Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Елордада Қазақстанның жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумға кері санақ басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты. Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыреспубликалық референдум биылғы 15 наурызда өтеді. Оған дейін 25 күн қалды. — Кері санақ таблолары елорданың бірқатар маңызды нысанында — шолу дөңгелегінде және Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ғимаратында орнатылды. Ондағы сандар нақты уақыт режимінде референдумға дейін қалған күндерді көрсетіп тұр, — делінген хабарламада.
Автор: erimbetkaz
Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық құрамасы спортшыларының XXV қысқы Олимпиада ойындарындағы 19 ақпанда өтетін жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Сағат 15:00 Фристайл-акробатика/іріктеу (ерлер) Асан Асылхан, Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов. Сағат 23:00 Мәнерлеп сырғанау/еркін бағдарлама (әйелдер) Софья Самоделкина
Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым- Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтауы Құрметті отандастар! Сіздерді күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – дүние жүзіндегі миллиардтаған жанды рухани тазаруға, жақынына жанашыр әрі қамқор болуға үндейтін мезгіл. Ораза азаматтарды шыдамдылық пен төзімділікке шақырып, халқымыздың бойына қарапайымдылық, жауапкершілік және адалдық сынды асыл қасиеттерді сіңіреді. Оразаның рухани құндылықтарын қазір әлемде болып жатқан күрделі ахуалды ескере отырып, кемел санамен қабылдау, оның түпкі мағынасын дұрыс түсіну – үлкен имандылықтың белгісі. Бүгінде…
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Ақтөбе облысында прокуратура қызметкері ұсталды. Қазіргі уақытта оған қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. «2026 жылғы ақпанда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталық аппараты мен Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті бірлесіп, Ақтөбе облысы прокуратурасының қызметкерін ұстады. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен. Ведомство Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Тараз қаласында мектеп оқушысын автобус аялдамасында ұрлап әкету дерегі тіркелді. Оқиға орнына полиция қызметкерлері жетіп, күдіктілер көп кешікпей қолға түсті, деп хабарлайды Kazinform. Қылмыстық оқиғаға қатысты бейнежазба әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрдан екі ер адамның 13 жасар қызды күштеп көлікке кіргізуге оқталғанын байқауға болады. Осы сәтте сол маңнан өтіп бара жатқан адам көмекке келеді. – Полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған қызды ұрламақ болғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлері жіберілді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті. Оқиғаның мән-жайын…
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — 20 жылдан астам уақыт Рендсбург қаласында клиниканы басқарған доктор Иссифи Джибей зейнетке шыққаннан кейін жұбайымен бірге Шлезвиг-Гольштейн жерінде тұрған. Бұл туралы BILD басылымы хабарлады. Джибей туған елі – Нигерге билеуші мәртебесінде ораламын деп жоспарламаған. Ол Батыс Африкадағы ең кедей мемлекеттердің бірі саналады. Иссифи Джибей 1970 жылы стипендия алып, Германияға келіп, медициналық білім алған. Кәсіби жетістіктерімен қатар, оның текті әулеттен шыққаны белгілі: ол ақсүйек әулеттің өкілі әрі 2023 жылы қайтыс болған бұрынғы монархтың ықтимал мұрагерлерінің бірі ретінде аталған. Өз сөзінде Джибей егер сайлауға қатысудан немесе тәжді қабылдаудан бас тартса, отбасы мұны құптамайтынын айтқан. Нигерде мемлекеттік басқару…
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Украина әскері Краснодар өлкесіндегі Ильский мұнай өңдеу зауытына соққы бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Украина Қарулы күштері Бас штабының хабарлауынша, нысана дәл тигізіліп, зауыт аумағында өрт шыққан. Ильский мұнай өңдеу зауыты Ресейдің оңтүстігіндегі мұнай саласындағы ең ірі кәсіпорындардың бірі саналады әрі ресейлік армияны қамтамасыз етуге тартылған, деп жазады BBC. Таңертең Краснодар өлкесі әкімшілігінің жедел штабы ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан Ильский МӨЗ аумағында өрт шыққанын хабарлады. Өрттің жалпы аумағы шамамен 700 шаршы метр. Сондай-ақ Краснодар өлкесінің билігі таңғы уақытта Қара теңіздегі Тамань портына дрондармен кезекті шабуыл жасалғанын және мұнай өнімдері сақталған резервуардың жанғанын мәлімдеді. Еске салайық,…
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Жаркент қаласында төрт жасар балаға қатыгездік жасады деп айыпталған әйелге қатысты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Kazinform. Панфилов аудандық сотының мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 18 қаңтарда болған. Сол күні төрт жасар бала ванна бөлмесінде суды ашық қалдырып, соның салдарынан бөлмені су басқан. Осыдан кейін анасы баланы жылу батареясына байлап, денесінің әр жерінен бірнеше рет ұрған. Бұл әрекеттердің барлығы бейнежазбаға түсірілген. Баланың әкесі ұлын бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер баланың басы мен арқасында соққы іздері мен теріасты гематомаларын тіркеген. Тергеу барысында болған оқиға бейнежазба, куәгерлердің айғақтары және сот-психиатриялық сараптама қорытындысы арқылы расталған. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел туа…
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Италияның Милан қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан бәсеке басталды. Қазақстан намысын қорғап жатқан Софья Самоделкина жарыс жолына 17-ші болып шықты. Қорытындысында, спортшы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, қысқа бағдарламада 68.47 ұпай еншіледі. Осылайша, Софья Самоделкина 19 ақпанда өтетін еркін бағдарламаға тікелей жолдама алды.
Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Дубай.WTA 1000 турнирін жеңіспен бастады. Жарыстың бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина екінші айналымда әлемдік рейтингте 94-орында тұрған аустралиялық Кимберли Бирреллді айқын басымдықпен ұтты — 6:1, 6:2. 1 сағат 2 минутқа созылған кездесуде Рыбакина 6 эйс жасап, 6 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Ал қарсыласы небәрі 1 эйспен шектелді. Ширек финал жолдамасы үшін қазақстандық теннисші әлемнің 67-ракеткасы, хорватиялық Антония Ружичпен кортқа шығады. Айта кетейік, өткен жылы Рыбакина осы турнирде жартылай финалға дейін жеткен болатын.