Астана. 20 мамыр. BM.KZ — АҚШ Конгресі Сенатында алғаш рет Вашингтон әкімшілігінің Иранға қарсы әскери әрекеттерін тоқтатуды талап ететін қарар процедуралық дауыс беру барысында қолдау тапты. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады. Дауыс беру C-SPAN телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Қарарды 50 сенатор қолдап, 47-сі қарсы дауыс берді. Демократтардың басым бөлігімен қатар, республикашыл сенаторлар — Кентуккиден Рэнд Пол, Аляскадан Лиза Мурковски, Мэн штатынан Сюзан Коллинз және Луизианадан Билл Кэссиди де құжатты қолдады. Ал Пенсильвания өкілі Джон Феттерман қарарға қарсы шыққан жалғыз демократ болды. Бұған дейін Сенат осыған ұқсас бастамаларды жеті рет кері қайтарған еді. The Hill басылымының жазуынша, құжат Сенат пен Өкілдер…
Автор: erimbetkaz
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айттың бірінші күні, 27 мамырда өтетін Құрбан айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылы Құрбан айт мерекесінің бірінші күні 27 мамырға түсіп тұрғанын атап өтті. Бүгін ҚМДБ еліміз бойынша Құрбан айт намазының кестесін ел назарына ұсынды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қоса алғанда Қазақстанның көп өңірінде Құрбан айт намазы таңғы сағат 6:00-де басталады. Сондай-ақ Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Түркістан облыстарының жамағаты да таңғы сағат 6:00-де намазда сап түзейді. Сонымен қатар айт намазы Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және…
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Шетелде тұратын қазақстандықтарға зейнетақы төлеуден бас тарту заңға қайшы деп танылды. Конституциялық Сот осындай шешім шығарды, деп хабарлайды Курсив. Конституциялық сот Әлеуметтік кодекс пен зейнетақы беру тәртібін тексеру кезінде осындай қорытындыға келді. Іс азаматтардың елден тыс жерде тұрған кезде зейнетақы алу құқығына қатысты өтініш негізінде қаралған. Талқылауға шетелде тұрақты тұратын қазақстандық әйелдің шағымы себеп болған. Ол тек елден тыс жерде өмір сүретіні үшін зейнетақы тағайындаудан бас тартуды әділетсіз деп санаған. Өтініш иесінің пікірінше, мұндай талап азаматтардың конституциялық құқығын шектейді. Конституциялық сот зейнетақы алу құқығы адамның қай жерде тұратынына емес, оның зейнет жасына жетуіне және қажетті…
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Жаңа Конституцияда мыңдаған жылдарға созылатын тарихы бар Ұлы дала сабақтастығын сақтау қастерлі парыз екені нақты көрсетілді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Алтын Орда — дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты Халықаралық симпозиумда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. — Баршаңызға белгілі, Қазақстан соңғы жылдары ауқымды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырып жатыр. Мұның еліміз үшін аса маңызды және өте жауапты қадам екені сөзсіз. Сондықтан біз алдымызда тұрған міндетті де жақсы түсінеміз: сана өзгермей, қоғам да жаңғырмайды, мемлекет те өркендемейді. Бұл — ақиқат, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президенттің атап өтуінше, оның ішінде тарихи…
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осы жылдың соңына дейін елордадан Токио мен Нью-Йоркке тікелей әуе рейсін ашуды тапсырды. — Мемлекет басшысы біздің алдымызға Қазақстанды өңірдегі жетекші авиациялық хабқа айналдыру туралы стратегиялық міндет қойды. Аталған мақсатқа жету үшін қолданыстағы әуежай инфрақұрылымын жаңғырту, отандық және халықаралық әуе компанияларына қолайлы жағдай жасау бағытында ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Әуе кемелерінің паркі мен тасымалдау географиясы кеңейіп келеді. Цифрлық шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиялары белсенді түрде енгізіліп жатыр. Көлік министрлігі қажетті инфрақұрылымды, сервис пен техниканы үнемі жаңартып, нарық пен технологияларға әрдайым талдау жүргізіп отыруға тиіс, — деді Олжас Бектенов.…
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Астана, Алматы мен Шымкентте 19 мамырда ауа райы қандай болады? Ауа райы болжамын OpenWeather порталы жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Бүгін Алматыда күн ала бұлтты болады. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін көтеріліп, түнде 9 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 2,8 м/с деңгейінде болмақ. Астанада синоптиктер болжамынша, күн ашық болады. Күндіз ауа температурасы 21 градусқа дейін жетіп, түнде 7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5,5 м/с деңгейінде болады. Шымкентте бүгін қатты нөсер жауады. Күндіз термометр бағанасы 30 градусқа дейін жетіп, түнде 14 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 9,5 м/с деңгейінде болмақ.
