Автор: erimbetkaz

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Қаржылық мониторинг агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті білім беру саласына бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады. Тергеу амалдарына сай, 2018–2023 жылдар аралығында «Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі» ЖШС мен «Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-қаржы колледжі» ЖШС құрылтайшысы жалған оқыту схемасын ұйымдастырған. Қылмыстық схемаға колледж басшылары, бухгалтерлер және өзге де байланысы бар тұлғалар қатысқан. Азаматтар оқу орындарына формалды түрде қабылданғанымен, іс жүзінде білім алмаған. Бұл мемлекеттік білім беру тапсырысы және кадрларды қайта даярлау бағдарламалары аясында бюджеттен қаржы алуға мүмкіндік берген. Схема жалған оқуға қабылдау және жұмысқа орналастыру туралы бұйрықтарды рәсімдеу, құжаттарды растау үшін электрондық цифрлық…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Биыл сәуірде ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп және прокуратураның үйлестіруімен Алматы, Шымкент қалаларында және бірқатар облыстарда қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Барлығы 63 бірлік, оның ішінде 4 «Калашников» автоматы, 38 мылтық, 20 тапанша, «РШГ-2» реактивті шабуыл гранатомет, сондай-ақ 4 граната және188 оқ-дәрі тәркіленді. Бұдан бөлек, Шығыс Қазақстан облысында жалпы салмағы 346,5 келі болатын өнеркәсіптік жарылғыш зат табылды және тәркіленді. Көрсетілген фактілер бойынша жедел-іздестіру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – ЖІӨ-нің нақты өсімінің қазіргі құрылымы шикізаттық емес сектордың, атап айтқанда құрылыс, көлік, сауда және өңдеу өнеркәсібінің рөлін күшейтумен сипатталады. ҰСБ-ның алдын ала деректері төмендегідей: Өнеркәсіптік өндірісі. Нақты көлем индексі – 102,1%. Өнеркәсіпті қалпына келтірудің негізгі факторы өңдеу секторының жеделдеуі болды, онда өндіріс 9,9%-ға өсті. Машина жасау. Өсім – 23,3%. Көлік құралдарын, ауыл шаруашылығы және теміржол техникасын, электр тауары мен жабдығын шығару көлемін ұлғайту есебінен сақталады. Жеңіл өнеркәсіп 2,3 есе өсті. Жиһаз өндірісі – 41,7%-ға, фармацевтика – 35,2%-ға, құрылыс материалдары – 27,7%-ға, химия өнеркәсібі – 18,4%-ға, азық-түлік өндірісі 14,4%-ға өсті. Жалпы, жыл басынан бергі төрт айдағы…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Маңғыстау облысында археологтар екі мыңжылдық тарихы бар көне Қарақабақ қалашығын зерттеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Мамандардың айтуынша, Қарақабақ қалашығы б.з. I-VI ғасырларына жататын көне сауда және қолөнер орталығы болған. Археологиялық зерттеулер бұл өңір арқылы осыдан 2000 жыл бұрын халықаралық сауда қатынастары жүргенін дәлелдеп отыр. Ғалымдардың пайымдауынша, Қарақабақ Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағындағы маңызды теңіз-құрлық сауда торабы ретінде Каспий маңы мемлекеттерінің саяси, экономикалық және сауда байланыстарында ерекше рөл атқарған. Қалашықтан Византия, Үндістан, Рим, Парсы және Қытай елдерімен байланысты дәлелдейтін тиындар, мөрлер, қыш ыдыстар мен түрлі жәдігерлер табылған. Сондай-ақ археологтар көне…

Толығырақ

Астана. 12 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Рим (Италия) WTA 1000 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина турнирдің төртінші айналымында кезінде әлемдік рейтингте бірінші орынға дейін көтерілген, қазір 130-сатыда тұрған чехиялық Каролина Плишковамен кездесті. Қарсыластар бұған дейін төрт мәрте жолығып, барлық кездесуде Рыбакина жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы да қазақстандық спортшы айқын басымдық танытты. Алғашқы партияда Елена қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:0 есебімен сенімді жеңді. Екінші сетте Рыбакина 3:0 есебімен алға шыққанымен, Плишкова екі гейм қатарынан ұтып, есеп айырмасын қысқартты. Алайда Елена тағы екі брейк жасап, матчты 6:2 есебімен аяқтады. 59 минутқа созылған…

Толығырақ

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Қазгидромет 9-11 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады — жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. 9 мамырда елдің оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде, ал 10–11 мамыр күндері шығыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауылдар болжанады. Түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі ықтимал. Ел аумағында ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтіледі. 11 мамырда республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1–6 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы:…

Толығырақ

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеге ұшақтың мәжбүрлі қонуына қатысты түсініктіме берді. 8 мамырда Астана — Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08: 54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11.34-те Ақтөбеге қонған. Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады. — Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған, — делінген хабарламада. Әуе кемесінің бортында 93 жолаушы, оның ішінде 4 бала мен 1 нәресте, сондай-ақ экипаждың 9 мүшесі болған. Әуе кемесі Ақтөбе әуежайына жергілікті уақыт бойынша сағат…

Толығырақ

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады. Заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжілістен депутаттар Жанарбек Әшімжанов, Серік Ерубаев, Павел Казанцев және Үнзила Шапақ, ал Сенаттан Бибігүл Жексенбай, Сергей Карплюк, Марат Қожаев, Андрей Лукин кірді. Комиссия төрайымы болып Үнзила Шапақ сайланды. Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың айтуынша, 1-тарауда Қазақстан Республикасы Президентінің мәртебесі айқындалады. 2-тарауда Конституцияға сәйкес Президенттің өкілеттіктері белгіленген. 3-тарауда Вице-Президентті тағайындау тәртібі белгіленеді – оны Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайтын болады. 4-тарауда Конституцияда көзделген жағдайларда (Құрылтай өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып,…

Толығырақ

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұл туралы 2026 жылғы 8 мамырда белгілі болды. Тиісті жарлық Ақорданың баспасөз қызметі арқылы жарияланды. – Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. Жаңа әкімнің тағайындалуы өңірді басқару жүйесіндегі кадрлық өзгерістер аясында жүзеге асты. Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық жоғарғы мемлекеттік басқару мектебін бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Сырдария ауданында Жамбыл кеңшарының экономисті ретінде бастап, Сырдария аудандық өнеркәсіп бірлестігінің бөлім бастығы қызметтерін атқарған.…

Толығырақ

Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Астанада Жеңіс күніне орай 9 мамырда мазмұнды мерекелік бағдарлама өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап концерттер, спектакльдер, көше акциялары, көрмелер мен патриоттық бастамалар ұйымдастырылады. Мерекелік іс-шаралар қаланың әртүрлі аумағында өтіп, мәдени, әлеуметтік және білім беру бағыттарын қамтиды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. 8 мамыр күні сағат 11:00-де Нұрлы жол теміржол вокзалы ғимаратында 9 мамырға арналған тақырыптық көрме ашылады. Елорданың мемлекеттік архиві «Ерлік дастаны» тарихи-құжаттық көрмесін және тыл еңбеккерлеріне арналған материалдар экспозициясын ұсынады. Сол күні сағат 19:00-де Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония сахнасында «Ерлік дастаны» мерекелік концерті өтеді. Сонымен қатар сағат 19:00-де М. Горький…

Толығырақ