Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Қазақстан жекпе-жек спортының негізін қалаған азамат Сабыржан Махметов дүниеден озды. Бұл жөнінде белгілі жазушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Танымал бапкер әрі спортшы 67 жасында өмірден өтті. Қазақстандық жанкүйерлер оны кикбоксингтің аңызы, жекпе-жек спортындағы білікті де тәжірибелі маман ретінде жақсы біледі. Ол елімізде осы спорт түрінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Сонымен қатар Қазақстандағы жекпе-жек федерациясының негізін қалап, ұйымды басқара жүріп көптеген ауқымды жобаларды жүзеге асырды. Сабыржан Махметов – КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, КСРО және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Ол КСРО әуе десант әскерінің (ВДВ) үш дүркін абсолюттік чемпионы, ережесіз жекпе-жектен бірнеше мәрте…
Автор: erimbetkaz
Астана. 16 ақпан. BM.KZ — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, қолайсыз ауа райына байланысты төмендегі учаскелерде уақытша қозғалыс шектелді: Ақтөбе облысы • «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолы, 965-1240-шақырым (Қарабұтақ ауылы – Қызылорда облысының шекарасы). Қызылорда облысы • осы автожолдың 1240-1362-шақырымы (Ақтөбе облысының шекарасы – Арал қаласы). Жетісу облысы • «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолы, 84-164-шақырымы (Көктұма станциясы – Достық станциясы). Павлодар облысы • «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ…
Астана. 16 ақпан. BM.KZ — Бейбітшілік кеңесіне мүше мемлекеттер Газа секторына гуманитарлық көмек көрсету және оны қалпына келтіру үшін 5 миллиард доллардан астам қаржы бөлуге дайын, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік кеңесіне кіретін елдер Газа секторына гуманитарлық қолдау көрсету мен оны қайта қалпына келтіруге миллиардтаған доллар бөлуге келіскенін айтты. Ақ үй басшысы бұл туралы 15 ақпанда Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Бейбітшілік кеңесінің «шексіз әлеуеті» бар және ол өз тиімділігін әлдеқашан дәлелдеген. Трамп былтыр қазан айында Газа қақтығысын түбегейлі тоқтатуға бағытталған жоспарды ұсынғанын еске салды. Оның сөзінше, бұл жоспар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан бірауыздан қабылданған.…
Астана. 16 ақпан. BM.KZ — 16 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күні басталды. Бүгін 6 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 14:00 — тау шаңғысы, слалом (ерлер) Қатысушы: Ростислав Хохлов 15:00 — шорт-трек, 500 м (ерлер), 1000 м (әйелдер) Қатысушылар: Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова 23:00 — шаңғымен тұғырдан секіру, командалық жарыс Қатысушылар: Илья Мизерных, Данил Васильев
Астана. 16 ақпан. BM.KZ — ҚР Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов Қарулы Күштердің әскери басқару органдары мен әскери бөлімдеріне жоспарлы тексеру жүргізеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады. Осыған орай 16-18 ақпан аралығында Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында әскери техникалар тасымалданады. Соған байланысты автожолдардың жекелеген учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. — Қазақстан Республикасының азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз, — делінген хабарламада.
Астана. 15 ақпан. BM.KZ — 15 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының сегізінші жарыс күні басталды. Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 14:00 — тау шаңғысы, алып слалом (әйелдер) Қатысушы: Александра Скороходова. 14:30 — фристайл-могул, параллельді могул (ерлер) Қатысушы: Павел Колмаков. 15:15 — биатлон, із кесу жарысы 12,5 шақырым (ерлер) Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов. 21:03 — конькимен жүгіру, 500 м (әйелдер) Қатысушылар: Кристина Силаева, Арина Ильященко.
Астана. 15 ақпан. BM.KZ — Қазақстан құрамасы Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында алғашқы жүлдесін жеңіп алды. Ерлер арасында мәнерлеп сырғанауда отандасымыз Михаил Шайдоров 291.58 ұпаймен чемпион атанды. Димаш Құдайберген Михаил Шайдоровқа темір тұлпар сыйлады. Бұл сыйлықты Димаш Instagram парақшасында жариялап, Шайдоровтың Олимпиададағы жеңісіне құрметін білдірді. -Құрметті ағайын, не деген мереке, не деген той! Мұз үстіндегі қимылың мен өнерің тек чемпион ғана емес, бүкіл жұртқа үміт пен рух, шабыт сыйлаған үлкен азаматқа айналдырды. Еліміздің саңлағы, менің досым, өзіңнің ағаң — халқымыздың өкінішке қарай, маңдайына сыймай кеткен асыл перзенті Денисімізді жоқтатпай, ағаңның алдындағы борышыңды, еліміздің, халқымыздың…
Астана. 14 ақпан. BM.KZ – АҚШ Таяу Шығысқа USS Gerald R. Ford ұшақтасымалдағышын жібереді. Ол аймақта қазірдің өзінде осы кластағы USS Abraham Lincoln кемесі бар, бұл соған барып қосылады. Бұл туралы Euronews жазды. Мұндай қадам АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранды ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерге мәжбүрлеу мақсатында қысым күшейтіп отырған кезеңде жасалып отыр. Бұл туралы жұма күні Вашингтонда хабарланды. Осылайша аймақта екі алып кеме мен оларды сүйемелдейтін әскери кемелер шоғырланбақ. Дереккөздің айтуынша, USS Abraham Lincoln және оның зымырандық эсминдері қазір Араб теңізінде орналасқан. USS Gerald R. Ford-ты орналастыру туралы жаңалық өткен аптада АҚШ пен Иран арасында жанама келіссөздер өткеннен кейін белгілі…
Астана. 14 ақпан. BM.KZ — Бүгін, 14 ақпанда, 2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жеті спорт түрі бойынша бақ сынайды. 14:00 – тау шаңғы спорты, гигант слалом (ерлер): Ростислав Хохлов, (1-ші жарыс), (2-ші жарыс). 14:30 – фристайл-могул, параллель могул (әйелдер): Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әміренова. 16:00 – шаңғы жарысы, эстафета (әйелдер): Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко. 17:30 – тау шаңғы спорты, гигант слалом (ерлер): Ростислав Хохлов, (2-ші жарыс). 18:45 – биатлон, спринт (әйелдер): Айша Рақышева, Милана Генева. 20:00 – конькимен жүгіру спорты, командалық қуу жарысы (1/4 финал, әйелдер): Қазақстан құрамасы. 21:00 – конькимен жүгіру спорты,…
Астана. 14 ақпан. BM.KZ — Наурызда өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау 15-25 ақпан аралығында жүргізіледі. ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі. Тестілеудің өзі 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, наурыздағы ҰБТ-ға шартты түрде ақылы негізде күндізгі оқу нысаны бойынша жоғары оқу орындарына қабылданғандар, өткен жылғы мектеп түлектері, колледж түлектері, ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар, шетелде білім алған ҚР азаматтары, сондай-ақ мектеп бітіретін түлектер жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсу үшін қатысады. Өтініш беру барысында қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды. 2026 жылы Ұлттық бірыңғай…