Жетісу облысы. 20 тамыз. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) облыстық департаменті ауыл шаруашылығына арналған субсидияларды жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу мәліметінше, ЖШС басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, мемлекеттен сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияларды заңсыз алып отырған. Келтірілген залал көлемі 300 млн теңгеден асты. Шығындарды растау үшін «Ауыл шаруашылығы басқармасына» жеке кәсіпкерлерден шикі сүт сатып алу жөніндегі жалған есеп-қисаптар мен май өндіру бойынша жалған мәліметтер тапсырылған. Сонымен қатар тергеу барысында күдіктінің заңсыз алынған 110 млн теңгені құмар ойындарға жұмсағаны анықталды. Сот санкциясымен құны 300 млн теңгеден асатын зауытқа тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде…
Автор: erimbetkaz
Астана. 20 тамыз. BM.KZ — Абай облысының Үржар ауданында кәмелетке толмаған балаларға қатысты қайғылы жағдай тіркелді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2-7 жас аралығындағы үш бала көз жұмды. Сондай-ақ, 6-9 жас аралығындағы тағы 3 бала жарақат алып, қазір дәрігерлердің бақылауында қажетті медициналық көмек алып жатыр. Белгілі болғаны, зардап шеккендер екі отбасының балалары. Қайтыс болған үш баланың екеуі Жарма ауданының Жаңғызтөбе ауылынан ата-әжелеріне қонаққа келген, біреуі Үржар ауданының тұрғыны. Жарақат алған үш баланың екеуі Үржар ауданынан, біреуі Жарма ауданынан. Облыс әкімдігі тарапынан қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек те беріледі. Оқиға…
Астана. 20 тамыз. BM.KZ – Халықаралық теннис адалдық агенттігі (ITIA) Қазақстандық теннисші Арсланбек Айтқұловты төрт жылға спорттан шеттету туралы шешім қабылдағанын хабарлады. 21 жастағы спортшының қаңтар айында Дохада өткен ITF жарысы кезінде тапсырған сынамасынан екі түрлі тыйым салынған зат – лигандрол (анаболикалық агент) және метилгексанамин (стимулятор) табылған. Агенттік ойыншының бұл заттардың ағзасына кездейсоқ түскенін дәлелдей алмағанын атап өтті. Соған байланысты Айтқұлов допинг ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды. Айтқұловқа 2024 жылдың 23 наурызынан бастап уақытша шеттету шарасы қолданылған. Енді бұл мерзім негізгі жазасына есептеліп, оның толық дисквалификациясы 2028 жылдың 22 наурызына дейін жалғасады. Шешімге сәйкес, теннисші осы уақыт аралығында ATP,…
Астана. 19 тамыз. BM.KZ – Бүгіннен бастап Ақорданың ресми жаңалықтары ұлттық Aitu мессенджерінде де жарияланады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Aitu – Chocofamily Holding компаниясы әзірлеген қазақстандық мессенджер және супер-қосымша. Ол WhatsApp немесе Telegram сияқты жұмыс істейді, бірақ Қазақстанға бейімделген қосымша функцияларға ие. Aitu арқылы хабарламалар жіберіп, дауыстық және бейнеқоңыраулар жасауға, жаңалық арналарын, сервистер мен чат-боттарды қолдануға болады. Сонымен қатар eGov және басқа да сервистермен интеграцияланған, сондықтан шоттарды, айыппұлдар мен салықтарды төлеуге мүмкіндік береді. Қолданушыларға белсенділігі үшін Aitu Coin бонустары беріледі, оларды жеңілдіктер мен сыйлықтарға айырбастауға болады. Қосымшада ойындар да бар, олар да монета табуға көмектеседі. Сондай-ақ, әлеуметтік желі…
Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Елордада секундына 10 Гбит/с дейінгі (10G) сымдық интернетті сынауға арналған пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жоба Huawei Technologies Kazakhstan пен «Астана Innovations» АҚ арасында цифрлық шешімдер мен телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп дамыту туралы меморандум аясында жүзеге асырылып жатыр. Таныстыру барысында қатысушыларға 10G PON технологиясының ерекшеліктері мен артықшылықтары таныстырылып, жаңа буындағы оптикалық терминалдар, заманауи OLT және Wi-Fi 7 стандарты көрсетілді. Демонстрациялық аймақта қонақтар интернетті жеке сынап, қосылу жылдамдығын өлшеп, сервистердің тұрақтылығын бағалай алды. Желілік сынақтар 9490 Мбит/с дейінгі жүктеу және жүктеп салу жылдамдығын көрсетті, бұл ресурсты қажет ететін сервистердің, 8K бейнеден бұлттық…
