Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында есірткі жеткізу арналарының жолын кесуге бағытталған іс-шараларды жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. Мамыр айының басында Семей қаласында кешендi жедел-іздестіру мен арнайы іс-шаралар нәтижесінде елдің оңтүстік өңірлерінен жеткізілген каннабис тобына жататын есірткінің арнасы жойылды. Жүргізілген тінту шаралары барысында 35 жастағы жергілікті тұрғынның гаражынан жалпы салмағы 154 килограмм болатын аса ірі көлемдегі марихуана анықталып тәркіленді. Есірткі одан әрі Абай облысы аумағында тарату мақсатында целлофан қаптамаларына оралған. — Қазір Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар барлық күдіктіні анықтау және ұстау бойынша сотқа дейінгі…
Автор: erimbetkaz
Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден I дивизион әлем чемпионаты барысында Қазақстанның ерлер құрамасы Украина командасын жеңіп, элиталық дивизионда ойнау мүмкіндігіне ие болды. 4-тур аясындағы тартысты ойында Қазақстан құрамасы Украинамен негізгі уақыт пен овертаймда 4:4 есебімен тең түсті. Алайда буллиттер сериясында отандастарымыз 2:1 есебімен басым түсіп, маңызды жеңіске қол жеткізді. Матч барысында Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Роман Старченко және Батырлан Мұратов шайба соғып, команданың жеңісіне өз үлестерін қосты. Қазақстан құрамасының турнирдегі нәтижелері: Қазақстан – Литва — 4:1 Қазақстан – Жапония — 6:0 Қазақстан – Польша — 3:2 Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 2021–2025 жылдар аралығында…
Астана. 8 мамыр. BM.KZ – Алматы қаласының бұрынғы әкімі және «Nur Otan» партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Qazaq Kaolin компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат кәсіпорынның ресми сайтында жарияланды. Курсив хабарлауынша, 2022 жылдың ақпанында саяси сахнадан кеткеннен кейін, Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясындағы қызметінен босатылып, Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) оқуға кеткен. Кейінірек, Байбектің Жапонияда жүрген суреттері тараған. Бауыржан Байбек 2022 жылдың наурыз айынан бастап Qazaq Kaolin компаниясында кеңесші болып жұмыс істеген. Ағымдағы жылдың (2026 ж.) сәуір айының соңында компания Ақмола облысында тау-кен байыту комбинатын іске қосты. Осы оқиғадан кейін көп ұзамай оның директорлар кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалғаны…
Астана. 7 мамыр. BM.KZ – Аргентина мен Чилиге сапар жасаған круиздік лайнерде хантавирус жұқтыру деректері тіркелгеннен кейін, Нидерланды билігі жағдайды бақылауға алды. Бұл туралы ANEWZ хабарлады. ДДҰ мәліметінше, вирус жұқтырғандар саны 8 адамға жеткен. Олардың үшеуінің диагнозы зертханалық түрде расталған. Арасында Нидерланды азаматы ерлі-зайыптылар мен Германия азаматы қайтыс болды. Кемеден эвакуацияланған үш жолаушы Нидерландыға емделуге жіберілді. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Бұған дейін эвакуацияланған британдық жолаушы Оңтүстік Африкадағы жансақтау бөлімінде жатыр. 150-ге жуық жолаушысы бар лайнер үш күн ішінде Испанияның Тенерифе портына жетуі тиіс. Испания денсаулық сақтау министрлігі борттағы өзге адамдардан ауру белгілері анықталмағанын мәлімдеді. Испания билігі шетелдік жолаушыларды өз елдеріне…
Астана. 7 мамыр. BM.KZ – Қазақстандықтар дер кезінде қорғану үшін жеке деректерінің таралғаны туралы уақытылы хабардар болады, деп хабарлайды inbusiness.kz. Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол қауіпсіздігін цифрландыру және жүргізушілерді даярлау саласындағы кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. «Заң жобасында жеке деректерді қорғау және киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты жеке нормалар көзделген. Айта кету керек, бұл өзгерістер азаматтардың жеке деректерін қорғау туралы конституциялық норманы іске асыру мақсатында енгізіліп отыр. Біріншіден, заң жобасында жеке деректер операторларын санаттарға бөлу енгізіледі. Операторлар тәуекел деңгейіне қарай шағын, орта және ірі болып бөлінеді. Осыған байланысты талаптар да…
Астана. 7 мамыр. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптелетінін айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Қасым-Жомарт Тоқаев ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқанын ата өтті. — Құрметті отандастар! Баршаңызға Отан қорғаушы күні құтты болсын! Мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптеледі. Бұл — Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн.…
Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Үлкен дулыға турнирлерінің сыйақы қорына байланысты теннисшілердің бойкотына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Sport. «Ролан Гаррос» Үлкен дулыға турнирінің төңірегінде үлкен дау туындады. Турнир ұйымдастырушылары 2026 жылы жалпы сыйақы қоры шамамен 10 пайызға өсіп, 61,7 миллион еуроға (33 миллиард теңгеден астам) жететінін мәлімдеді. Жекелей сындағы жеңімпаздар 2,8 миллион еуро (1,52 миллиард теңге), ал финалистер 1,4 миллион еуро (760,4 миллион теңге) алады. Алайда көптеген теннисші бұл соманы жеткіліксіз деп санаған. Бір топ ойыншы, соның ішінде беларусьтік теннисші Арина Соболенко, ұйымдастырушыларға бағытталған сынды қолдап, ашық хатқа қол қойған. Соболенко теннисшілерге төленетін ақы…
Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Қазақстандықтар арасында ең танымал ер есімдері аталды, деп хабарлайды BM.KZ. 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елдегі ер адамдарға қатысты бірқатар қызықты деректерді жариялады. Бюро мәліметінше, биылғы жылдың алғашқы бес айында Қазақстанда ең танымал ер есім — Алан болды. Бұл есімді 817 адам иеленген. Одан кейін Айсултан, Алихан, Мұхаммед және Рамазан есімдері орналасқан. Қазақстанда 10 044 673 ер адам тұрады. Елдегі ерлердің жас құрылымы қоғамның демографиялық келбетін айқын көрсетеді: олардың 30,2%-ы – 0–15 жас аралығындағы балалар, 56,5%-ы – еңбекке қабілетті 16–60 жас аралығындағы азаматтар, ал 13,3%-ы – 61 жастан асқан аға…
Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Кеңқияқ ауылының әкімі Қуанышбек Серікжановтың өлімінен кейін тергеу жүріп жатыр. Полиция өзге ақпаратты таратпады. Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ ауылдық округінің әкімі Қуанышбек Серікжанов өз өзіне қол жұмсады. Ақтөбе қаласының полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. — 1983 жылы туған ер адамның қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қуанышбек Серікжанов 4 мамыр күні жұмыстан шығатынын айтып, арыз жазған. 5 мамыр күні арызы қабылданып, жұмыстан босатылған. Қуанышбек Серікжанов 2014 жылдан…
Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол Ұлттық Орталық бюросының қызметкерлері, Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен аталған елден пара бергені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға Қазақстан азаматын экстрадициялады. Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мәліметінше, тергеу барысында аталған адам жеке кәсіпкер болып, полиция қызметкеріне қылмыстық жауаптылықтан жалтару және оның массаж салонының одан әрі кедергісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында ақшалай сыйақы бергені анықталды. — Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. 2026 жылғы наурызда ол Рустави қаласында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауымен елге экстрадицияланды. Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамалды, — делінген хабарламада. Айып тағылған қылмыстар үшін мүлкі тәркіленіп, 7…