Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Жалпы ұзындығы 22,4 шақырым болатын LRT негізгі желісінде рельс төсеу жұмыстары аяқталды. Бұл елорданың стратегиялық көлік жобасы құрылысындағы негізгі кезеңдердің бірі. Бұл туралы Астана әкімдігіне қарасты CTS компаниясы хабарлады. Барлығы №101-118 станция аралығында және олардың аралықтарында 89 600 погондық метр рельс төселді. Қазір рельстерді дәнекерлеу жүргізіліп жатыр, одан кейін олардың соңғы бекітуі басталады. Құрылыс барысында құрамында темір мөлшері жоғары көміртекті болаттан жасалған рельстер қолданылды. Олар жіксіз төсеу технологиясы тәсілімен алдын ала кернелген шпалдарға заманауи DTVII2-1 бекіту жүйесі арқылы орнатылды. Айтылған технология жылжымалы құрамның қозғалысы кезінде шу мен діріл деңгейін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл өз…
Автор: erimbetkaz
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Оқушыларды бір мектептен екінші мектепке ауыстыру енді eGov.kz электронды үкімет порталы арқылы қолжетімді болды. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, ата-аналар мен заңды өкілдер тұрғылықты жері бойынша ғана емес, одан тыс аумақтағы кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті онлайн түрде бере алады. Бұл үшін есептен шығару немесе бекіту талондарын, сондай-ақ, жеке іс құжаттарын тапсырудың қажеті жоқ. Өтініш берушілер оқу тілін таңдап, қажет болған жағдайда өтінішін қайтарып ала алады. Қызметті пайдалану үшін порталға тіркеліп, «Білім» бөлімінен «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» сервисін таңдау, электронды өтінішті толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою жеткілікті. Қызметтің нәтижесі «Жеке кабинетте» қолжетімді болады.
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — 17 тамызда коалицияға мүше елдердің көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы Аляскадағы кездесуден кейін Украинаға қолдау көрсету және бейбіт келіссөздердің келесі қадамдарын талқылау үшін жиналды. Бұл туралы Oxu.Az сайты Ұлыбритания үкіметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады. Мәлімдемеде коалиция өкілдері Трамптың Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беру жөніндегі ұстанымын жоғары бағалағаны айтылған. Сонымен қатар, олардың коалициясы Украинадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. «Олар ұрыс қимылдары тоқтағаннан кейін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін күштерді орналастыруға дайын екендерін тағы да растады. Сондай-ақ, Украина әуе және теңіз кеңістігінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қарулы Күштерін қалпына…
Астана. 18 тамыз. BM.KZ — Ақмола облысында жеңіл моторлы ұшақ құлап, салдарынан екі адам – ұшқыш пен жолаушы – қайтыс болды. Оқиға кеше болған. Бұл туралы Көліктегі ПД баспасөз қызметі мәлімдеді. Ресми ақпаратқа сәйкес, апаттан кейін өрт шықпаған. Қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша Астана станциясындағы желілік полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 344-бабының 3-бөлігі (Әуе көлігін пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен. Апатқа ұшыраған әуе көлігі — жекеменшікке тиесілі, UP-LA-229 маркалы аса жеңіл ұшақ. Тергеу мүддесіне сай, процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер…
Астана. 16 тамыз. BM.KZ – Fox News телеарнасына берген сұхбатында Ақ үй басшысы Украина мен Ресей президенттері бетпе-бет кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын және Владимир Зеленскийге «келісімге қол қоюды» ұсынатынын айтты, деп хабарлайды Deutsche Welle. АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Зеленский мен Путин жеке кездесіп, «бітімге келуге тырысуды» және Ресейдің Украинаға қарсы соғысына түпкілікті нүкте қоюды көздеп отыр. Бұл туралы ол 16 тамызға қараған түні Fox News арнасының эфирінде, Путинмен Аляскада өткен келіссөздерінің нәтижесі бойынша мәлімдеді. «Енді бәрі президент Зеленскийге байланысты. Сондай-ақ мен еуропалық елдер де аздап араласуы керек деп айтар едім. Бірақ бәрі Зеленскийге байланысты… Егер олар қаласа, мен де…
