Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Катонқарағай ұлттық паркінде фототұзаққа қар барысы — ілбіс үш күшігімен бірге түсіп қалды. Бұл өте ерекше жағдай, өйткені ілбіс күшіктері анасының жанында шамамен екі жыл болады. Осы уақытта олар аң аулауды, қауіптен сақтануды үйренеді. Мұндай кадрлар ұлттық парк аумағында сирек түрлердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай сақталып отырғанын көрсетеді.
Автор: erimbetkaz
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — «Қазгидромет» РМК синоптиктері 11 ақпанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, бұрқасын, облыстың оңтүстігінде, шығысында қатты қар, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Петропавлда қар, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с. Астанада түнде және таңертең қар, көктайғақ, тұман күтіледі. Бұрқасын. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с Маңғыстау облысында көктайғақ күтіледі. Ақтауда көктайғақ күтіледі. Абай облысында жауын-шашын, бұрқасын, көктайғақ,…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында өнер көрсетуді бастады, деп хабарлайды ҰОК. Отандасымыз ерлер арасында жекелей сырғанауда қысқа бағдарламамен өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 92.94 ұпай жинап, нәтижесінде 5-орынға тұрақтады. АҚШ өкілі Илья Малинин 108.16 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды жапониялық Юга Кагияма (103.07 ұпай) иеленсе, үшінші аралық орынға 102.55 ұпаймен франциялық Адам Сяо Хим Фа тұрақтады. Айта кетейік, еркін бағдарлама 13 ақпанда өтеді.
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Бүгін Астанада ауа райының нашарлауына байланысты 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды Қалалық мониторинг орталығы. «2026 жылғы 11 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады»- делінген хабарламада.
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Нысана көздеуден Үндістан астанасы Делиде өтіп жатқан Азия чемпионатында Ұлттық құрама қоржынына 2 алтын медаль түсті, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі. Әйелдер арасында 3 позицияда 50 метрден пневматикалық винтовкамен нысана көздеуде жекелей сында София Шульженко жеңімпаз атанды. — Ол үздік 8 мерген іріктелген финалда 358.2 ұпай жинап, рекорд жаңартты. Енді отандасымыз — осы жаттығуда ересектер және жасөспірімдер санатында әлем мен Азия рекордының иесі, — делінген хабарламада.
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойызда жолаушы өзін жайсыз сезінген жағдайда қандай әрекет жасау қажет екенін еске салады. Компания мәлім еткендей, барлық жолаушылар пойызының жолсеріктері алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша арнайы даярлықтан өтеді, ал әр пойыз медициналық қобдишамен жабдықталған. Жол үстінде жолаушының жағдайы нашарлаған жағдайда: 1. Вагон жолсерігіне дереу хабарлау қажет. Жолсерік жолаушының жағдайын бағалап, өз құзыреті шеңберінде алғашқы көмек көрсетеді. 2. Қажет болған жағдайда жолсерік пойыз бастығын хабардар етеді. Пойыз бастығы қажетті шараларды қабылдап, медициналық қызметтермен байланысты қамтамасыз етеді. 3. Шұғыл жағдай туындаса, жедел жәрдем шақырылады. Қажет болған жағдайда пойызды жақын станцияда медицина қызметкерлері қарсы алады…
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Маңғыстау облысында аққулар қырылып жатыр. Жергілікті жауапты мамандардың сөзінше, қазірге дейін 11 аққудың өлексесі табылған, деп хабарлайды Курсив. Облыстың орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлері жағалауда мониторинг жүргізген. Аққудың өлексесі табылғаннан кейін облыстық ветеринария басқармасына, экология департаментіне және Ақтау қаласы әкімдігіне хат жолдап, аққу өлексесінен, судан сынама алуды сұраған. «8-9 ақпанда тексеру жұмыстарын жүргіздік. Он бір аққудың өлексесі табылды. Аққулар жаппай қырылып жатқан жоқ, әр жерден табылып жатыр. Ішінде 2-3 аққуды ит талаған. Мұндай жағдайды өзіміз де көрдік. Қанаты сынып, ұша алмай қалған аққулар болады. Кейбірін әл жинап алғаннан кейін Қаракөл көліне жібереміз.…
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Оқиға Ақтөбе облысының Ақкемер ауылы маңында болды. Қазір зардап шеккен жолаушыларды дәрігерлер қарап жатыр. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақтөбе қаласына қалай бағыт алған жүргізушінің бірі жүк көлігін көрмей қалған. Сол кезде көліктер бірінен соң бірі жиналып қалды. Барлығы 10 көлік соқтығысып, жол жабылды. — Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысына қатысушылардан ережені қатаң сақтауды сұрап, арақашықтықтың маңызды екенін ескертеді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, ауруханаға жеткізілген адамдардың…
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. — Қажетті жағдай болса да, осы кезге дейін елімізде мұнай-газ химиясы өз алдына жеке сала болып қалыптасқан жоқ. Менің тапсырмаммен полиэтилен, бутадиен, карбамид және басқа да өнімдер шығарып, осы саланы жаңа деңгейге көтеретін бірқатар жобалар іске қосылды. Үкімет бұл жобаларды уақтылы аяқтауға тиіс. Осындай мұнай-газ химиясы саласындағы ірі жобаларды іске асыру арқылы еліміздің негізгі химия өнімдеріне (полиэтилен, полипропилен) деген сұранысын өтейміз, — деді Президент. Мемлекет басшысы өзімізде шығарылатын полимерді барынша өңдеу ісі жолға қойылмағанын айтты.…
Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов халық табысының өсуін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Азаматтардың табыс деңгейінің артуы экономиканың өсу қарқынына сәйкес келмейтіні атап өтілді. Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 31%-ды құрап отыр, бұл – Орталық Азия үшін жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткіш – 40%-ға және одан жоғары деңгейге жету. Жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отыр. — Осыған орай Үкімет халықтың табысын арттыру үшін кешенді шараларды әзірлеуде. Оның аясында…