Автор: erimbetkaz

Астана. 6 мамыр. BM.KZ – Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды — Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды,-делінген хабарламада. Еңбек жолын 1997–1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған. 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған. 2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің…

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар үшін жауапкершілік барын ескертті, деп хабарлайды Polisia.kz. Ведомство мәліметінше, мұндай әрекеттер үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Қазіргі уақытта жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін жалған ақпаратты байланыс құралдары, интернет-ресурстар, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы тарату деректері тіркеліп отыр. – Жарылғыш зат қою немесе қоғамдық қауіпсіздікке өзге де қауіптер туралы жалған ақпаратты тарату, тіпті ол әзіл немесе қалжың ретінде жасалғанның өзінде, қылмыстық құқық бұзушылық болып табылады. Мұндай әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікке нақты қауіп төндіріп, жаппай эвакуацияларға, мемлекеттік органдар мен әлеуметтік нысандардың жұмысының тоқтауына…

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — Үндістанның оңтүстігіндегі Тамилнад штатында орналасқан отшашу өндіретін зауытта ірі жарылыс болып, салдарынан кемінде 23 адам көз жұмды, тағы алты адам жарақат алды. Бұл туралы India TV хабарлады. Оқиға Вирудхунагар округіндегі Каттанарпатти ауылында, Мутхуманикамға тиесілі Vanaja кәсіпорнында тіркелген. Жарылыс кезінде өндіріс аумағында 100-ден астам адам болған, олардың шамамен 30-ы тікелей жұмыс істеп жатқан. Жараланған алты адамның төртеуінің жағдайы ауыр. Олар Вирудхунагар мемлекеттік медициналық колледжінде ем қабылдауда. Зардап шеккендердің үшеуі — денесінің 60 пайыздан астамы күйген әйелдер. Алдын ала деректер бойынша, жарылыс ғимараттың алдыңғы бөлігінде, шикізат өңделіп, соңғы өндірістік процестер жүргізілетін аймақта болған. Оқиға салдарынан кемінде үш…

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — «Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстанның 14 облысында, сондай-ақ Алматының таулы аймақтарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аймақтарында тұман күтіледі. Облыстың шығыс және таулы өңірлерінде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстігінде және тау бөктерінде ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін. Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарында түнде және таңертең тұман болады, желдің екпіні 15–20 м/с дейін баруы ықтимал. Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда да түнгі және таңғы уақытта тұман болады. Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман…

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында жексенбі таңертең болған атыс салдарынан сегіз бала қаза тапты. Қанды оқиғаны жасаған ер адам олардың жетеуінің әкесі екені анықталды, деп хабарлайды Associated Press. Полиция күдіктінің кім екенін анықтады — ол Шамар Элкинс. Құқық қорғау органдарына бұрыннан таныс азамат 2019 жылы заңсыз қару сақтау ісі бойынша ұсталған. Күдікті полициямен қақтығыс кезінде оққа ұшып, көз жұмды. Қаза тапқан балалардың жасы 1 мен 12 аралығында. Ауыр жараланған екі әйелдің бірі – балалардың анасы. Екеуінің де жағдайы ауыр деп бағалануда. Жергілікті тұрғын Кристал Браунның айтуынша, Элкинс пен оның жұбайы ажырасу алдында жүрген және дүйсенбі…

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өткен WTA-500 санатындағы турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды 24.kz. Финалда ол чехиялық Каролина Мухованы ұтты. Бірінші сет тартысты болып, 7:5 есебімен аяқталды. Ал екінші сетте Рыбакина қарсыласын 6:1 есебімен айқын ұтты. Матч бір сағат, 18 минутқа созылды. Рыбакина 161 мың 310 еуро қаржылай сыйақыға ие болып, рейтингте қосымша 500 ұпай еншіледі. Сондай-ақ жарыс демеушілерінен спорттық автокөлік алады. Бұған дейін жартылай финалда Елена Рыбакина ресейлік Мирра Андрееваны жеңген еді. Қазақстан теннисшісі дәл осы турнирде 2024 жылы да топ жарған.

Толығырақ

Астана. 20 сәуір. BM.KZ — Әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында қайтыс болды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әйгілі қазақ ақыны, драматург, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың өмірден өтуіне байласты отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына, қалың қазақ жұртына қайғыра көңіл айтады. — Мұхтар Шаханов — шоқтығы биік шығармалар жазып, поэзияны азаматтық ұстаныммен ұштастыра білген біртуар тұлғалардың бірі еді. Оның өлең әлеміне өрісті өрнек, жаңаша тыныс әкеліп, қазақ поэзиясының дамуына өзіндік жаңалық, тереңдік дарытқан шығармалары руханиятымыздың құнды қазынасына айналды. Қоғамдағы күрделі мәселелерге үн қосып, ел мен жер тағдырына қатысты ойлы…

Толығырақ

Астана. 18 сәуір. BM.KZ — Түпқараған ауданында Каспий теңізі жағалауынан 97 итбалықтың өлексесі табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Өлі итбалықтарды жағалауды бақылау барысында «Каспий итбалығы» РММ қызметкерлері анықтаған. Жануарлардың жаппай қырылу себептерін анықтау үшін балық инспекциясы, экологтар және ветеринарлық қызмет мамандары қатысқан жұмыс тобы құрылды. Қазіргі уақытта сарапшылар сынамалар алып, өлекселерді жою жұмыстарын ұйымдастыруда. Алдын ала болжам бойынша, итбалықтар бір айдан астам уақыт бұрын қырылған, алайда дауылды желдің әсерінен олардың денелері жағалауға енді ғана шығып отыр. Балық шаруашылығы комитеті жағдайға мониторинг жалғасып жатқанын мәлімдеді. Еске салайық, өткен жылдың қараша айында Каспий жағалауынан бірнеше күн ішінде 200-ге жуық өлі итбалық табылған еді.…

Толығырақ

Астана. 18 сәуір. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда әлемдік рейтингіде 25-орындағы канадалық Лейла Фернандеспен бетпе-бет келді. Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен. Есеп тең — 2:2. Есеп тең — 2:2. Бұл жолы бірінші партияда қазақстандық теннисшінің доп берудегі қателігін пайдаланған Фернандес 4:1 есебімен алға шықты. Рыбакина таразы басын теңестіргенімен, тай-брейкте канадалық спортшы сәтті ойнады — 7:6 (7:5). Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте Лейла брейк жасап, сосын өз геймін алды — 4:2. Бұдан кейін Елена қатарынан төрт геймге қол жеткізді — 6:4.…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында ауыл тұрғынының өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қанды оқиға Бәйтерек ауданына қарасты Макарово ауылында орын алған, деп хабарлайды МойГород. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, 61 жастағы ер адамның денесі оқиғадан бір тәулік өткен соң табылған. Куәгерлер марқұмның денесі жертөлеге жасырылған болуы мүмкін дегенді айтады. Аталған дерек бойынша Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, қылмысқа күдікті тұлға анықталып, ұсталған. – Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Толығырақ