Автор: erimbetkaz

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, іздеуде жүрген ҚР азаматтарын елге қайтару жөніндегі операцияны жүргізді. — 7 және 12 мамырында шетелдік елдерден ҰҚК арнайы жасағының конвойымен террористік қылмыс жасады деген күдікпен республикамыздың төрт азаматы Отанға жеткізілді, — делінген хабарламада. Аталған адамдар ұзақ уақыт бойы шетелде жасырынып жүрген, ҰҚК бағдары бойынша ұсталды. Оларға қатысты тиісті қылмыстық істер шеңберінде тергеу әрекеттері жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Иран Ормуз бұғазы арқылы тартылған суасты интернет кабельдерін пайдаланғаны үшін арнайы төлем енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы BILD хабарлады. Соңғы апталарда Иран әлемдегі маңызды сауда бағыттарының бірі саналатын Ормуз бұғазы арқылы қозғалысты шектеген. Қазіргі уақытта бұл аймақпен мұнай танкерлерінің аз ғана бөлігі қатынап жатыр. Енді Тегеран бұғаз түбімен өтетін талшықты-оптикалық байланыс желілерінен де табыс табуды көздейді. Әңгіме халықаралық деректерді тасымалдайтын үш ірі интернет кабелі туралы болып отыр. Мамандардың мәліметінше, бұл желілер арқылы күн сайын шамамен 10 миллиард доллар көлеміндегі қаржылық операцияларға қатысты ақпарат өтеді. Иран билігі жаңа алым арқылы мұнай экспортынан келген шығынның орнын толтыруды…

Толығырақ

Астана. 13 мамыр. BM.KZ – Атырау облысының Жанкелдин ауылында тұтас бір отбасының өліміне қатысты алғашқы сот отырысы 18 мамырда өтеді, деп хабарлайды «Астана» арнасы. Төрт бірдей адамды аяусыз пышақтап, көміп тастады деп күдікке ілінген сол әулеттің бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев сотта 13 эпизод бойынша жауап бермек. Оның қылмыс барысында қолданған пышағы табылмапты. 15 томнан тұратын істі халық арасында танымал судья Зарема Хамидуллина жүргізеді. Мұқанғалиевтардың қызы Ақбаянның ата-анасы мен бауырларының өліміне қатысы жоқ. Прокурорлар Ақбаянға қатысты бөлек қылмыстық қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты. Ол Атыраудағы психикалық денсаулық орталығына жеткізілген. «Ақбаян Мұқанғалиеваның кісілерді, тұлғаларды өлтіру фактісіндегі қылмыстық құқық бұзушылығы анықталған жоқ.…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Алматыда 14 мамыр сағат 11:00-де жоспарлы сейсмикалық жаттығу өтеді. Алматы әкімдігінің мәліметінше, қалада дабыл жүйелері іске қосылып, мобильді қосымша арқылы хабарлама жіберіледі. – «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылын естіген жағдайда теледидар немесе радионы қосып, мобильді қосымша мен ресми интернет-ресурстардағы ақпаратпен танысу қажет. Тұрғындарға алдын ала дабыл сөмкесін дайындап, ғимараттардан, ағаштардан және электр желілерінен алыс орналасқан ашық қауіпсіз алаңға баратын бағытты анықтап алу ұсынылады, — делінген хабарламада. Алматыда халықты қабылдауға арналған 384 пункт ұйымдастырылады. Ақпаратты 2GIS сервисіндегі «зардап шеккен халықты қабылдау пункттері» сұранысы арқылы, сондай-ақ Алматы төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің ресми сайттарынан оқуға болады.