Астана. 15 тамыз. BM.KZ — Биыл Қазақстанда жаңартылған «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң қолданысқа енгізілді. Құжаттағы негізгі өзгерістерге келсек, сатып алу рәсімдерін жеңілдету, шағымдарды тікелей тендер ұйымдастырушыларына жолдау және нәтижелерді портал арқылы даулауға мүмкіндік беру болып отыр. Жаңа нормалардың басты мақсаты – сатып алу процесін оңайлату және шағымдардың санын азайту еді. Алайда статистика керісінше, 1,5 есе көбейгенін көрсетіп отыр. Ranking.kz жазуынша, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес, 2025 жылғы қаңтар-маусым аралығында мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік органдардың шешімдеріне қарсы бірінші инстанция соттарына түскен әкімшілік істердің жалпы саны 1,8 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен…
Астана. 15 тамыз. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың жыл сайынғы тамыз кеңесіне қатысып, білім беру саласын дамытуға қатысты бірқатар маңызды міндеттерді атады. Президенттің айтуынша, соңғы 4 жылда еліміздегі 4 мыңнан астам мектептің материалдық-техникалық базасы жаңартылған, оның басым бөлігі – ауылдық білім ошақтары. Ауыл мектептеріне күрделі жөндеу жүргізіліп, жаңа кітапханалар, асханалар мен спорт залдары салынып жатыр. Биылдан бастап барлық мектепте, соның ішінде жекеменшік білім ошақтарында да «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы іске қосылады. Тоқаев бұл жобаны педагогикалық жоғары оқу орындарына да енгізуді ұсынды. «Отбасы – мектеп – мемлекет» үштігі үйлесімді болса, жақсы нәтижеге жетуге болады. Ал бұл үштіктің өзегінде…
Астана. 15 тамыз. BM.KZ — Ол жас заңгерлер жасағын құрып, «заңсыз әрі арам пиғылды жарияланым жасаған» адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғау жөнінде бүкіл Қазақстан бойынша сотқа талап-арызбен жүгінбек. Бұл туралы Руслан Берденовтің адвокаты Жеңіс Тыныбек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Baimedia.kz бұған дейін адвокат Жеңіс Тыныбектің журналистерге қылмыстық жауапкершілік болуы мүмкін екенін ескерткенін жазған еді. Онда алдыңғы сот отырысынан бері кей бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан біржақты мазмұндағы хабар таратылып жатқанын мәлімдеген. Оның айтуынша, журналистер кей мәлімдемелерді контекстен бөліп алып, мемлекеттік органдардың беделін түсіруге бағытталған ақпарат берген. Бұл жолғы сөзі одан да зор шықты. «БАҚ-тың кейбір өкілдеріне жеке айтқым келеді: сіздердің…
Астана. 15 тамыз. BM.KZ — Жаппай егін жинау науқаны тамыздың үшінші онкүндігіне жоспарланған. Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары 12 облыста және Шымкент қаласында жүріп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жедел штаб отырысында мәлім болды. Жалпы егіс алқабы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектарға дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар егілген. Қазір 1,1 млн гектар жер орылып, 1,6 млн тонна астық бастырылды. Сондай-ақ 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша өнімдері жиналды. Жаппай науқанға 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 17 мың шапқыш және 130 мыңнан…
БҚО. 15 тамыз. BM.KZ — 10 тамыз күні Орал қаласындағы Зачаганск кентінде орналасқан Бірлік көшесінде ауыр әрі қайғылы оқиға тіркелді. Қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған сәбидің денесі табылды. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, тиісті тергеу амалдарын жүргізді. Қазір баланың анасын жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Мән-жайды нақтылау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тиісті органдар тұрғындарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін құқықтық және адамгершілік жауапкершілікті естен шығармауға шақырады.