Автор: erimbetkaz

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ел экономикасын одан әрі нығайту жөніндегі алға қойған міндеттеріне, Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттарға сәйкес Үкімет 2025 жылы жүйелі өзгерістерге бағытталған іс-шаралар қабылдағанын атап өтті. — Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды. Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Ол…

Толығырақ

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Шымкентте интернет арқылы алаяқтық жасаған күдікті ұсталды. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, «жоқ» пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Тергеу барысында күдіктінің тұрғындардың сеніміне кіріп, интернет арқылы «жоқ» пәтерлерді жалға беремін деп алдап, ақша тапқаны анықталды. Күдікті әлеуметтік желілерге пәтер жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған. Пәтер жалдауға ниет білдірген азаматтар хабарласқанда, ол алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған. Қазіргі таңда күдіктінің кемінде төрт алаяқтық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция азаматтарды интернет арқылы пәтер жалдау кезінде аса сақ…

Толығырақ

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Желіде Тараз тұрғынының балаларын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жібергені жайлы ақпарат тарады. Қуанышқа орай, екі бала да аман қалды.  Таразда полиция балалардың терезеден құлау фактісі бойынша мән-жайды анықтап жатыр. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева әйелдің бұрын ауыр депрессиялық жағдайда болғаны анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Жамбыл облысында полиция көпқабатты үйдің терезесінен балалардың құлау фактісі бойынша тергеу жүргізуді бастады. Балалар омбудсмені Динара Зәкиева Instagram желісінде мәлім еткендей, балалардың анасы бұған дейін ауыр депрессиялық жағдайда болғаны анықталған. Алайда ем-домы толық аяқталмаған. Қазіргі уақытта оның үстінен кәмелетке толмағандарды өлтіруге оқталу фактісі бойынша іс қозғалған. «Аймақтық өкіл ауруханадағы балалардың жағдайын көрді. Ұл…

Толығырақ

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Астана әкімдігінің мәліметінше, жоба қазіргі уақытта сынақ кезеңінде, жұмыстар кестеге сәйкес жүріп жатыр. Бұдан басқа, LRT тарифтерінің мәзірі әзірленіп жатыр, ол туралы пайдалануға берілмес бұрын хабарланады. — Сынақтар аяқталған соң биыл LRT жүйесі ағымдағы жылы пайдалануға беріліп, елорданы толығымен автоматтандырылған және жүргізушісіз келесі буын көлігімен қамтамасыз етеді. LRT жалпы ұзындығы – 22,4 шақырым. Желі құрамында 18 станция бар. Бағдар елорданың негізгі көшелері мен аудандары арқылы өтеді. Ол халықаралық әуежайдан басталып, Қабанбай батыр даңғылы бойымен өтеді және «Астана Жұлдызы» айналма жолынан, Назарбаев университетінен және Ботаникалық бақтан өтеді. Содан кейін желі Сығанақ көшесіне бұрылып, «Абу-Даби Плаза» көпфункционалды…

Толығырақ

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Алдын ала мәлімет өлімнің себебі көмірқышқыл газымен улану екенін көрсетіп отыр. Оқиға салдарынан анасы, оның ұлы және әжесі көз жұмған. Отбасы жалдамалы пәтерде тұрған, деп хабарлайды Kazinform. Қайғылы жағдайды алғаш көршілері байқаған. Үй тұрғындары пәтер иелеріне хабарласуға бірнеше рет тырысқанымен, ешкім жауап бермеген. Осыдан кейін олар құтқару қызметін шақырған. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, «112» пультіне хабарлама 8 ақпан күні сағат 16:36-да түскен. – «Күншығыс» шағынауданында пәтер иелері ұзақ уақыт бойы есік ашпай жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағы жіберілді, – деп нақтылады қалалық ТЖД өкілдері. Белгілі болғандай, пәтерден үш адамның мәйіті табылған.…

Толығырақ

Астана. 10 ақпан. BM.KZ — Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын Мәжіліс өткен жылдың желтоқсан айында қабылдады. Бұл келісімге 2024 жылы 5 қарашада Мемлекет басшысының Францияға сапары барысында қол қойылған. Келісіммен өзге елде болу шарттарын бұзған немесе қиын жағдайға тап болған, яғни құжаттарын жоғалтқан адамдарды өз азаматтығы бар елге қайтару көзделеді. Ел азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттар болмаса…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Қаратау мемлекеттік қорығында көктем жаршысы — бәйшешек гүлдеді. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті хабарлады. Қысқы тыныштықтан кейін Қаратау өңірінде ең алғаш болып көз тартатын – көктемнің нәзік те әсем хабаршылары. Қар ерісімен-ақ бой көтерген бұл гүлдер табиғаттың оянғанын паш етеді. Алатау бәйшешегі – көктемнің алғашқы лебі, тазалық пен үміттің белгісі. Ол қатаң қыстан кейін де өмірге деген күш пен сұлулықтың бар екенін еске салады. — Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай. Табиғатты аялаңыз, көктемнің сұлулығын бірге сақтайық, — деп ескертті комитет.

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Солтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер 16 жасар қыздың өмірі үшін күресіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform. Айыртау ауданы Гусаковка ауылының тұрғыны улы сұйықтықты ішіп қойған. Аман алып қалу үшін Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағымен санитарлық авиация дәрігерлері облыстық балалар ауруханасының қызметкерлерімен бірге жасөспірімді шұғыл түрде Петропавлға жеткізді. СҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2009 жылы туған бала химиялық күйік алған. Айыртау аудандық ауруханасына жеткізіліп, баланың жағдайына байланысты санитарлық авиацияны тарту туралы шешім қабылданды. – Санавиация борты мен профильді мамандардан құралған бригада арқылы пациент Петропавлдағы көпбейінді балалар облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі таңда бала реанимация және қарқынды терапия бөлімінде жатыр.…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – «ЦОН» мобильді қосымшасында жаңа цифрлық қызмет іске қосылғанын хабарлады. Енді қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірді онлайн таңдап, тапсырыс бере алады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне өзгерістер енгізіліп, көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінің түрлері кеңейді. — Азаматтардың «әдемі» нөмірлерге деген қызығушылығының артуына және көлік тіркеу барысында нөмірлік белгіні таңдауға деген қажеттіліктердің туындауына байланысты бұл тізімде «қалаулы» нөмірлер немесе бірінші және соңғы сандары бірдей «айна» нөмірлер де бар, — делінген хабарламада. Осыған байланысты қызметтің қолжетімділігін арттыру мақсатында автокөлік нөмірлерін «ЦОН» мобильді қосымшасы арқылы қашықтан таңдау және тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылды.…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 5 ақпанда Астана уақыты бойынша  сағат 13:42-де жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 км жерде орналасқан. Сезілетіндігі туралы мәліметтер Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы 3 балл 63 км Жетісу облысы Текелі қаласы 3 балл,74 км Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы 3 балл,79 км Жетісу облысы Сарқанд ауданы Сарқанд қаласы 3 балл,84 км Жетісу облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кенті 2 балл, 95 км Жетісу облысы Талдықорған қаласы 2 балл,109 км Жетісу облысы Көксу ауданы Балпық-Би ауылы 2 балл,117 км…

Толығырақ