Автор: erimbetkaz

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — «Заң мен тәртіп» қағидаты тек құқық қорғау саласын емес, өміріміздің барлық бағытын, оның ішінде туризмді де қамтиды. Саяхатшының өз құқықтарын білуі және міндеттерін сезінуі — жайлы әрі қауіпсіз демалыстың басты шарты, деп хабарлайды елорда әкімдігіні ресми сайты. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заңда осы мәселелер қарастырылған. Заң бойынша саяхатқа әзірленген немесе саяхат жасап жүрген әрбір турист мынадай мүмкіндіктерге ие: • Қауіпсіздік пен көмек. Жеке басына немесе мүлкіне қауіп төнген жағдайда консулдық, дипломатиялық және өзге де мемлекеттік өкілдіктерге жүгіну. • Ақпараттық айқындық. Уақытша болатын елдің заңнамасы, жергілікті халықтың әдет-ғұрыптары, діни салттары мен киелі орындары туралы дұрыс…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында Азия чемпионатының екінші күні мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. 81 келідегі Әділет Алмат финалда Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сомон Махмадбековпен белдесті. Нәтижесінде отандасымыз қарсыласын ауырту әдісімен жеңіп кетті. Айта кетейік, бұған дейін 2022 жылы Данияр Шамшаев Астанада өткен сары құрлықтың додасында топ жарған еді. Әділет Алматтың бұл Азия чемпионатындағы бірінші жүлдесі. Ол 2023 жылы жастар арасында Азия чемпионы атағына да қол жеткізген болатын. Жарыстағы жолы: 1/8 финал. Шыңғысхан Сағыналиев 1/4 финал. Абылайхан Жұбаназар 1/2 финал. Бехрузи Хожазода

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — 10 жылдан астам іздеуде жүрген аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған күдікті Германиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі. Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері, Қазақстанның Германия Федеративтік Республикасындағы елшілігінің қолдауымен аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында аталған елденшетелдік азамат экстрадициялады. Тергеу барысында көрсетілген тұлға 2014 жылы адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, компьютерлік техниканы жеткізуге жәрдем көрсету сылтауымен қазақстандық кәсіпкердің 1 миллион АҚШ доллары көлемінде қаражатын алдау жолымен иемденгені анықталды. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. — 2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Денсаулық сақтау министрлігі тегін дәрі-дәрмектер айналымында заңбұзушылықтарды әшкереледі. Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттардың айналымын таңбалау жүйесін пайдалана отырып талдау жүргізді. «Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы» аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес, бүкіл ел бойынша дәріхана ұйымдарында мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмектің көлемі (ТМККК) шеңберінде қамтамасыз етуге арналған 4114 препараттың сатылғаны анықталды. — 74 нысанға жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 31 нысан әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұлдардың жалпы сомасы 12,3 млн теңгені құрады, 43 ұйымға бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді, — делінген хабарламада. Науқастарға ТМККК аясында берілген дәрілердің заңсыз сатылу фактілері анықталды. Бірқатар жағдайда медициналық ұйымдар…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Әрбір шақыру науқаны әскерге шақыртудан бастап медициналық тексеруден өтуге дейін бірқатар кезеңдерді қамтиды. Төменде шақырту қалай беріледі, мәртебені қалай тексеруге болады, кімдерге кейінге қалдыру қарастырылған, егер сіз оқуда болсаңыз немесе шетелде жүрсеңіз не істеу керек сынды әрбір әскерге шақырылушы білуі тиіс негізгі жайттар қарастырылған.  Шақырту қағазы қалай беріледі және оны алғаннан кейін не істеу керек? Шақырту қағазы – азаматты жергілікті әскери басқару органына (әскери комиссариатқа) шақыру шараларына қатысу үшін шақыратын ресми құжат. Қарапайым сөзбен айтқанда, әскерге шақыру осы ресми құжаттан бастау алады, ал оны орындау — әрбіз жас азамат үшін міндетті заңды талап. Шақырту бірнеше…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Қарағанды облысындағы жолда күннің күрт бұзылуына байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. -2026 жылғы 17 сәуір сағат 07:30-да ауа райының бұзылуына байланысты «Кызылорда-Жезказған-Қарағанды-Шідерті» автожолының 788-906 шақырымы аралығында (Ұлытау облысының шекарасынан Топар поселкысыне дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада. 2026 жылғы 17 сәуір сағат 11:30-да жолды ашу жоспарланған.

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Синоптиктер 17 сәуірде еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында, орталығында, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жауын-шашынды болады. Сондай-ақ көктайғақ болып, кей уақыттарда қатты қар аралас жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Еліміздің барлық аймағында тұман болып, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауылмен жел соғады. Түркістан облысының тау бөктерінде, оңтүстік-батысында, Жамбыл облысының тау бөктерінде, Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында кей уақыттарда 30 м/с және одан жоғары өте қатты жел соғады. Сондай-ақ аталған…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина Штутгарт (Германия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады. Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркеліп, додаға екінші айналымнан қосылған қазақстандық теннисші WTA рейтингісінде 19-орында тұрған ресейлік Диана Шнайдерді сынап көрді. Бірінші партияда Елена 4:1 есебімен алға кетіп, сол басымдылықты сақтап қалды — 6:3. Екінші сетте есеп 4:4 болған мезетте брейк жасай білді — 6:4. Бір сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 9 эйспен бірге 4 брейк-пойнттың тең жартысын өз есебіне жазды. Шнайдер 1 эйспен шектелді. Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 25-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес немесе рейтингіде 79-сатыдағы түркиялық Зейнеп Сенмездің қай жеңгенімен таласады.…

Толығырақ

Астана. 17 сәуір. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Ливан басшылары атысты тоқтату туралы келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. Оның айтуынша, тараптармен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде 10 күндік бітім жариялау жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілген. – Мен Ливан президенті Жозеф Аун және Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен өте нәтижелі келіссөздер өткіздім. Екі ел көшбасшысы бейбітшілікке қол жеткізу мақсатында 10 күндік атысты тоқтату режимін ресми түрде жариялауға келісті, – деп жазды Дональд Трамп өзінің Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше, бітім АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 17:00-ден, яғни жергілікті уақытпен жұмаға қараған түні 00:00-ден бастап күшіне…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Оңтүстік Корея 2026 жылдың бірінші тоқсанында шетелдік туристер саны бойынша тарихи рекордты жаңартты. Бұған наурыз айында Сеулдің қақ ортасында өткен әйгілі BTS тобының концерттік кеші себеп болды, деп хабарлайды Курсив. Оңтүстік Кореяның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің алдын ала деректеріне сүйенсек: қаңтар-наурыз аралығында 4,76 млн шетелдік турист келген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23%-ға көп және ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіш. Туристердің көбі Қытайдан келген – шамамен 1,45 млн адам (өсім 29%). Саяхатшылардың шетелдік карталармен төлеген шығыны 3,21 трлн вонды (шамамен 2,18 млрд АҚШ доллары) құрады. «Корей мәдениетінің (K-culture) әлемдік танымалдылығы елдің жетекші туристік бағыт…

Толығырақ