Автор: erimbetkaz

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Түркістан облысы Созақ ауданында алтын құрамды учаскелерін өз бетінше игерумен айналысқан тұлғалар тобы анықталды. Облыстық прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында 12 тұлға рұқсат құжаттарынсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұза отырып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені белгілі болды. — Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқық бұзушылық белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті тұлғаларға қатысты қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, 5 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, — делінген прокуратура таратқан ақпаратта. Ведомство өкілдері заңсыз пайдалы қазбаларды өндіру экологияға елеулі қауіп төндіретінін, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретінін және қылмыстық жауаптылыққа әкелетінін ескертеді.

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске қосуға, сондай-ақ сенімділік пен энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын тұрақты инвестициялық тетікті қалыптастыруға бағытталған. Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2027 жылдың бірінші тоқсаны соңына қарай ел электр энергиясына деген ішкі қажеттілікті толығымен жабады, ал 2029 жылға қарай тұрақты профицитке қол жеткізеді. Энергетика жүйесінің қазіргі көрінісі Жаңадан іске қосылған нысандарды ескере отырып, Қазақстанның энергожүйесі қазіргі уақытта 241 энергия көзін қамтиды, оның 162-сі – жаңартылатын энергия көздері.…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – АҚШ соты 2024 жылы АҚШ президенті Дональд Трампқа қастандық жасауға тырысқан Райан Раутты өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы сәрсенбі күні USA Today газеті хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz. — 2024 жылы Оңтүстік Флоридада гольф ойыны кезінде президент Дональд Трампты өлтіруге оқталды деп айыпталған ер адам өмір бойына түрмеге қамалды, – делінген материалда. Сот оны қастандық ісі бойынша кінәлі деп таныған сәтте Раут сот залында өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. Трампқа қарсы қастандық жасауға екі рет талпыныс болған. Алғашқысы 2024 жылғы 13 шілдеде Пенсильвания штатында оның сайлауалды митингі кезінде болды. Сол кезде Трамптың құлағы…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Ерлан Өтегенов бас прокурордың орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Вакцинацияланбаған балалардың шамамен 59%-ы ата-аналарының шешімі бойынша вакцинациялауды алмағаны ерекше алаңдаушылық тудырады. Денсаулық сақтау министрлігінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарованың төрағалығымен әкімдердің орынбасарларының, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармаларының және аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері басшыларының қатысуымен қызылша бойынша эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөніндегі республикалық штабтың отырысы өтті. Штаб барысында қызылшамен сырқаттанушылық бойынша ағымдағы жағдай, алдын алуды күшейту және халықты вакцинациялаумен қамтуды арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар мен қосымша қадамдар қаралды. Денсаулық сақтау министрлігі барлық қажетті профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыруда. Сонымен қатар, жағдайды толық тұрақтандыруға әлі қол жеткізілген жоқ. Инфекцияның таралуының негізгі себебі…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Ол  Петропавлдағы дәмханалардың бірінде жұмыс істеген. Жігіт 14 қаңтарда жұмысынан шыққан күйі қайта оралмаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Полицияның мәліметінше, жігіт қаңтардың 14-і күні жұмысынан шығып, таксимен қалалық тубдиспансерге қарай бет алған. Кейін із-түзсіз жоғалған. Оның  байланысқа шықпай жүргені жайлы әпкесі екі апта өткен соң ғана хабарлаған. Тәртіп сақшылары бірден іздеу жариялап, денесін орман ішінен тапты. Мәйітте зорлық белгілері жоқ. «Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлері, кинологтар, әскери қызметшілер, жедел құтқару мамандары, сондай-ақ Лидер кз еріктілер қозғалысының өкілдері жұмылдырылды», — дейді СҚО ПД Криминалды полиция басқармасы басшысының орынбасары Тілеміс…

Толығырақ

Астана. 5 ақпан. BM.KZ – Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды, деп хабарлайды Ақорда. Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады. Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі. Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Толығырақ

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округіне қарасты Қуаныш ауылының тұрғындары ішімдіктен түгел бас тартты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды. Қуаныш ауылы – ішімдіксіз өмір мен қоғамдық тұрақтылықтың үлгісі. Аталған ауыл Зайсан ауданында ресми түрде тіркелген үшінші үлгілі ауыл атанып отыр. Бұл бастама құқық бұзушылықтардың, оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, сондай-ақ заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған. Қазіргі уақытта Қуаныш ауылында 80-нен астам үйде шамамен 370 адам тұрады.

Толығырақ

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Абу-Даби қаласында Украина, Ресей және АҚШ өкілдері қатысатын келіссөздердің екінші раунды басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл ақпаратты Украина делегациясының жетекшісі Рустем Умеров мәлімдеді. — Келіссөздер үшжақты форматта – Украина, АҚШ және Ресей қатысуымен басталды. Одан кейін бағыттар бойынша жекелеген топтар жұмыс істейді, соңынан ұстанымдарды қайтадан бірлесіп үйлестіру жоспарланып отыр, – деп жазды Умеров. Бұған дейін Абу-Дабидегі кездесуге АҚШ тарапынан президенттің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер қатысуы тиіс екені хабарланған еді. Ресей және Украина делегацияларын, алдыңғы кездесу кезіндегідей, Ресей Қарулы күштері Бас штабы Бас басқармасының бастығы Игорь Костюков пен Рустем Умеров…

Толығырақ

Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz. Премьер-министр жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті. «Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілгенін ерекше атап өткім келеді. Бұл табиғатқа, туған елге деген жанашырлықты күшейтуге, әрбір азаматтың бойында тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Экология және табиғи ресурстар…

Толығырақ