Автор: erimbetkaz

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адамды құрықтады, деп жазды Рolisia.kz Аталған тұлға бопсалау қылмысы бойынша 5 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. – Арнайы операция Қарағанды қаласының аумағында, жекеменшік тұрғын үйлердің бірінде жүргізілді. Тінту барысында полиция қызметкерлері арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтап, іздеудегі күдіктінің сол жерде жасырынып жүргенін әшкереледі. Алдын ала деректерге сәйкес, ер адам қала тұрғынын қорқытып, күш қолданып, 117 миллион теңге бопсалауға қатысы бар. Күдікті ұзақ уақыт бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап, жасырынып жүрген, – деді Қарағанды облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Белгілі актер, театр режиссері, профессор, платиналы «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының, «Парасат» және «Барыс» ордендерінің иегері, мемлекеттік стипендияның лауреаты Есмұхан Обаев қайтыс болды. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады. Министрлік Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Несіпбайұлы Обаевтың дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады. — Есмұхан Несіпбайұлы саналы ғұмырын қазақ театр өнерінің дамуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған көрнекті тұлға болатын. Ұлт мәдениетінің мерейін өсірген, театр өнерінің абыройын асқақтатқан ардақты азамат қай кезеңде де өнерге адалдықтың, кәсібіне жауапкершіліктің үлгісін көрсете білді. Ол тәрбиелеген буын, сахналаған туындылар мен қалыптастырған көркемдік…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қазақстанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің есептегіш құралдарына қатысты жаңа талаптар күшіне енді. Бұл талаптар бірыңғай техникалық стандартты қалыптастыруға бағытталған. Аталған жобаның негізгі мақсаттарының бірі – су есебін толық цифрландыру. Есептегіш құралды телеметриядан есептегіш құралмен технологияларға ауыстыру, деректерді автоматты түрде қашықтан жинау жүйесіне көшу және «Smart Turmys» тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының Бірыңғай цифрлық платформасын құру көзделген. Енді бүкіл республика аумағында су есептегіш құралдары үшін деректерді сымсыз беру технологиясының базалық стандарты ретінде NB-IoT (Narrowband Internet of Things) және LoRaWAN (Long Range Wide Area Network) технологиялары белгіленді.…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Интенсивті алма бақтарын дайын күйінде тапсыру» бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы жүзеге асырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – дайын инфрақұрылымы бар ауыл шаруашылығы жерлерін кәсіпкерлерлік субъектілеріне лизингке беру болған. Тергеу амалдарына сай, Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Ж.Д. Омаров байланысы бар тұлғалар мен бақылауындағы ұйымдарда, соның ішінде «Green Mart Kazakhstan» ЖШС-ін тарта отырып, мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Тауарлар мен жұмыстарды сатып…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Полицияның мәліметінше, дәрігер мен медбике түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылған. Күдіктілер ұсталды. Белгілі болғандай, 12 сәуір күні Екібастұз қаласындағы травматологиялық пунктке жергілікті тұрғын медициналық көмек алуға жүгінген. Онымен бірге ішімдікке сылқия тойып алған екі досы келген. Олар өздерін агрессивті ұстап, медицина қызметкерлерінің ескертулеріне құлақ аспаған. — Бөлмеден шығудан бас тартқан олар дәрігерге жұдырық жұмсаған. Араша түспек болған медбике де соққыға жығылып, дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта зардап шеккен екі медицина қызметкері де алған жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды, — деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен. Дәрігерлерді соққыға жыққан үш дос ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медицина қызметкерлеріне қатысты…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform. Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келісімшартпен қызмет ететін әскери қызметші өзіне бекітілген қарудан оқ атқан. Салдарынан өзі оқиға орнында қаза тапқан. — Оқиға кезінде тағы бір келісімшарттағы әскери қызметші жарақат алды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Зардап шеккен азаматқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп келеді. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу департаментінің бақылауында, — деп хабарлады ҚР Ішкі істер миниистрлігінің баспасөз қызметінен. Зардап шеккен әскери…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Елордадағы мектептердің бірінде кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды Polisia.kz. Жоғары сынып оқушысы бұрын осы мектепте бірге оқыған қызбен бұзақылық ниетпен сыныптардың біріне газ баллонын шашқан. Сыныпта болған оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ. Осы оқиға бойынша кәмелетке толмағандардың жеке бастары анықталды. Олардың әрекеттеріне құқықтық баға берілді. Анықталғандай, газ баллонын тікелей шашқан кәмелетке толмаған бұған дейін бірнеше рет үйінен себепсіз кету бойынша профилактикалық есепте тұрған. Аталған факті бойынша оқу орнында профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды. Жасөспірімдермен және олардың заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға қосымша шаралар қабылдау үшін…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — ҚР Ішкі істер министрлігі жүргізіп жатқан жоспарлы қызметтік тексеру барысында Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы тарапынан құқыққа қайшы әрекеттердің жасалғаны анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Белгіленген тәртіпке сәйкес, ол ішкі істер органдарынан теріс негіздер бойынша қызметінен босатылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. — Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Бұл шешімдер Ішкі істер министрі жүргізіп отырған заңдылықты қамтамасыз ету және қызметтік тәртіп пен заң талаптарын бұзғаны үшін, лауазымына қарамастан, жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған қағидатты саясат аясында қабылданды, — дем мәлімдеді министрліктің баспасөз қызметі. Айта кетейік, күдікке ілінген…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қазгидромет 16 сәуірде еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, Жетісу облысында түнде батыста, орталығында жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Жоғары өрт қаупі сақталады. Маңғыстау облысында түнде жаңбыр, солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15–20 м/с, шығыста, оңтүстікте, орталықта кей уақытта 25 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтауда жаңбыр жауады,…

Толығырақ

Астана. 16 сәуір. BM.KZ — FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау — Дубай — Ақтау бағыты бойынша рейстерді 2026 жылғы 29 тамызды қоса алғанда тоқтататынын хабарлады. Күші жойылған рейстердің жолаушыларына билеттің толық құны айыппұлсыз қайтарылады. Қайтарымды билет сатып алынған жер бойынша рәсімдеуге болады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы билет рәсімдеген жолаушылар брондауға өзгерістерді дербес түрде онлайн енгізе алады. Туристік агенттіктер мен өзге де сату арналары арқылы рәсімделген билеттер бойынша жолаушыларға сатып алынған орынға жүгіну ұсынылады.

Толығырақ