Шымкент. 19 тамыз. /Әсел Мәдәліқызы/ BM.KZ – Руслан Берденовке оқ атқан Ернар Жиембайға қатысты үкім алдындағы соңғы сөздері тыңдалды. Ол өз сөзінде өкінетінін айтып, Руслан Берденовтан кешірім сұрады. «Бұл оқиға артқа оралса, мұндай жайтқа бармас едім. Өкінемін. Ақ қалаттылардың көмегімен Руслан Арысбекұлы биологиялық өлім таппады. Сондықтан қатаң жаза қолданбауыңызды сұраймын. Қолыммен жасағанымды мойныммен көтеремін. Руслан Арысбекұлының ресурсы көп болғанымен, менде Алла мен сенімім сізге, құрметті сот. Жеңіл жаза беруіңізді сұраймын», – дейді айыппалушы Ернар Жиембай. Сондай-ақ, алдыңғы отырыстарда айтқан бастапқы ұстанымынан таймайтынын жеткізді. «Мен өзімді есі дұрыс адам ретінде айта аламын, сараптама қорытындысы бар. Өзіммен-өзім тиіспеген адамға қаруымды алып оқ атқан…
Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Comfort Time» ЖШС және онымен байланысты кәсіпорындардың басшылығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Тергеу дерегінше, қылмыстық схеманың салдарынан банктерге 399 млн теңге залал келтірілген. Ұйымдастырушылар бірнеше заңды тұлғаны тіркеп, іс жүзінде еңбек қатынастарында болмаған азаматтардың атына жалған зейнетақы аударымдарын рәсімдеген. Соның негізінде банктер қарыз алушылардың табысы мен төлем қабілеттілігі туралы жалған мәліметке сүйеніп несие берген. Берілген несиелер үшін қарыз алушылар ұйымдастырушыларға қарыз көлемінің 10%-ына дейін «сыйақы» төлеп отырған. Көп жағдайда несие алушылар өз міндеттемелерін орындаудан жалтарған. Осылайша, барлығы 140 несие қайтарылмай қалған. Қарыз алушылардың басым бөлігі – жұмыссыз азаматтар…
Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде некеге мәжбүрлеуге қатысты 257 қылмыстық іс тіркелген. Олардың басым бөлігі – шамамен 95%-ы тергеу барысында тоқтатылған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады. Осыған байланысты мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойған заң аясында Қылмыстық кодекске жаңа 125-1-бап енгізілген. Енді қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу қылмыс болып саналады. Жаңа нормаға сәйкес, мұндай әрекет үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер ауыр зардаптар туындаса, жаза мерзімі 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, мәжбүрлі некеге тұру мақсатында әйелді ұрлау енді Қылмыстық кодекстің…
Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев теміржол локомотивтері паркін жаңарту туралы айтып берді. Бүгінде локомотивтер паркі 1,9 мың бірлікті құрайды. «Жаңарту бағдарламасына сәйкес, 2029 жылға дейін барлығы 456 локомотив сатып алу жоспарланып отыр. Локомотивтерді жеткізушілер – қазақстандық «Электровоз құрастыру зауыты», «Локомотив құрастыру зауыты» және Қытайдың CRRC компаниясы», — деді көлік министрі. АҚШ-тың Wabtec компаниясының деректері бойынша, қазір Қазақстанда қолданыста жүрген локомотивтер заманауи және тиімді техникалар, олар болашақтың тасымал талаптарына толық сәйкес келеді.
Астана. 19 тамыз. BM.KZ — Мемлекеттік аудиторлар ғылымды дамытуға бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылатынын тексерді. Аудит нәтижелері Жоғары аудиторлық палата отырысында қаралды. Жүргізілген аудит одан әрі жетілдіруді талап ететін бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді. Олардың қатарында стратегиялық жоспарлау, негізгі институттардың қызметі және саланы нормативтік реттеу бар. Мәселен, ғылымды қаржыландыру көлемінің 219 млрд теңгеге дейін өсуіне қарамастан, ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) жұмсалатын шығындардың үлесі төмен. Аудиторлар қолданбалы ғылыми әзірлемелер енгізуді жандандырып, оларды экономиканың нақты секторының сұраныстарына бейімдеу қажеттігіне де назар аударды. Бағдарламалық құжаттарда белгіленген ғылым саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары Ғылым және жоғары білім министрлігінің даму жоспарында толық көрініс…