Автор: erimbetkaz

Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Атырау облысы Жангелдин ауылында ерлі-зайыптыны өлтірді деген күдікке ілінген Сұлтан Сәрсемалиевтің 5 баласы мемлекеттік мекемелерге орналастырылды, деп хабарлайды Kazinform. 2026 жылдың 2 ақпанында Махамбет аудандық әкімдігіне облыстық полиция департаментінен шұғыл шара қабылдау жөніндегі ұсыныс хат келіп түскен. Хатта күдіктінің кәмелет жасқа толмаған 5 баласын қауіпсіз жерге, яғни мемлекеттің қорғауына алу керектігі жазылған. – Махамбет ауданы әкімдігі жанындағы кәмелет жасқа толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның шешімімен 3 баланы облыстық білім беру басқармасына қарасты бейімдеу орталығына 1 және 3 жастағы екі кішкентайды денсаулық сақтау басқармасына қарасты сәбилер үйіне орналастырылды. Балалардың жағдайы бақылауда. комиссия отырысына…

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиевтің қатысуымен болған даулы оқиғаның соңы кадрлық шешімдермен аяқталды. — Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды, — деп хабарлайды облыс әкімдігі. Еске салсақ, Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, екі ер адам арасында алдымен келіспеушілік туындап, ол кейіннен төбелеске ұласқан. Оқиғаға байланысты Серік Сәпиев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады. Ол аталған жағдайдың жеке немесе тұрмыстық сипатта еместігін атап өтті.

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында ITF Juniors әлемдік рейтингісіндегі жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Kazinform. Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандықтардан алғаш рет жартылай финалға шыққан З.Нұрланұлы рейтингіде 12-ден 9-орынға көтерілді. Осылайша, Заңғар әлемдегі үздік 10 теннисшінің қатарына кірді. Өткен жылы Заңғар Нұрланұлы АҚШ ашық чемпионатының да жартылай финалына дейін жеткен болатын. Жасөспірімдер арасында екі рет «Үлкен дулыға» турнирінің жартылай финалына Қазақстаннан басқа ешкім шыққан емес. Сөйтіп, WTA, ATP және ITF Juniors рейтингісінде Қазақстанның үш бірдей өкілі ТОП-10-ға енді. Елена Рыбакина үшінші, Александр Бублик 10-ыншы, ал Заңғар 9-сатыда тұр.

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Үндістан билігі Ресейден мұнай сатып алу көлемін қысқартып, АҚШ-тан шикізат импортын арттыруға келісті. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан премьер-министрі Нарендра Модимен өткен келіссөздерден кейін мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Трамптың айтуынша, әңгіме барысында тараптар сауда мәселелерін және Украинадағы соғысты аяқтау жолдарын талқылаған. АҚШ көшбасшысы Модидің ресейлік мұнайдан бас тартып, АҚШ-тан, сондай-ақ Венесуэладан отын сатып алуды ұлғайтуға келіскенін алға тартты. Трамптың пікірінше, бұл шешім соғыстың аяқталуын жақындатуға көмектеседі. Сондай-ақ АҚШ президенті Вашингтон мен Нью-Дели арасында жаңа сауда келісімі жасалғанын, оның бірден күшіне енетінін хабарлады. Келісім аясында АҚШ үнді тауарларына салынатын кедендік баж салығын 25%-дан 18%-ға дейін…

