Автор: erimbetkaz

Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Нұрлан Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы атанды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет басшысының өкімімен Нұрлан Серікбайұлы Кәрібаев «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Алматы хайуанаттар бағында тағы бір қуанышты жаңалық тіркелді. «Қызыл кітапқа» енген Тянь-Шань қоңыр аюларының жұбынан екі қонжық дүниеге келді. Биыл қаңтар айы зообақ үшін ерекше өнімді кезең болды. Бұған дейін мұнда амур жолбарыстарының, сондай-ақ сұр және қызыл кенгурулардың төлдері туған еді. «Жыртқыш сүтқоректілер» бөлімінің басшысы Гауһар Сіргебаеваның айтуынша, қонжықтар Құрманбек пен Герданың жұбында 1 қаңтарда дүниеге келген. Бұл Герданың төртінші төлі. «Қонжықтар өте әлсіз болып туады: көзі көрмейді, құлағы естімейді, денесі түксіз болады. Алғашқы 3-4 айда олар жылы үйшікте жатып, енесін еміп қоректенеді. Осы уақыт бойы зообақ мамандарының бақылауында болды. Қазір екі қонжық та өсіп…

Толығырақ

Астана. 15 сәуір. BM.KZ — ҚМА Алматы қаласы бойынша департаменті «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматы қаласы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды. Жоба «www.boxywealth.com» интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде «Күнделікті табыс» чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған. Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген. Қаражаттарды қабылдау…

Толығырақ

Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Қазақстанда жанар-жағармайдың қажетті қорлары толық көлемде қалыптасқан. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республикада мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,7 млн тоннаға жетті, бұл ретте жылдық болжамды көрсеткіш 15,4 млн тонна деңгейінде белгіленген. Өндіріс құрылымында әлеуметтік маңызы бар отын түрлері негізгі орын алады: бензин шығару 1,6 млн тоннаны, ал дизель отыны шамамен 1,5 млн тоннаны құрады. Нарықтың ағымдағы қажеттіліктерін қамтамасыз етумен қатар, Энергетика министрлігі елдің мұнай өңдеу әлеуетін түбегейлі арттыру бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруға кірісті. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуатын кеңейту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде: Павлодар мұнай-химия зауытының қуаттылығын 5,5-тен 9 млн тоннаға дейін, Шымкент…

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Бұл туралы ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Амрин айтты. Бірақ ведомство басшылығы қашан өсетінін нақтылай алмады. Медианалық жалақы 302 мың теңге. Яғни, жақын арада ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге дейін жеткізу біздің міндетіміз. Бұл қалай жүзеге асады? Бұл қазір есептеп жатқан бюджетке байланысты болады, — деді Амрин.

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Қазіргі уақытта еліміздің басым бөлігінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды, ахуал тұрақты, мониторинг жүргізілуде. Мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ТЖМ су тасқынына қарсы жедел штабы жұмыс істейді. Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Қазіргі уақытта елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде су тасқынының белсенді кезеңі барынша азайтылды. Қазір су тасқыны шыңы Ақмола облысының аумағында өтіп жатыр. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары бақылауда. Гидрологиялық жағдайдың тәулік бойы мониторингі және іс-қимылдарды үйлестіру қамтамасыз етіледі. Су тасқынына қарсы іс-шаралары жалғасуда және бақылауда. Су тасқыны жағдайының күрделенуіне жол бермеу мақсатында алдын алу және жедел шаралар…

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Елордада 4 кәсіпорында қызметкерлер алдында 22,2 млн теңге жалақы қарызы бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Исмағұлов айтты, деп хабарлайды Kazinform. Оның айтуынша, бүгінде Астанада 267 906 кәсіпорын жұмыс істейді. Онда шамамен 738 мың адам еңбек етеді. Осыған байланысты жалақының уақытында төленуі мен әлеуметтік кепілдіктердің сақталуын бақылау маңызды бағыттардың бірі болып отыр. — 2026 жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша 4 кәсіпорында 64 қызметкерге 22,2 млн теңге жалақы төленбегені анықталды. Мемлекеттік еңбек инспекторлары бұл бағытта тұрақты жұмыс жүргізіп келеді, — деді Ерлан…

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Республикалық бюджет үшін мұнайға салынатын экспорттық кеден бажы салығы оң әсерін тигізді. Бұл туралы Үкімет отырысында 3 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын талқылау кезінде Қаржы министрі Мәди Такиев мәлім етті. — Есепті кезеңде, мемлекеттік қаржының орнықтылығы, барлық әлеуметтік міндеттемелерді дер кезінде қаржыландыру, өңірлерді қолдау, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды цифрлық басқарылатын моделге көшу қамтамасыз етілді. Шикізат пен валюта нарығының сыртқы құбылуына қарамастан, жалпы негізгі бюджет параметрлері атқарылды. Трансферттерді есептемегенде, мемлекеттік бюджеттің кірістері 6,4 трлн теңгені немесе жоспарға 104,3 пайызды құрады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, түсімдер 931 млрд теңгеге немесе шамамен 17 пайызға өсті, — деді М.Такиев.…

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — 15 cәуірде Қазақстанда телевизия мен радио уақытша жұмыс істемейді. Жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізілетіні ескертілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ «Қазтелерадиоға» сілтеме жасап. Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15 сәуірде сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Соған байланысты Қазақстанның бүкіл аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады. «Жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар тоқсан сайын жүргізеді. Бұл жұмыстар сапалы телерадиохабар таратуды қамтамасыз ету үшін қажет. Тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақытқа ажыратуға мүмкіндік беретіндіктен, бұл кезеңде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім…

Толығырақ

Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Асет Исенали Корея Республикасындағы, ал Марғұлан Баймұхан Мьянма Одағы Республикасындағы елші қызметін атқарады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының жарлықтарымен: Асет Жеңісұлы Исенали Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды; Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, БҰҰ Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы (ЭСКАТО) жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Марғұлан Бақытұлы Баймұхан Қазақстан Республикасының Мьянма Одағы Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, — делінген хабарламада. Сонымен қатар, Президент Жарлығымен Нұрғали Алмасбайұлы Арыстанов Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Толығырақ