі тексеріске алынбақ. Жаппай жүретін шара ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ, жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшу жарамдылығын бағалайтын ұйымдардың қызметі де қаралмақ. Сонымен қатар, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 2025 жылғы 22 маусым мен 17 тамызда болған авиациялық оқиғаларға тікелей қатысы бар әуе кемелері пайдаланушыларының жұмысын тоқтатты. Айта кетейік, 17 тамызда Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлап, салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы – қайтыс болған еді.
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Руслан Берденовтің сотында бүгін түстен кейін жарыссөз басталып, онда мемлекеттік айыптаушы Ернар Жиенбайды адам өлтіруге оқталғаны үшін кінәлі деп танып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, ҚР ҚК 24-бабы 3-тармағы, 99-баптың 1-тармағы бойынша осындай жаза қарастырылып отыр. Өйткені, адам өлтіруге оқталса, онда кісі өлтірген жағдайдағы жазаның үштен бірі қарастырылған. Сондықтан, 24-баптың 3-тармағында көзделген 8 жылдан 15 жылға дейінгі жазаның төрттен үші, яғни, 11 жыл 3 ай лайықты деп есептейді. Ал Берденовтің адвокаты Жеңіс Тыныбек оған келіспейтінін мәлімдеді. “Іс қосымша ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағымен саралануы керек еді. Себебі, атыс адам жүретін жерде болған. Айтылған…
Шымкент. 18 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ — Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық бойынша кезекті сот отырысы басталды. Бұл жолы да Берденов денсаулығына байланысты сотқа онлайн қатысты. Оның сөзінше Жиембайды тек 3 рет қана көрген. Екінші жолыққанда «өзі жұмыстан кетемін» деген көрінеді. “Бірінше рет жиналысқа инспектор Асанбай Ахметаевпен бірге келді. Мен есеп сұрағанда, есеп бере алмады. Екеуі ғана болды жиналыста, есеп бере алмай екеуі ұрысып кетті. «Бұлай жұмыс істей алмаймыз» дедім. Содан кейін өзі «жұмыстан шыға салайын» деп айтты”, – дейді Берденов. Жәбірлерушінің айтуынша, Жиенбайдың өзі “кумирімсіз” деп айтқан. Руслан Берденов кездесуге күдікті қайын ағасы арқылы келісіп келгенін…
Соңғы кезде елімізде CryptoCity құру идеясы сөз болып жүр. Бірақ, аты ғана айтылғанымен, қандай болатыны, қалай жұмыс істейтіні туралы толыққанды мәлімет жеткіліксіз. Ал ондағы криптовалютамен сауда жасау идеясына қатысты күдік көп. Әсіресе, USDT-мен жүргізілуі мүмкін деген бартерлік сауда туралы сала сарапшысы Дәурен Қарашев жақсы талдап берді. Осыған байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәбісі министрлігінен жағдайды сұрап білдік. CryptoCity-де бартерлік сауда жоқ Министрліктің жауабына қарағанда, CryptoCity жобасы Қазақстан аумағында цифрлық активтердің айналымын қамтамасыз етуді және ашық әрі реттелетін операцияларды жүргізуге арналған экожүйе құруды көздейді. Жоба арнайы аймақ құруға бағытталған және ол Ұлттық банк жанындағы реттеуші қызмет («песочница») аясында апробациядан өтеді.…