Автор: erimbetkaz

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Әсет Ерғалиев жаңа қызметке ауысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Грэмми-2026 сыйлығының «Жылдың үздік альбомы» атағын пуэрторикалық рэпер Bad Bunny-дің Debí Tirar Más Fotos альбомы иеленді. Ал Кендрик Ламар тағы екі жүлде жеңіп алып, байқау тарихындағы ең көп марапатқа ие рэпер атанды, деп хабарлайды Deutsche Welle. Сыйлық иегерлері 2 ақпан, жексенбі күні кешке Лос-Анджелесте өткен «Грэмми» марапатының 68-ші рәсімінде белгілі болды. Қазылар алқасы Bad Bunny-дің аталған альбомын жылдың ең үздік музыкалық туындысы деп таныды. Сонымен бірге ол «Үздік урбан-альбом» номинациясында да жеңіске жетті. Debí Tirar Más Fotos альбомында пуэрторико музыкасының түрлі элементтері қолданылған. Жинақта АҚШ басқаруындағы аралдың өзекті әлеуметтік мәселелері қозғалады. Альбомдағы барлық әндер испан…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында медициналық мекемеде пышақ жарақатынан 44 жастағы ер адам көз жұмды. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайғылы жағдай тұрмыстық жанжал салдарынан болған, деп хабарлайды Kazinform. — Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал алкоголь ішу барысында болған. Аталған дерек бойынша «Кісі өлтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халықының саны – 20 495 975 адам. Бір жылда халық саны 212 576 адамға көбейген. Былтыр жыл басында халық саны 20 283 399 адам болған. Халық санының ең көп өсімі Астана қаласында байқалып отыр. Елордаға 109 530 адам көшіп барған. Астана халқының саны қазір – 1 638 233 адам. Алматыда 55 869 адамға көбейіп, қазір оңтүстік астана халқының саны 2 347 924 адамға жеткен. Шымкентте 1 293 648 адам болса, Жамбыл облысында – 1 215 373 адамды құрап отыр. Халықтың басқа жаққа қоныс аударуы…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Қазақстанның Балалар құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева Жамбыл облысындағы баланы ұрып-соғуға қатысты жағдай туралы хабарлады. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. «Өткен аптада бізге Жамбыл облысында баланы анасы ұрып-соққаны туралы ақпарат келіп түсті. Қылмыстық іс қозғалды. Балалар мекемеге орналасты», — деп жазды балалар омбудсмені Instagram желісіндегі парақшасында. Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті де бұл жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомство өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын және сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. «Бүлдіршіндер балалар үйіне уақытша орналастырылды, олардың қауіпсіздігі мен қажетті күтімі толық көлемде қамтамасыз етілді. Оларға медициналық көмек көрсетілуде, қазіргі уақытта дәрігерлердің жіті назарында, жағдайлары тұрақты. Балаларға қатысты…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі 1970 жылғы 27 маусымда туған, Америка Құрама Штаттарының азаматы Дмитры Дружинскы мен 1985 жылғы 8 қарашада туған, Украина азаматы Марина Левковичке (Гинзбург) іздеу жариялады. Соттың санкциясымен аталған тұлғаларға қатысты сырттай «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Олар Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Тергеу барысында «PIN-UP» және «PINCO» брендтерімен жұмыс істеген онлайн-казино қызметін шетелден әрекет еткен, байланысы бар компаниялар желісі арқылы ұйымдастырған адамдар тобы басқарғаны анықталды. — Д.Дружинскы мен М.Левкович координаторлық функцияларды атқарып, сыбайластарды іріктеумен, төлем ұйымдары мен…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Сот үкімімен қылмыскер 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Астана қаласының тұрғыны «TikTok» әлеуметтік желісінде өзін «емші» ретінде таныстырып, экстрасенсорлық қабілеттері арқылы емдеу қызметтерін ұсынған аккаунт ашқан. Әлеуметтік желілер арқылы жәбірленушілердің бірінің денсаулығына қатысты мәселелері бар екенін білген ол, өзін ерекше қабілетке ие адам ретінде көрсетіп, белгілі бір ақыға «емдеу» қызметін көрсете алатынына сендірген. — Кінәлі 3 жәбірленушіден жалпы сомасы 5,5 млн теңгеден асатын ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденіп, оны букмекерлік кеңселерде ставка жасауға жұмсаған, — делінген Астана қаласының прокуратурасы таратқан хабарламада. Мемлекеттік айыптаушы сотта сотталушының кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемені ұсынды. Сотта айыпталушы кінәсін…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзған адамды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы. Бұл туралы Шекара қызметі хабарлады. ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып: Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзған адамды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы. Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде: 25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер); 580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысы бұқаралық ақпарат құралдары Әділетті Қазақстанды құруға және қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға елеулі үлес қосып келе жатқанына назар аударды. Президент мерзімді баспасөз өкілдерін конституциялық реформаны, сондай-ақ тұтас мемлекеттік жүйені түбегейлі жаңғыртуға бағытталған басқа да ауқымды өзгерістерді БАҚ-та жариялау кезінде конструктивті жұмыс істеуге үндеді. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтауында патриотизм ұғымына жауапкершілік пен жасампаздық тұрғысынан қарап, заңды құрметтеу арқылы егемендігімізді және тәуелсіздігімізді қорғау ұлты мен дініне қарамастан әрбір отандасымыздың міндеті екенін айтты. Мемлекет басшысы отандық журналистер осынау аса маңызды іске белсенді…

Толығырақ

Астана. 2 ақпан. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі интернет пен әлеуметтік желілерде жүргізушілерді жедел онлайн курстар арқылы даярлау жөнінде таралып жатқан ұсыныстарға байланысты ресми түсіндірме жасады. Ведомствоның мәліметінше, болашақ жүргізушілер автомектепте толық оқу курсынан өтуі тиіс. Бұл курстың құрамына міндетті түрде практикалық сабақтар кіреді. Жүргізу дағдыларын тек онлайн форматта толық меңгеру мүмкін емес. ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңіспаевтың айтуынша, жүргізу дағдылары нақты жол жағдайында ғана қалыптасады. Онлайн курстар толыққанды оқытуды алмастыра алмайды. Сондай-ақ министрлікте автомектепті аяқтағанын растайтын қағаз түріндегі куәлікті алу талап етілмейтіні атап өтілді. Оқу туралы мәліметтер арнайы ақпараттық жүйелер арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтарына электронды…

Толығырақ