Автор: erimbetkaz

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Елімізде 30 наурыз бен 3 сәуір аралығында елімізде «Дәрмек» іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Polisia.kz. Оның мақсаты — есірткі және психотроптық дәрілердің заңды айналымын бақылау. Жедел-профилактикалық іс-шара аясында: — әсері күшті дәрілерді заңсыз сату бойынша 16 қылмыстық іс қозғалды; — дәріхана қызметкерлеріне қатысты 13 қылмыстық іс тіркелді; — мыңнан астам медициналық мекеме және 300 кәсіпорын тексерілді; — 209 әкімшілік құқық бұзу анықталды; — 500 мыңнан астам дәрі және 1,5 мың тонна прекурсордың айналымы шектелді; — 73 кәсіпорын басшысы жауапкершілікке тартылды; — 136 медицина қызметкеріне қатысты материалдар жиналды. Алматыда рецептісіз дәрі сатқан төрт дәріхананың фармацевттеріне қатысты ,бірнеше…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — Қазақстанда кезекті жол-құрылыс маусымы басталды. Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының орташа және күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды. Қазіргі уақытта жол жұмыстары белсенді түрде елдің оңтүстік және батыс өңірлерінде жүргізілуде. Солтүстік облыстарда жобаларды іске асыру ауа райы жағдайлары тұрақталғаннан кейін басталады. Қазіргі кезеңде бұл өңірлерде құрылыс маусымына дайындық, оның ішінде қажетті материалдарды дайындау, сондай-ақ техника мен персоналды мобилизациялау жұмыстары атқарылуда. 2026 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша ауқымды жоба іске асырылып, жалпы 122 нысан қамтылады. Оның 73-і 2025 жылдан өтпелі нысандар болса, тағы 49-ы — жаңа жобалар. Орташа жөндеу бағыттары елдің…

Толығырақ

Астана. 7 сәуір. BM.KZ — «Артемида II» экипажы Жерден ең алыс қашықтыққа ұшу бойынша тарихи рекордты жаңартты, деп хабарлайды Анадолу. 252 752 миль – адамзат тарихындағы жаңа ғарыштық белес. «Артемида II» экипажы Жерден бұрын-соңды адам баласы жетпеген ең алыс қашықтыққа барды. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (НАСА) X әлеуметтік желісінде мәлімдеді. – Бұл 1970 жылы «Аполлон-13» орнатқан алдыңғы рекордтан шамамен 4 102 мильге артық, – делінген хабарламада. «Орион» ғарыш кемесі 6 сәуір күні Айдың тартылыс өрісіне сәтті енді. «Артемида II» миссиясы аясында астронавтар Жер серігін айналып ұшуы тиіс. Бір тәулік ішінде олар Айдың арғы бетінен…

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Алматыда мектеп оқушысы жыныстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болды. Бұл туралы адвокат Ляззат Рақышева хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz. Адвокаттың айтуынша, қылмысты қыздың әкесінің танысы, отбасымен араласқан ер адам жасаған. Қыздың ата-анасы ажырасқан. Қазіргі уақытта анасы мас күйінде көлік басқарғаны үшін колонияда жазасын өтеп жатыр. – Анасына бұл қылмыс туралы ешкім хабарламаған. Тергеу жүргізіліп, іс сотқа да жеткен. Бірақ бірде-бір орган оны құлағдар етпеген. Ол бар болғаны алты ай өткен соң ғана бәрін білген, – деді адвокат. Осы уақыт ішінде, Ляззат Рақышеваның сөзінше, қызға әкесі, туыстары және күдіктінің адвокаты тарапынан психологиялық қысым жасалған. Соның салдарынан ол сотта бастапқы берген көрсетімдерін…

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Air Astana 2026 жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Астана әуежайындағы ұшу-қону жолағының сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін жоспарлы түрде жабылуына байланысты рейстер кестесіне уақытша өзгерістер енгізілетінін хабарлады. — Өзгерістер Астанадан Алматы, Қостанай, Өскемен, Атырау және Ақтөбе бағыттарына, сондай-ақ Астанадан Сеул, Франкфурт, Бейжің, Ташкент, Дубай, Фукуок, Нячанг және Ыстанбұл бағыттарына орындалатын тұрақты рейстерге әсер етеді. Өзгерістерге ұшыраған рейстердің жолаушылары брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері арқылы хабардар етіліп жатыр, — делінген хабарламада. Рейстің мәртебесін Брондау секілді өзге де ақпарат алу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласуға болады: help.airastana.com, +7 (727-24) 4-44-77, +7 (702-70) 2-44-77, +7 727 244 4478 (рейстердің кешігуі…

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Биыл қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитеті шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті. Бірлескен әрекеттердің нәтижесінде Алматы қаласында 8 кг синтетикалық «метамфетамин» затын алу кезінде Қазақстан азаматы ұсталды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Сот санкциясымен ұсталған адамға қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Алматыда курьерлердің тұрғындарға тиісуіне қатысты шағымдардан кейін жеткізу қызметтеріне қойылатын талаптар күшейтіледі. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады. Алматы полиция департаментіне жеткізу платформалары, прокуратура мен қоғам өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Негізгі тақырыптар тұрғындардың қауіпсіздігі, заңнаманы сақтау және курьерлердің әрекеттері үшін бизнестің жауапкершілік алуы болды. Алматы полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов жеткізу нарығы қарқынды дамып келе жатқанын, алайда азаматтарды қорғау басымдық болып қалуға тиіс екенін атап өтті. «Әрбір курьер тұрғын үйлерге, азаматтардың жеке деректеріне және олардың үйде болу режиміне қатысты ақпаратқа қол жеткізеді. Біз курьерлердің жұмыс процесінің барлық кезеңінде биометриялық сәйкестендіруді енгізуді, аккаунттарды үшінші…

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожол учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектелді: Ақтөбе облысы • «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтак — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 1153-1240-шақырым аралығы (Ырғыз ауылы — Қызылорда облысының шекарасы); • «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1153-шақырым аралығы («ЭКО Ойл» ЖЖС — Ырғыз ауылы). Жамбыл облысы • «РФ шекарасы — Мартөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғас — ҚХР шекарасы» автожолының 159-238-шақырымы аралығы (Кенен ауылы — Қайнар ауылы); • «Астана — Қарағанды — Алматы» автожолының 750-893-шақырым…

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Куба билігі елдің аумақтық суларында болған атыс оқиғасы салдарынан төрт адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Euronews. Куба жағалау күзеті АҚШ-та тіркелген жылдам катерді тоқтатпақ болған. Алайда катер экипажы берілген бұйрыққа бағынбаған. Ресми мәліметке сәйкес, сол сәтте катерден патрульдік кемеге қарай оқ атылған. Бұған жауап ретінде Куба шекарашылары да қару қолданған. Атыс салдарынан катердегі алты адам және патрульдік топтың командирі жарақат алды. Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілген. Биліктің хабарлауынша, FL7726SH нөмірлі, Флоридада тіркелген катер Вилья-Клара провинциясындағы Фальконес-Кей аралы маңынан, шамамен бір миль қашықтықта анықталған. АҚШ тарапы бұл оқиғаға қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Толығырақ

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — Астана қаласының білім басқармасы 0-9 сынып оқушыларын қашықтан оқытуға көшіру туралы ақпаратты бүгін тағы да жариялады. «Ауа райының бұзылуына байланысты 26 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада. «Қазгидрометтің» хабарлауынша, Астанада 26 ақпанда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -24…-26°C, күндіз -17…-19°C.

Толығырақ