Автор: erimbetkaz

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Күндіз Қазақстанның басым бөлігінде температура жылы, дегенмен солтүстік өңірлерде қар мен көктайғақ болады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. Астанада көшпелі бұлт, қар аралас жаңбыр. Жел 15-20 м/с. Түнде -4…-6°C, күндіз 0…+2°C. 17 ақпанда түнде аздаған қар, күндіз жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болжанады. Көктайғақ, түнде және таңертең тұман күтіледі. Алматыда көшпелі бұлт, жаңбыр. Жел 2-7 м/с. Түнде +2…+4°C, күндіз +9…+11°C. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Шымкентте көшпелі бұлт, негізінен жауын-шашынсыз. Жел 7-12 м/с. Түнде +7…+9°C, күндіз +15…+17°C. Алайда 17 ақпанға қараған түні жаңбыр жаууы мүмкін. Ақтауда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Жел 15-20 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздерінен 2,64 ГВт қуатты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясының тұрақты профицитіне шығуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өткен жылы 3,7 млрд киловатт-сағат энергия импортталғанын атап өтіп, жаңа қуаттарды іске қосу жұмысын күшейтуді тапсырды. Биыл 4 бу-газ қондырғысы (БГҚ), 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылады және екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда. Аталған энергия нысандары жылына шамамен 16 млрд киловатт-сағат энергия өндіреді.…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Қостанай облысындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеуші көз жұмды. Оқиғаға байланысты тергеу басталды, деп хабарлайды Kazinform. ҚР Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ер адамның есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқанын хабарлады. — Бұл оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Қазір барлық мән-жайды анықтау мақсатында қызметтік тергеу жүріп жатыр, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Непал билігі әуесқой альпинистерге Эверестке (Хомолунгма, 8 848,86 м) шығуға лицензия беруді тоқтатады, деп хабарлайды Report. Қазіргі таңда әлемдегі ең биік тау шыңы туристерге лық толы. Олардың арасында танымал блогерлер де, жеткілікті дайындығы жоқ әуесқой альпинистер де бар. Осы жағдайға байланысты Оңтүстік Азия елінің туризм департаментінің директоры Химала Гаутама Эверест шыңына көтерілуге рұқсат беру талаптары күшейтілетінін мәлімдеді. Енді өтініш берушілер Непал аумағында биіктігі 7000 метрден асатын кемінде бір шыңды бағындырғанын растайтын құжат ұсынуы тиіс. — Непал тауларының өзіндік ерекшеліктері мен күрделі табиғи жағдайлары бар. Сондықтан альпинистік тәжірибе апат қаупін едәуір төмендетеді, — деді Гаутама. Билік…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — 17 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының оныншы жарыс күні басталды. Бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 14:00 — шаңғы қоссайысы, биік тұғыр Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров 14:45 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер) Қатысушы: Аяна Жолдас 17:30 — фристайл-акробатика, іріктеу (ерлер) Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов 17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров 18:52 — конькимен жүгіру, командалық із кесу (әйелдер, жартылай финалдар, финал) Қатысушы: Қазақстан құрамасы 22:45 — мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер) Қатысушы: Софья Самоделкина

Толығырақ

Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағына кіру тәртібі өзгертілді. «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының хабарлауынша, 15 ақпаннан бастап кесене аумағы қоршалып, келушілердің кіруі арнайы орнатылған турникеттер арқылы жүзеге асырылады. – Бұл шара киелі нысанның сақталуын қамтамасыз ету, қауіпсіздік деңгейін арттыру, террористік сипаттағы ықтимал қауіптердің алдын алу, сондай-ақ келушілер қозғалысын реттеу мақсатында енгізіліп отыр. Енді келушілер кесене аумағына жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетіп, билет алып, қауіпсіздік тексерісінен өткеннен кейін ғана кіре алады, – делінген хабарламада. Мекеме өкілдері енгізілген өзгерістер аумақта жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіздігі мен бақылауын күшейтуге бағытталғанын атап өтті.

Толығырақ

Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Жетісу облысында азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Жетісу облыстық ТЖД. 2026 жылғы 15 ақпанда 18:45 шамасында Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылында орналасқан «Малика» азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылды. Өрт болмаған. Оқиға салдарынан сыртқы қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, зақымдану аумағы шамамен 36 шаршы метрді құрады. Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері жедел жетіп, жалпы 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылды. Оқиға салдарынан 3 адам зардап шекті. Медициналық тексеруден кейін олар аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Науқастардың жағдайлары – орташа ауырлықта, тұрақты деп бағаланды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Толығырақ

Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Бадам өзені бойындағы жағалауды бекіту жұмыстары аяқталғанына бірнеше ай өтпей жатып, жаңа бетон бөгеттің шамамен 40 метрі қирап қалды. Құқық қорғау органдары гидротехникалық нысанға келтірілген залалға қатысы бар тұлғаларды анықтап жатыр. Ал мердігер компания нысанды кепілдік міндеттеме аясында қалпына келтіруі тиіс, деп хабарлайды Kazinform. Жоба өткен жылдың желтоқсан айында аяқталған. Шымкент қаласындағы Бадам өзені бойында 5,3 шақырым жағалау сызығы бекітілген. Игілік, Жаңаталап және Көкбұлақ тұрғын алаптары маңында мамандар өзен арнасын тегістеп, беткейлерін бетонмен нығайтып, гидротехникалық құрылымдарды күшейткен. Аталған жұмыстарға бюджеттен 2,7 млрд теңге бөлінді. Жаңартылған дамба көктемгі су тасқыны кезінде су деңгейі көтерілген жағдайда жақын маңдағы аумақтарда су басу…

Толығырақ

Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Алматы тауларында сырғанаған фрирайдерлер қар көшкіні астында қалған. «Шымбұлақ» мәліметінше, кеше курорт аумағынан тыс «Чимбулачка» өзені маңында, екі фрирайдер сырғанауға шыққан. Олардың әрекетінен қар көшкініні болып, райдерлердің бірі қалың қар астында қалған. — Екінші райдер абдырап қалмай, бірден курорттың аспалы жол операторына хабар берген. Ақпарат дереу курорттың Жедел әрекет ету орталығына жеткізілді. Ski Patrol Shymbulak құтқарушылары оқиға орнына шұғыл аттанды. Бақытымызға орай, адам өмірін сақтап қалу мүмкін болды, — делінген хабарламада. «Шымбұлақ» әкімшілігі оқыс оқиға бұл жолы бәрі сәтті аяқталғанымен, қар көшкіні екінші мүмкіндік бермейтінін атап өтті. — Фрирайд – еркіндік, адреналин және әсем көріністен…

Толығырақ

Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева өзінің кезекті жетістігімен бөлісті. – Мен 12-ші әлем чемпионы Александра Костенюкті жеңдім. Жеңіске жету әрқашан жағымды, әсіресе егер бұл 2027 жылы Вайссенхаус қаласында өтетін келесі әлем чемпионатына қатысуға кепілдік берсе. Тамаша турнир үшін рақмет! Келесі жылы осында оралуды асыға күтемін, — деп жазды Асаубаева Instagram желісіндегі парақшасында.

Толығырақ