Автор: erimbetkaz

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Астана қаласында велоинфрақұрылымды ауқымды жаңарту жоспарланып отыр. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ және компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен іске асырылады және қоғамдық веложалдау қызметтерінің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жаңғырту аясында 1300 электрлі велосипед, сондай-ақ желіні 195 велостансаға дейін кеңейту көзделген. Велошеринг жүйесі елордада 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қалалық көлік инфрақұрылымының бір бөлігіне айналды. Қазіргі уақытта веложолдау жүйесінде 155 станса және шамамен 750 велосипед бар. Жаңарту жабдықтардың тозуымен және жүйе жұмысының тиімділігін арттыру қажеттілігімен байланысты. Жобаны іске асыру сервис сенімділігін арттыруға, қамтуды…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының әйелдер арасындағы финалдары өтіп жатыр. Аса ауыр салмақта бақ сынайтын (+80 кг) Дина Исламбекова шешуші кезеңде Альфия Тараннум Хан Патанмен (Үндістан) кім мықтыны анықтады. Бес раунд нәтижесінде қазақ боксшысы басым түсті. Есеп: 5-0. Дина бірнеше күн бұрын жартылай финалда өзбек боксшысын 5-0 есебімен жеңген. Айта кетейік, үндістандық спортшы — жастар арасындағы әлем чемпионы (2021 ж), Азия чемпионы (2022 ж). Осылайша, Қазақстан әйелдер командасы Моңғолиядағы чемпионатты 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен аяқтады. Бүгін Надежда Рябец (-80 кг) алтыннан алқа тақса, Бақыт Сейдіш (-70 кг) күміс…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Осы күзде елордада Astana AI Film Festival (AAIFF 2026) — жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып жасалған фильмдердің халықаралық фестивалі өтеді. Фестиваль авторлар, digital-креаторлар, технологиялық компаниялардың өкілдері, сарапшылар мен инвесторлардың басын қосады. Алаң киноиндустрия мен AI-технологиялар тоғысатын жобаларды дамытуға бағытталады. Фестиваль аясында қысқаметражды фильмдердің халықаралық байқауы өтеді. Оған әртүрлі елдердің авторлары қатыса алады. Сондай-ақ AI-контентке арналған конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған питч-сессиялар, сондай-ақ халықаралық сарапшылардың қатысуымен фильм көрсетілімдері мен туындыларды талқылау шаралары жоспарланған. Фестиваль контент жасаудың бүкіл циклін — идеядан бастап соңғы өнімге дейінгі жолды қамтиды. Әсіресе гибридті жобаларды қоса алғанда, жаңа форматтарға ерекше көңіл бөлінеді.…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — 2026 жылғы наурыз ҰБТ-сынан 179 мыңға жуық адам өтті. Талапкерлердің 75%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 157 адам ағылшын тілінде тапсырды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті. Талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже — 140 балл. Атырау облысының түлегі Кенесова Жазира төрт пән бойынша 90 балл жинады. Сонымен қатар Жазира ҚАЗТЕСТ сертификатын пайдаланып, «Қазақ тілі» пәні бойынша балдарын конвертациялады. Осылайша, Кенесова Жазираның жалпы нәтижесі 140 балды құрайды. — Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар.…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — 20 сәуірден бастап Алматыда заңсыз сақталып келген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде сатып алу бойынша республикалық акция басталады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, тіркелмеген қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың жолын кесу, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру. Алматы қаласы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаевтың айтуынша, бұл акцияға қатысу – азаматтар үшін тек қана қылмыстық жауапкершіліктен құтылу мүмкіндігі емес, сонымен қатар қоғам қауіпсіздігіне қосылған маңызды үлес. – Заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Сонымен қатар тапсырылған қару…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Қостанай қаласында мемлекеттік субсидияларды жымқыру және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактісі бойынша үкім шығарылды. Тергеуді Қостанай облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті жүргізді. Еске сала кетейік, «Beef Export Group» ЖШС басшысы Пархоменко жетекшілік еткен қылмыстық топ Ауыл шаруашылығы басқармасының лауазымды тұлғаларының қатысуымен, сондай-ақ аудандық деңгейдегі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен ветеринариялық мамандармен келісу арқылы субсидияларды заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. — Қаскөйлер ірі қара малды сатып алу және оны қайта өңдеу туралы құжаттарды жалған рәсімдеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жүйелі түрде субсидия алып отырған. Түскен қаражаттар жалған жеткізілген мал үшін төленгендей көрсетіліп,…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — 8 сәуірде күрес түрлерінен Бішкек қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында грек-рим күресінен финалдық бәсекелер аяқталды. Қазақстан құрамасы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. Алматбек Аманбек 72 келіге дейінгі салмақта финалдық кезеңге дейін жетті. Ол бұл кезеңде ирандық Мохаммад Джавад Резаимен белдесті. Айқастың алғашқы секундттарында ирандық балуан есепте алға шықты.  Дегенмен отандасымыз саспай, қарсыласының осал тұсын дәл тауып, айласын асыра білді. Шебер әдіс арқылы ирандық балуанды таза жеңіп (туше), Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медальді салды. Сондай-ақ, Азия чемпионатының қорытындысы бойынша үш балуанымыз қола жүлдеге ие болды. 82 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін Ибрагим Магомадов…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы 10-25 сәуір аралығында Ж.Нәжімеденов көшесінің А-52 көшесінен С. Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығына орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылатын болады. Көрсетілген учаскеде жол кептелісін азайту мақсатында қатар жатқан А.Байтұрсынұлы көшесімен қатынауға болады. — Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен жабық кездесу өткізді, деп хабарлайды Kazinform. Associated Press хабарлағандай, келіссөздер Ақ үй басшысының елдің НАТО-дан шығу мүмкіндігі туралы мәлімдемелері аясында өтті. Бұған дейін тараптар Ормуз бұғазы арқылы қауіпсіз кеме қатынасын қайта жандандыру мәселесін талқылауы тиіс екені хабарланған болатын. Кейін CNN-ге берген сұхбатында Рютте Трамптың әңгіме барысында Ирандағы операция аясында Вашингтонның кейбір одақтастарының әрекеттеріне көңілі толмағанын айтып, америкалық көшбасшының наразылығын түсінетінін жеткізді. — Ол, әрине, НАТО-дағы кейбір одақтастарына көңілі толмай отыр, мен оны түсінемін. Сонымен бірге мен еуропалық елдердің басым бөлігі базалар, логистика, ұшу тұрғысынан пайдалы болғанын…

Толығырақ

Астана. 9 сәуір. BM.KZ — 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 22:55-те ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі арқылы жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 117 шақырым солтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағында, Алматы облысы Іле ауданында орналасқан. Сезілуі туралы мәліметке сәйкес, Алматы облысының Күрті ауылында 2 балл шамасында байқалған. Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Осыған байланысты мамандар жер сілкінісі кезінде сақталуы тиіс қарапайым қауіпсіздік шараларын еске салады. Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам: – Жер дүмпуі кезінде үрейге бой алдырмаңыз; – Лифт пен баспалдақты пайдаланбаңыз; –…

Толығырақ