Автор: erimbetkaz

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Қазақстанда кейбір өңірлер мен қала мектептері ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына ауысты. Астана 2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылвры қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Абай облысы Абай облысының 2026 жылғы 13 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз, көктайғақ)1-ауысымда оқитын Семей қаласының мектептерінің 1-9 сынып, Бесқарағай ауданының 1-9 сыныптары — 8 мектебі, 1-11 сыныптары — 13 мектеп, Көкпекті ауданының 1-4 сыныптары — 3 мектебі, Жаңасемей ауданының1-4 сыныптары -6 мектебі, 1-9 сынып — 1 мектебінің, Бородулиха ауданының 1-4 сыныптары — 18 мектебі, 1-4 сынып — 2 мектебінің окушылары…

Толығырақ

Астана. 13 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланд) ATP 500 турнирінің ширек финалына жолдама алды. Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 82-орында тұрған германиялық Ян-Леннард Штруфқа тап келді. Бірінші партияда тай-брейкте Бублик қарқынды ойнады — 7:6 (7:2). Екіншісінде Штруфф есе қайырды — 6:4. Үшінші, шешуші сет А.Бубликтің пайдасына шешілді — 6:3. Екі сағат 6 минутқа созылған додада Бублик 13 эйс орындап, 11 брейк-пойнттың тек екеуін еншіледі. Штруфф 9 эйс, 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті. Осылайша, А.Бублик спорттық жолында Роттердамда алғаш рет ширек финалға өтті. Бұған дейін ол алғашқы айналымнан аса…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — 14 ақпанда кейбір жұп Ғашықтар күнін атап өтеді. Сол себепті ІІМ ел азаматтарына үндеу жасап, сыйлық алу кезінде алаяқтардан сақ болуға шақырды. Ғашықтар күніне орай көпшілік сүйіктісіне ерекше сыйлық дайындауға асығады. Мереке қарсаңында жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар туралы ақпарат көбейеді. Алайда мерекелік қарбаласты интернет-алаяқтар да өз пайдасына жаратып, жалған сайттар ашып, әлеуметтік желілер арқылы азаматтарды алдауға тырысады. ІІМ келесі ережелерді қатаң ұстануға кеңес береді: тауарды тек сенімді, тексерілген сайттар мен ресми маркетплейстер арқылы сатып алыңыз; әлеуметтік желілердегі немесе мессенджерлердегі күмәнді сілтемелерге өтпеңіз; шектен тыс төмен баға ұсынылса, абай болыңыз – бұл алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін;…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды. БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, кәсіпорынның лудоманияға шалдыққан бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, «1Xbet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Оған қоса жымқырған ақшаға автокөлік сатып алған. Салдарынан мемлекетке 118 млн теңге залал келтірілді. — Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену дерегі бойынша ҚР ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр. Автокөлікке тыйым салынды, — деп хабарлады ведомстводан. Өткен жылы прокуратура органдарының қадағалау актісі негізінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен терроризмге қарсы бөлімшелер арасындағы UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында үздік нәтиже көрсеткен қазақстандық командаларды құттықтады. Бұл туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияр өзінің Telegram парақшасында жазды. Хабарлама бойынша, Kazakhstan C командасы беделді турнирдің абсолютті жеңімпазы атанса, Kazakhstan A жалпы есепте екінші орынды иеленді. — Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен жасақталған құраманың кәсіби, физикалық, жауынгерлік даярлығы және отаншыл рухы жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ сарбаздардың жеңіске деген ерік-жігерін ерекше атап өтті, — делінген хабарламада. Сонымен қатар мемлекет басшысы 48 елден 109…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Алматыда ақша жымқырып, сотталған экс-ректор Дамир Шыныбеков бостандыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. ҚАЖК мәліметінше, экс-ректорға заңда белгіленген тәртіппен рақымшылық жасалды, нәтижесінде жаза мерзімі қысқартылды. Қайта есептелген мерзімді ескере отырып, сотталған адам сот тағайындаған жазаны толық өтеп, заңды негізде босатылды. — Материалдарды қарау, мерзімдерді қайта есептеу және сотталғандарға қатысты шешімдер қабылдау соттың құзыретіне жатады және міндетті түрде орындалуға жатады. Заңнаманың талаптарына сәйкес сотталған адамның жеке ісіндегі мәліметтер жария етуге жатпайды, – дейді ҚАЖК өкілдері.

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Алматы қаласы Медеу ауданы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлері психотроптық заттарды аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау және өткізу фактілері бойынша ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Алматы қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған қылмыстық схеманың ұйымдастырушысы Алматы қаласы аумағында жеке тұрғын үйлерде жабдықталған үш жасырын есірткі зертханасының жұмысын қамтамасыз еткен тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топқа басшылық жасаған. Зертханаларда психотроптық заттар күн сайын заңсыз айналымға шығару мақсатында дайындалып отырған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жасырын есірткі зертханаларының қызметі толықтай тоқтатылып, 7 адам ұсталды, заңсыз айналымнан психотроптық заттар тәркіленді. — Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ұйымдастырушы халықаралық іздеуге жарияланды. Ал қалған ұйымдасқан…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Қазақстан Республикасының Ата Заңының жаңа жобасы жарияланды. Бұл туралы Egemen.kz порталы хабарлайды. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ Біз, біртұтас Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерінде мемлекеттілікті нығайта отырып, Ұлы Даланың мыңдаған жылдық тарихының сабақтас­тығын сақтап, мемлекеттің унитарлы сипатын, оның шекарасы мен аумағының тұтастығына қол сұғуға болмайтынын нақтылап, Әділетті Қазақстан идеясын және Заң мен Тәртіп қағидатын ұстанып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мүлтіксіз сақталатынын мәлімдеп, бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарына сүйеніп, мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылық­тарын бағдарға алып, табиғатты аялау қажеттігін мойындап, бейбітшілікке және барлық елмен достыққа ұмтылып, келешек ұрпақ алдындағы аса жоғары жауапкершілікті сезініп,…

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — 12 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды. Бүгін 7 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 15:30 — тау шаңғысы, супергигант (әйелдер) Қатысушы: Александра Скороходова 16:15: фристайл-могул, бірінші финал (ерлер) Қатысушы: Павел Колмаков 17:00 — шаңғы жарысы, жекелей сайыс (әйелдер) Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко 20:30 — конькимен жүгіру, 5000 м (әйелдер) Қатысушы: Надежда Морозова

Толығырақ

Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Доха (Қатар) WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Kazinform. Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық спортшы үшінші айналымда әлемдік рейтингіде 26-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен кортқа шықты. Жарақатынан жазылып, кортқа оралған қытайлық теннисші кезінде рейтингіде 4-орынға дейін көтеріліп, сондай-ақ Париж Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның алғашқы екеуінде Рыбакина жеңген еді. Алайда 2024 жылы WTA қорытынды турнирінде Циньвэнь қарымта қайырған. Аустралия ашық чемпионатында жеңімпаз атанған Е.Рыбакина бүгінге дейін қатарынан сегіз ойында жеңіске жеткен болатын. Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған мезетте…

Толығырақ