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — 2 ақпанда Алматы қаласында ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаменті қалалық прокуратураның үйлестіруімен «Т» қылмыстық ортаның өкілін ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті адамдарды бопсалап, қомақты қаражат алып отырған. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы іс аясында қаңтарында Шымкент қаласында оның екі сыбайласының құқыққа қарсы әрекеті тоқтатылды. Сотқа дейінгі тергеп-тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Қарағанды облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қадағалау қызметі барысында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтады. ​Осы фактілер бойынша Қарағанды облысының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалын жүргізді. Аудан кәсіпорындардың бірі төрт жыл бойы темір рудасын лицензиясыз заңсыз өндіріп, оны шетелге шығарғаны анықталды. — Салдарынан мемлекетке 2 млрд теңгеден астам шығын келтірілген. ​Үш күдікті қамауға алынып, 500 млн теңгеден астам мүлікке тыйым салынды, — делінген Қарағанды облысының прокуратурасы хабарламасында. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «Спорт» сериясынан «OLYMPIC GAMES 2026. SHORT TRACK» атты коллекциялық монеталарын айналысқа шығарғанын жариялады, деп хабарлайды olympic.kz. 1000 теңге номиналы бар монета 925 сынамалы күмістен жасалған, түсті басып шығару технологиясы қолданылған және proof сапасында орындалған. Монетаның массасы — 20 грамм, диаметрі — 37 мм. Жалпы дайындау таралымы шектеулі — 2000 дана. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалып, немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматика компаниясымен серіктестік негізде әзірленді. Монеталарды қашан сатуға шығарылатыны туралы ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша хабарланады. Сонымен қатар коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында…

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Атырау облысы Исатай ауданына қарасты Қамысқала округінде малдың жаппай қырылуы тіркелді. Әсіресе жылқы шығыны көп. Қазірдің өзінде жүздеген жылқы аштықтан өлген, қыстың соңына дейін бұл санның арту қаупі бар. Бұл туралы АқЖайық хабарлады. Қаңтардың ортасында жауған жаңбырдан кейін дала көк мұзға айналып, жылқылар тебіндей алмапты. Шөп мұз астында қалып, мал азықсыз қалған. Фермерлердің айтуынша, мал аурудан емес, аштықтан қырылып жатыр. Биелер құлын тастап, әлсіреген жылқылар құлап өліп жатыр. Шаруалар шөп пен жем бағасының күрт қымбаттағанын, қаржының таусылғанын айтады. Бір орам шөп 15–20 мың теңгеге дейін жеткен, ал субсидия биыл берілмеген. Қазір малды сатуға да мүмкіндік…

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Атырау облысындағы Қаратон Подсолевой учаскесінде терең іздеу ұңғыманың бірінші нысанын сынақтан өткізу кезінде газ ағыны алынды. Алдағы уақытта жұмыс жоспарына сәйкес тағы да төрт перспективті мұнайлы-газды нысанда сынақ жүргізу іс-шаралары көзделген, деп хабарлайды ҚазМұнайГаз. Айта кетсек, ұңғыманы бұрғылау 2024 жылдың қарашасында басталып, 2025 жылдың желтоқсан айында 5750 метр тереңдікте аяқталды. Ұңғыманы сынау технологиялық тұрғыдан қиындықтармен қатар жүріп жатыр, соның ішінде тым жоғары қабат қысымы мен күкіртті сутектің болуы. Қаратон Подсолевой — ҚазМұнайГаздың стратегиялық барлау жобаларының бірі. Ол еліміздің ресурстық қорын толықтыру үшін терең орналасқан көкжиектерді зерттеуге бағытталған. Бірінші нысанның сынақ нәтижелері бұл жерде көмірсутек бар…

Толығырақ

Астана. 3 ақпан. BM.KZ — Ішкі істер министрлігінде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың таралу деректері артқаны мәлімделді. Қоғамдық кеңістікте, оның ішінде Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасына қатысты, фактілерді әдейі бұрмалау және жалған мәліметтер тарату жағдайлары тіркелуде. Мұндай әрекеттер азаматтарды жаңылыстырып, қоғамдық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Мысалы, Алматы қаласының тұрғыны интернетте жаңа Конституция жобасында жерді шетелдіктерге сатуға тыйым алынып тасталды деген жалған ақпарат таратқан. Ішкі істер министрлігі департаментінің бастығы — ресми өкілі Шыңғыс Алекешевтің айтуынша, бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді және оларды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ресми түрде жоққа шығарған. Осыған байланысты аталған азамат жалған ақпарат таратқаны…

Толығырақ