Автор: erimbetkaz

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты. Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол есін жимастан көз жұмған. Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген. — Биыл тергеу-жедел тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы тізбектелді. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты және басқа…

Толығырақ

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Түркі мемлекеттері ұйымы бейресми саммиті кезінде Түркістан қаласында жедел әрекет ету және қажет болған жағдайда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін ҚР ТЖМ қызметінің Tesla Cybertruck көлігі дайындыққа келтірілді. Электрлі пикап қазірдің өзінде Алматы қаласының таулы аймақтарында және оған іргелес аумақтарда жүргізілетін іздестіру-құтқару операцияларында пайдаланылып жатыр. Бұл өңірлерде жыл сайын туристер мен альпинистердің легі жоғары деңгейде тіркеледі. Көлік спутниктік интернетпен, тепловизоры бар кәсіби квадрокоптерлермен, арнайы байланыс құралдарымен, қорғалған есептеу техникасымен және автономды қуат көздерімен жабдықталған. Бұл төтенше жағдай аймағында құтқарушылар мен медициналық қызметтердің іс-қимылдарын жедел үйлестіруге мүмкіндік береді. Мұндай жабдық алғашқы барлауды жүргізуге, құтқару және медициналық қызметтердің…

Толығырақ

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Бейжіңде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпин арасындағы кеңейтілген келіссөздер өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Тараптар кездесуі кезінде Трамп Қытайға АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларын алып келгенін айтты. — Маған компаниялардың екінші немесе үшінші деңгейлі өкілдері қажет емес еді. Тек ең жоғары деңгейдегі басшылар болуы керек деп шештім. Бүгін олар осында сізге және Қытайға құрмет көрсету үшін келді. Олар сауда жасап, бизнес жүргізуді асыға күтіп отыр, — деді АҚШ президенті. Трамп бұл келіссөздерді ең маңызды кездесулердің бірі деп атады. Сондай-ақ АҚШ тарапы Қытаймен саудада «толық өзара тиімді» шарттарды күтетінін жеткізді. — Кейбіреулер мұны тарихтағы ең…

Толығырақ

Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң мақұлданды. — Мемлекеттік наградалар жүйесі – мемлекеттің құндылықтық бағдарын айқындайтын, қоғамға үлгі болатын еңбекті танытатын және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыратын маңызды институт. Сондықтан бұл саладағы әрбір өзгеріс тек құқықтық сипаттағы түзету ғана емес, елдің рухани-идеологиялық басымдықтарын нақтылайтын маңызды саяси шешім ретінде қаралуға тиіс. Осы заң Президент тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік наградалар жүйесін қазіргі қоғамдық сұраныстарға, ұлттық құндылықтарға және мемлекеттің ұзақ мерзімді даму басымдықтарына бейімдей отырып, мазмұндық тұрғыдан жаңғырту. Заңдағы басты жаңалық – ордендер тізбесінің…

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында 19 мамыр мен 30 қыркүйек аралығында әйгілі Леонардо да Винчидің өмірі мен ғылыми ізденістеріне арналған Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance халықаралық көрмесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Елордаға Рим және Флоренция музейлерінен Леонардо да Винчидің атақты Винчи кодекстеріндегі сызбалары мен жазбалары негізінде жасалған 40-тан астам толық көлемді механизм үлгілері жеткізілді. Экспонаттар қатарында ұшу аппараттары, инженерлік құрылымдар, әскери машиналар мен өз заманынан озық туған құрылғылар бар. Бұл өнертабыстар кейіннен заманауи технологиялардың бастауына айналды. Көрме шамамен 3 мың шаршы метр аумақты қамтиды. Кеңістік ауа, су, жер және от…

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Ең жоғары өсім ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында, сондай-ақ қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелді. Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық атаулы жалақы 2026 жылғы I тоқсанда 461486 теңгені құрады. 2025 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 109,1%-ды, нақты мәнде – 97,7% өсті. Жалақының медианалық мәні (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2026 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша 331527 теңгені құрады. 2025 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғарғы өсімі ауыл, орман және балық шаруашылығы – 20,3%, қаржы және сақтандыру қызметі – 18,1%, сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет –…

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Педагогтердің оқушылар үшін тек оқу процесі кезінде ғана жауапты болуы заң жүзінде бекітілді. Мәжіліс педагог мәртебесі, білім беру, денсаулық сақтау және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңды, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске ілеспе түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжаттар депутаттардың бастамасымен Мемлекет басшысының педагогтердің құқықтары мен мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғауды күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында әзірленді. Негізгі заңда педагогтердің білім алушылар үшін жауапты болуы тек оқу процесі кезіне ғана белгіленді. Балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтілді. Сонымен қатар, педагогтердің есептілікті бір мезгілде қағаз және электрондық форматта жүргізуіне тыйым салынды. Орта білім беру…

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Қызылорда облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. Студентті жатақханада жоғары курста оқитындар азаптап өлтірді деген күдік бар. – Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторға қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. Полиция тергеу әрекеттері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады.

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутат Мұрат Ергешбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды. Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі қызметіне кіріскендіктен, депутаттық мәртебесінен айырылды. «Біз алғашқы күндерден бастап тығыз жұмыс істедік. Барлық депутаттың атынан мәжілістегі белсенді жұмысы үшін алғысымды білдіремін. Өткен аптада ол Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды, бұл өте жауапты қызмет. Біз оған жемісті жұмыс тілейміз», — деді мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – ІІМ жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жасап, күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ведомство мәліметінше, каникул кезінде интернет пен әлеуметтік желілерде «жеңіл әрі тез табыс» ұсынатын хабарландырулар көбейеді. Алайда олардың артында есірткі тасымалдау, тарату, насихаттау және жарнамалау сияқты заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін. – Бұл жай ғана қауіп емес, бұл – қылмыс. Есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылған, – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов. Оның айтуынша, бір ғана «жеңіл табыс» бүкіл өмірге…

Толығырақ