Автор: erimbetkaz

Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Виктор Орбан Венгриядағы парламент сайлауында жеңілгенін мойындап, «оппозицияда болса да елге қызмет ете беруге» уәде берді, деп хабарлайды DW-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. Сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау учаскелерінің 84,91 пайызындағы дауыстарды санағаннан кейін оппозиция жетекшісі Питер Мадьяр мен оның оңшыл-орталық «Тиса партиясы» 199 орынның 138-ін – жаңа парламенттегі дауыстардың үштен екісінен астамын иеленген болуы мүмкін. Сайлаушылардың қатысуы рекордтық деңгейге жеткен. Дауыс беру учаскелері жабылардан жарты сағат бұрын олардың саны 77,8 пайыз болған. Нәтиже жарияланғаннан кейін Орбан Будапештте жақтастарының алдында сөз сөйлеген. «Қандай жағдай болмасын, біз тіпті оппозицияда болсақ та, елге қызмет етеміз. Міндет айқын: енді басқару…

Толығырақ

Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Астанада қолына балта ұстаған мас ер адамның көпқабатты үй подъезінде жүргені тұрғындарды шошытты. Оқиғаға қатысты сот шешімімен 31 жастағы азамат 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұған дейін әлеуметтік желілерде тұрғын үй кешендерінің бірінде балта ұстап жүрген ер адамның видеосы тараған болатын. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің жеке басы жедел анықталып, ол полиция бөлімшесіне жеткізілген. Оқиға оның танысының пәтерінде болғаны белгілі болды. Сол кезде үйде жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Ер адамдар бірге ішімдік ішкеннен кейін, қонақтың мінезі өзгеріп, ол қолына құрылыс құралын алған. Полиция қызметкерлері құқыққа қайшы әрекеттердің жолын дер кезінде кескен. Подъезде жүрген…

Толығырақ

Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Қызылорда облысында жыл басынан бері дін саласында 14 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құқықбұзушылықтардың басым бөлігі департаменттің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы жүргізген рейдтік іс-шаралар, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстардағы мониторинг нәтижесінде анықталған. Діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы басылымдарды тек арнайы рұқсаты бар, заңды түрде тіркелген сауда орындары ғана сата алады. Соған қарамастан мұндай өнімдерді интернет арқылы заңсыз сату фактілері кездесіп отыр. Осыған байланысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 453, 490-баптарына сәйкес діни әдебиеттерді және діни мақсаттағы өзге де материалдарды заңсыз әкелгені немесе таратқаны үшін жеке тұлғаларға 50, заңды тұлғаларға 200 айлық есептік көрсеткіш…

Толығырақ

Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Америкалық әскери күштер 13 сәуірде Иран маңындағы теңіз қатынасын шектеу шараларын енгізеді, деп хабарлайды ТАСС. АҚШ Қарулы күштері бұл шараны АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) аясында жүзеге асырады. Әскери құрылым бұл әрекетті «теңіз блокадасы» деп атап, Иран порттарымен байланысы бар барлық кемелердің қозғалысын шектеуді көздейді. Жаңа тәртіпке сәйкес, тіркелген еліне қарамастан, Иран порттарына кіретін немесе шығатын барлық кемелерге шектеу қойылады. CENTCOM мәлімдемесінде операциялар АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 10:00-де басталатыны айтылған. «Президент жарлығына сәйкес, CENTCOM күштері Иран порттарына кіріп-шығатын барлық теңіз қозғалысына блокада енгізеді», — делінген ресми хабарламада. Сондай-ақ бұл шаралардың әмбебап сипатта болатыны және…

Толығырақ

Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Қазгидромет 13 сәуірге Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамдарын ұсынды. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде тұман болады. Желдің бағыты оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Қызылорда облысының орталығы мен солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыс бағытынан соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Қалада да шаңды дауыл болжанып отыр. Түркістан облысының солтүстігінде солтүстік-шығыс желі соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде өрт қауіпі жоғары деңгейде сақталады. Атырау облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Күндіз кей аймақтарда қатты жаңбыр мен бұршақ…

Толығырақ

Астана. 11 сәуір. BM.KZ — Жол-көлік оқиғасы Батыс Қытай — Батыс Еуропа халықаралық дәлізінің Ақтөбе қаласы маңында болды. Бір адам мерт болып, үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Kazinform. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға кеше сағат 23:00 шамасында болды. — ВАЗ-2115 және Lada Granta автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға салдарынан ВАЗ-2115 автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Ал Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түнгі уақытта жылдамдықты асырмау, қарсы бағытқа шықпау, шаршаған немесе ұйқысы қанбаған күйде рульге отырмау қажеттігін еске саламыз, — деді Ақтөбе қаласы ПБ ППБ командирінің…

Толығырақ

Астана. 11 сәуір. BM.KZ – Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті. — Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті. Президент АҚШ-тың озық ғылыми жетістіктеріне жоғары баға берді. Бұл дүние жүзіндегі ғалымдардың, инженерлер мен зерттеушілердің жаңа буынын жігерлендіріп, білім көкжиегін кеңейтетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасын және ғарыш саласындағы басқа да бастамаларды іске асыруда табыс тіледі, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 11 сәуір. BM.KZ – NASA-ның «Артемида-2» миссиясы аясында Айды айналып ұшқан «Орион» ғарыш кемесі Калифорния жағалауы маңындағы Тынық мұхитына сәтті қонды. Қону сәтінің тікелей эфирін NASA-ның YouTube арнасында үш миллионнан астам адам тамашалады, деп хабарлайды ВВС. Миссия барысында NASA астронавтары Рид Уайсмен, Виктор Гловер және Кристина Кук, сондай-ақ Канада ғарыш агенттігінің өкілі Джереми Хансен Жерден 407 000 шақырымға дейін алыстады. Бұл – адамзат тарихындағы ең алыс қашықтыққа ұшқан экипаж ретінде тіркелді. 1 сәуірде басталған сапар кезінде экипаж мүшелері жаңа буын скафандрларын сынақтан өткізді. Бұл скафандрлар автономды режимде алты күнге дейін тыныс алуды қамтамасыз ете алады. Ұшу барысында басқару орталығында алаңдаушылық…

Толығырақ

Астана. 10 сәуір. BM.KZ – «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында Су ресурстары министрлігі бұлақтарды, жағалау аумақтарын тазартуға және суға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» ауқымды экологиялық акциясын бастады. Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышевтың айтуынша, 2025 жылдың қыркүйегінде өткен акция еліміздің барлық өңірін қамтыды. Оған 4 мыңнан астам адам қатысып, шамамен 300 тонна қоқыс жиналған, ондаған шақырым жағалау аумақтары тазартылған. — 2026 жылдың наурызында «Мөлдір бұлақ» науқаны жалғасын тапты. Алғашқы кезеңде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, Жетісу облысы мен Шымкент қаласын қамтыды. Бұл жолы 9 мыңнан астам адам қатысып, 30 бұлақ тазартылды. Сонымен қатар, бұлақ көздерін…

Толығырақ

Астана. 10 сәуір. BM.KZ – «Қазгидромет» РМҚ 11–13 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады. — Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуына байланысты ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Елдің батысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі, — делінген хабарламада. Солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр болжанады. 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауады. 11 сәуірде республиканың батысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Қазақстан бойынша тұман болжанады.

Толығырақ