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Қазақстанда бақ-бақ гүлін жұлғандарға 13 млн теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Курсив. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев айтты. Оның айтуынша, заң бойынша көксағыз бақбағын жұлғандарға қатаң жаза қарастырылған. Өсімдіктің бұл түрі сирек кездеседі және қызыл кітапқа енгізілген. Сондықтан тыйым барлық бақ-бақ түрлеріне емес, тек осы өсімдікке ғана қатысты. Оны жұлғандарға 3000 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған (2026 жылы бұл шамамен 12 975 000 теңге). «Бұл – жойылып кету қаупі бар сирек өсімдік, сондықтан осындай қатаң айыппұл енгізілген. 2019 жылы депутаттардың бастамасымен айыппұл мөлшері 10 есеге артты, мақсат – сирек және жойылып бара жатқан…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Астанадағы LRT желісі 16-17 мамыр күндері іске қосылып, жолаушылар тасымалын бастайды. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бастапқы кезеңде жолаушылар ағыны тәулігіне 25-45 мың адам шамасында болады деп күтілуде. Сонымен қатар, станцияларда коммерциялық нысандар орналастырылмайды. Мұндай шешім технологиялық және өрт қауіпсіздігі талаптарына байланысты қабылданған. CTS мәліметінше, LRT пойыздарында бірнеше төлем жүйесі қарастырылған. Жолаушылар жол ақысын FacePay қызметі арқылы, яғни Halyk Bank қосымшасындағы бет биометриясы көмегімен төлей алады. Сондай-ақ арнайы LRT көлік картасы қолданылады, оның құны – 1000 теңге. Бұдан бөлек, Visa/MasterCard банк карталары және Kaspi Bank пен Halyk…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Каспий жағалауында итбалықтар мен аққулардың қырылу себебін атады. — Мұндай жайт бізде алғаш рет болып отырған жоқ. Бұл табиғи құбылыстарға байланысты. Оның ішінде жер сілкінісі кезінде табиғи газ бөлініп жатады. Әдетте өлекселерді шіріген кезінде тауып аламыз. Өйткені, оларды толқын жағаға шығарып тастайды, — деді вице-министр Үкімет отырысынан кейін. Оның айтуынша, өлекселердің табылуына байланысты қажетті сынамалар алынып, зерттеу жалғасып жатыр. — Дегенмен, ешқандай ауру белгілерін таппадық. Бұл жағдайда да сынамалар алып, зертханаларды тексеру жүргізіліп жатыр. Нәтижесін хабарлаймыз, — деді Аманғали Бердалин.

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Маңғыстау облысында Ыбықты сай шатқалындағы вандализм дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында аталған шатқал аумағындағы тастарға ер адамның өз аты-жөнін және автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін жазып кеткенін анықтаған. Аталған құқық бұзушылықты жасаған 21 жастағы Маңғыстау облысының тұрғыны болып шықты. — Вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот үкімімен оған 25 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, тергеу изоляторына орналастырылды, — делінген хабарламада. Полиция табиғи нысандарға, тарихи-мәдени мұра объектілеріне және ескерткіштерге жазу немесе сурет салу әрекеттері жол берілмейтінін ескертеді. Мұндай заңсыз әрекеттерге әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Елде білікті кадрларды тарту мақсатында шетелдік мамандарды жұмысқа орналастырудың жеңілдетілген тәртібі қолданылады. Аталған тізімге сұранысқа ие 50-ден астам мамандық енгізілген. Олардың қатарында ақпараттық технологиялар, денсаулық сақтау, инженерия және креативті индустрия салаларындағы жоғары білікті мамандар бар. Тізімге енгізілген мамандықтар бойынша шетелдік жоғары білікті кадрларға Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат алу мүмкіндігі беріледі. Бұл тетік басым бағыттарға қажетті мамандарды тартуды көздейді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелеріндегі деректерге сәйкес, 2026 жылдың басынан бері бірқатар мамандықтар бойынша кадр тапшылығы сақталып отыр. Мәселен, Enbek.kz порталының мәліметінше, «акушер-гинеколог» мамандығы бойынша 469 бос жұмыс орнына небәрі 100 түйіндемеден келеді.…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Әртараптандыру қағидаттарын енгізу және жоғары сұранысқа ие дақылдарға баса ден қою ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар тауарлармен қамтамасыз етуге және бағаның ауытқу тәуекелдерін төмендетуге мүмкіндік береді. Үкімет отырысында көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов баяндады. Оның айтуынша, биыл егіс алқаптарының жалпы аумағы 23,8 млн гектарды құрайды, бұл өткен жылдың көлемінен 180 мың гектарға артық. Майлы дақылдар алқабы 4 млн гектардан, жемшөп дақылдары алқабы 3,3 млн гектардан асады. Қайта өңдеу жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында жүгері алқабы 265 мың гектарға дейін кеңейтілді, ал ұйымдасқан…

Толығырақ