Автор: erimbetkaz

Астана. 14 ақпан. BM.KZ — Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды. Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоров 92.94 ұпай жинап, бесінші орында тұрған еді. Еркін бағдарламада қазақстандық спортшы төрешілерден 198.64 ұпай алып, жалпы есепте 291.58 ұпай жинады. Ол бағдарламасы барысында бес төрттік секіру орындады. Осы нәтижесінің арқасында Шайдоров бірінші орынға көтеріліп, алтын медаль жеңіп алды. Екінші орынды жапониялық Юма Кагияма – 280.06 ұпаймен иеленді. Үздік үштікті тағы бір жапониялық Шун Сато – 274.90 ұпаймен түйіндеді. Сөйтіп, Қазақстан тәуелсіз ел ретінде қысқы Олимпиада ойындарындағы тарихындағы екінші алтын медалін жеңіп отыр. Бұған дейін 1994…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатыр. Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын түсіндіреді. Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңсыз инвестициялық қызмет саласындағы алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Агенттіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013–2021 жылдар аралығында күдікті «Partners & Consultants» атты «Өмірді сақтандыру» жобасы арқылы өмірді сақтандыру бағдарламалары мен жинақтаушы сақтандыру салымдарына инвестиция салу деген сылтаумен азаматтардың ақшасын иемдену схемасын ұйымдастырған. Азаматтарды өзіне бағынысты заңды тұлғалардың — «Evroasia Global Investment» АҚ және «Evropa Investment» ЖШС есепшоттарына ақша аударуға үгіттеп, жылына 12%-ға дейін тұрақты табысқа кепілдік берген. Жобаның сенімділігін дәлелдеу үшін шын мәнінде жоқ халықаралық сақтандыру бағдарламалары мен сертификаттарына сілтемелер қолданылған. Қаражаттар қолма-қолсыз аударымдар арқылы қабылданып, кейін салымшыларға…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — еGov Mobile қосымшасында мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау қызметі қолжетімді болды, деп хабарлайды «Электрондық үкімет». Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар енді әлеуметтік көмек алу үшін eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы өтініш бере алады. Бұған дейін бұл мүмкіндік тек eGov.kz порталы арқылы қолжетімді болатын. Енді өтінішті тікелей смартфоннан рәсімдеуге болады. Әлеуметтік көмек – бұл өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына жергілікті атқарушы органдар тарапынан көрсетілетін ақшалай төлем немесе материалдық қолдау. Қызметтің мобильді форматқа көшуі мұндай көмекті алу процесін анағұрлым жеңіл әрі ыңғайлы етеді. Өтінішті кез келген уақытта және кез келген жерден беруге болады,…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Наурыз мейрамы қарсаңында теміржол тасымалына 35 мың қосымша орын ашылады, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Наурыз мейрамы кезеңінде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ 20 рейске үш қосымша пойыз тағайындайды, сондай-ақ сұранысы жоғары бағыттарда қатынайтын қолданыстағы пойыздар құрамына қосымша 230-ға жуық тіркеме вагон енгізеді. Нәтижесінде жолаушыларға 35 мың қосымша орын ұсынылады. Қабылданған шаралар мереке күндерінде билет қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Қосымша пойыздар қозғалысы №201/202 «Алматы-2 – Астана-1» Алматы-2 станциясынан: 20, 22, 24, 26, 28, 30 наурыз; Астана-1 станциясынан: 21, 23, 25, 27, 29, 31 наурыз. Барлығы — 6 рейс. №204/203 «Астана Нұрлы жол –…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының аумағында есірткі заттарын интернет арқылы байланыссыз тәсілмен таратумен айналысқан интернет дүкеннің қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде қылмыстық топтың 11 қатысушысы, оның ішінде ұйымдастырушылар, операторлар және заңсыз қызметті қаржылық сүйемелдеуді қамтамасыз еткен тұлғалар ұсталды. — Заңсыз айналымнан шамамен 3 келі синтетикалық есірткі заттары, сондай-ақ қылмыстық схеманы үйлестіру үшін пайдаланылған байланыс құралдары, банк карталары және цифрлық тасымалдағыштар тәркіленді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, — делінген хабарламада. Интернет арқылы есірткі сататын дүкендер мен есірткі өткізудің заңсыз арналарының жолын кесу бағытындағы жұмыс жалғасып жатыр.

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — 13 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының алтыншы жарыс күні басталды. Бүгін 6 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 15:45 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (ерлер) Қатысушылар: Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков 18:00 — биатлон, спринт (ерлер) Қатысушылар: Владислав Киреев, Әсет Дүйсенов 23:00 — мәнерлеп сырғанау, еркін бағдарлама (ерлер) Қатысушы: Михаил Шайдоров

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Димаштың Voice Beyond Horizon жобасының жаңа шығарылымы Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстырады. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Voice Beyond Horizon халықаралық жобасының екінші шығарылымы Түркістан облысының туристік локацияларын шетелдік кең аудиторияға таныстырады. Жаңа эпизод бүгін Қытай уақытымен сағат 22:00 Hunan TV телеарнасында көрсетіледі. 6 елден жиналған орындаушылардың шығармашылық сапары өңірдің маңызды бағыттарын қамтиды. Шетелдік көрермендер Ұлы Жібек жолының мәдени және сауда орталығы болған Күлтөбе қалашығын тамашалай алады. Жоба қатысушылары үшін көне өркениеттердің бірегей ескерткіші — Отырар қалашығы шабыт көзіне айналады. Туристер арасында танымал орындардың бірі «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде қазақ халқының дәстүрлері,…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — КХДР басшысы Ким Чен Ын қызы Ким Чжу Энің мәртебесін күшейтіп, оны болашақ мұрагер ретінде таныстыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігі Оңтүстік Кореяның Ұлттық барлау қызметіне (NIS) сілтеме жасап хабарлады. Сеул тарапының мәліметінше, Ким Чжу Э жуырда билеуші партияның отырысына қатысуы мүмкін. Барлау қызметі оның мұндай жиынға қатысуы, таныстырылу форматы және ресми мәртебесінің айқындалуы билікті кезең-кезеңімен тапсыру жоспарының жанама белгісі болуы ықтимал екенін айтады. NIS-тің жабық брифингінен кейін депутат Ли Сон Кынның мәлімдеуінше, оңтүстіккореялық барлау қолданатын тұжырым да өзгерген. Бұған дейін Ким Чжу Энің кандидатурасы «қарастырылып жатыр» делінсе, қазір ол «мұрагер…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің жартылай финалынан тыс қалды, деп хабарлайды Kazinform. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген Е.Рыбакина ширек финалда рейтингіде 13-орындағы канадалық, 19 жастағы Виктория Мбокомен ойнады. В.Мбоко теннис әлемінде өткен жылдан бері жарқырай көрінген жас жұлдыз болатын. Осыған дейін қарсыластар үш рет кездесіп, соның екеуінде қазақстандық спортшы жеңген еді. Бұл жолы канадалық теннисші сәтті бастап, 2:0 есебімен алға шыққанымен, Елена таразы басын теңестіре білді. Содан кейін тағы бір брейк жасап, есепті 5:3-ке жеткізді. Алайда бұдан кейін қатарынан төрт геймді беріп қойды — 5:7. Екінші сетте Рыбакина брейкпен алға кетті —…

Толығырақ