Автор: erimbetkaz

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Таяу Шығыстағы шиеленісті дипломатиялық жолмен реттеуге бағытталған маңызды қадам жасалды. АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қарсы соққыларды уақытша тоқтатуға дайын екенін мәлімдегеннен кейін, Тегеран екі апталық бітім шарттарын қабылдады. Тараптар арасындағы келіссөздер жұма күні Исламабад қаласында басталады. Бұл ақпаратты Al Jazeera таратты. АҚШ тарапы соққыларды уақытша тоқтатуға әзір екенін жеткізді. Алайда негізгі талап – Ормуз бұғазы толық әрі қауіпсіз түрде ашылуы. Иранның Сыртқы істер министрі алдағы екі апта ішінде бұғаз арқылы кемелердің қауіпсіз қозғалысы елдің қарулы күштерімен бірлесе қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Бұл бастама Пәкістан Премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін көтерілді. Ол АҚШ президентінен келіссөз мерзімін…

Толығырақ

Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды. Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі — баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлім етті. — Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды. Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында 4 адамды кене шақты, деп хабарлайды Kazinform. Күн жылынғалы өңірде кене маусымы басталып кетті. 30 наурыз күні Лесхоз шағын ауданында кене шағудың алғашқы фактісі тіркелді. Ал 7 сәуірдегі жағдай бойынша, Риддерде кенеден 4 адам зардап шеккен. Оның үшеуі ересек, біреуі бала. — Егер сізді кене шақса, мүмкіндігінше ертерек, нақты айтқанда төрт күннің ішінде медициналық мекемеге барып қаралыңыз. Онда кенені алып тастап, иммуноглобулин егіліп, ары қарай медициналық бақылауда боласыз, — дейді қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Гүлмира Мырзағараева. Ауруханаларда кене энцефалитіне қарсы вакцина бар. Сонымен қатар кене шаққаннан кейінгі аурудың алдын алу үшін иммуноглобулин де жеткізілген.…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ – ҚМА «NBC TV» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. Тергеу амалдарына сай, 2025 жылы күдікті интернеттегі «www.nbcms.com» ресурсы және WhatsApp мессенджері арқылы азаматтарды тарта отырып, инвестициялық онлайн-жоба ретінде бүркемеленген қаржы пирамидасын ұйымдастырған. Аталған мессенджер чаттарында («Дискуссионная группа NBC Charlotte», «NBCUniversal Media LLC» және басқа) 200-ден астам адам болған. Қатысушыларға қысқа бейнероликтерді (фильм трейлерлерін) қарағаны үшін табыс табу сылтауымен инвестиция салу ұсынылған. Жобаға қатысу үшін құны 11 000-нан 160 000 теңгеге дейінгі инвестициялық пакеттерді сатып алу талап етілген. Бұл ретте тәулігіне 5–10%-ға дейін (айына 150%-дан…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. -Мемлекет басшысы «Бір тараптан Қазақстан Республикасының Үкіметі және екінші тараптан Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы мен Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігі арасындағы Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өркендеуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,-делінген хабарламада. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында фототұзаққа Қызыл кітапқа енген Түркістан сілеусіні түсіп қалды. Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағына орнатылған фототұзаққа Қазақстан Республикасы Қызыл кітабына енген сирек жыртқыш – Түркістан сілеусіні (Lynx lynx isabellinus) тіркелді. Сілеусін – өте сақ, жасырын тіршілік ететін әрі табиғатта сирек кездесетін аң. Оның фототұзаққа түсуі парк аумағындағы табиғи ортаның қолайлы екенін және биоалуантүрліліктің сақталғанын көрсетеді.

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Астананың жеңіл рельсті көлік жүйесі бір уақытта 19 құрамды қатыстырумен көп пойызды кешенді сынаққа өтті. Сынақ машинистің араласуынсыз, толық автоматты GOA4 деңгейінде өткізіледі. Қазіргі кезеңде пойыздардың нақты қозғалыс кестесі моделденуде, онымен бірге жолаушыларды отырғызу және түсіру, стансалардағы тұру уақыты мен басқа да негізгі жұмыс көрсеткіштері тексеріледі. Осы кезеңнің нәтижелері жүйені қосымша баптауға және тұрақты жұмыс жағдайында LRT тұрақты, қауіпсіз әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін пайдаланылады. Астанаға барлығы 19 құрам жеткізілді. Желіде 15 пойыз жүретін болады. Қалған құрамдар резерв ретінде қарастырылған.

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Атырау қаласындағы қоқыс полигонында тұрмыстық қалдықтар өртеніп, бықсып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша бұл аумақтан түтін 7 сәуір сағат 07:30–да шыққан, деп хабарлайды Kazinform. Оқиға орнына күштер мен құралдар өрт сөндірушілер, «Арнаулы Автобаза» ЖШС барлығы 65 адам, 35 техника жедел түрде жұмылдырылды. — Оқиға орнында Атырау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары жетекшілік етіп жатыр. Қазіргі уақытта бықсуды жою жұмыстары жалғасып жатыр. Жағдай бақылауда. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиға ТЖМ бақылауында, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі. Айта кетейік, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны 1977 жылы пайдалануға берілген. Соңғы ақпарат бойынша 35 гектар аумаққа 3,5 млн…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Бүгін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде Катонқарағай ауданын дамыту жайы талқыға салынған жиын өтті. Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов, Парламент Мәжілісінің  депутаты Ерлан Саиров және Aitas холдингінің өкілдері қатысты. Отырыс барысында аудан әкімдігі мен Aitas холдингі бірлесе әзірлеген Катонқарағайды дамытудың стратегиялық құжаты ұсынылды. Еске салсақ, жуырда ШҚО әкімін қабылдаған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм саласын дамытуды жалғастыруды тапсырған болатын. Бұл мақсатта облыс әкімдігі кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейтіп жатыр. «Соңғы 7 жылда Катонқарағайда 100-ден астам жоба іске асырылды. Оның 75-і туризм саласына қатысты. Аудан әкімдігімен бірлескен жұмыстың арқасында қызмет көрсетілген туристер саны 5 есе, бөлшек сауда көлемі 2 есе,…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Алматыда болған жантүргішерлік жол апатына кінәлі жүргізуші қамауға алынды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Үш адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасына қатысты іс бойынша күдіккті деп танылған ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі тергеу изоляторына этапталды. Бұған дейін күдікті медициналық мекемеде айдауылмен болған. — Қазіргі уақытта ол қылмыстық іс аясында қамауда ұстау үшін тергеу изоляторына жеткізілді, — деп хабарлады департаменттен.

Толығырақ