Астана. 19 мамыр. BM.KZ – Сан-Диегодағы мешітте болған атыс салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Associated Press. Күдіктілер кейін оқиға орнынан бірнеше квартал жерден өлі күйінде табылған. Қала полициясының бастығы Скотт Уолдың айтуынша, шабуыл жеккөрушілік негізінде жасалған қылмыс ретінде қарастырылып жатыр. Қайғылы оқиға Сан-Диего Ислам орталығында болды. Бұл — округтегі ең ірі мешіттердің бірі. Оның аумағында бес жастан бастап балаларға араб тілі, исламтану және Құран оқытылатын Аль-Рашид мектебі орналасқан. Абырой болғанда, мектеп оқушылары зардап шеккен жоқ. Қаза болғандардың бірі — мешіт күзетшісі. Полицияның мәліметінше, ол үлкен қайғылы жағдайдың алдын алуға тырысқан. Қалған екі адамның жеке басы әлі анықталып жатыр.…
Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Кезеңнің басында антициклон жотасы республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында жылы әрі ашық ауа райын сақтайды. Ал батыс және оңтүстік облыстар бұрынғыдай оңтүстік циклонның ықпалында болады. Осыған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. 19 және 21 мамырда Қызылорда мен Түркістан облыстарында, ал 19–21 мамыр аралығында Жамбыл облысында қатты жаңбыр күтіледі. Температуралық фон айтарлықтай өзгермейді. Ауа температурасы батыс пен оңтүстікте +27…+35 градусқа дейін, шығыста +20…+28 градусқа дейін көтеріледі. 20–21 мамыр күндері солтүстік циклонның әсерінен елдің солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Осы күндері қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел…
Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жария еткен әлемдік рейтингіде қазақстандық спортшылардың орындары анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 11-ден 10-сатыға көтеріліп, өзінің үздік көрсеткішін қайталады. Қазақстандық теннисші осы аптада Женева (Швейцария) ATP 250 турнирінде өнер көрсетеді. А.Бубликтің бұл жарысқа өткен жылы қатыспады. Биыл ұпай қорын толықтыратындай мүмкіндігі бар. Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко 85-тен 89-ға, ал Тимофей Скатов 188-ден 191-ге, Бейбіт Жұқаев 297-ден 298-ге, Михаил Кукушкин 281-ден 300-ге төмендеді. Т.Скатов осы аптада Ролан Гаррос турнирінің іріктеу ойынында бақ сынайды. Ол Франция ашық біріншілігі іріктеу жарысының ширек финалында әлемнің 143-ракеткасы, даниялық Эльмер Мёллермен кездеседі.
Астана. 18 мамыр. BM.KZ – Сұлтан Сарсемалиев сот отырысында істі алқа билердің қарауынан бас тартты, деп хабарлайды Kazinform. Күдікті өзінің іс әрекетіне өкінетіндігін, бұл әрекетке қайын атасы мен енесі әйелі екеуінің арасына түскендіктен, балаларын тартып алмақ болғандықтан барғанын айтты. — Ортамызға түсіп, ажырастырды. Сонда да бөлінгіміз келмей, бірге тұра бердік. Отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Әйел мен балаларымды өзімнен айырды. Осының барлығы мені осы іске итермеледі. Қандай жаза берсе де өтеуге дайынмын, — деді күдікті Сұлтан Сарсемалиев. Негізгі сот отырысы 28 мамыр 10:00–де өтеді.