Автор: erimbetkaz

Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — Президент Дональд Трамп АҚШ-тың Ішкі кірістер қызметіне (IRS) және Қаржы министрлігіне қарсы 10 млрд доллар көлемінде өтемақы талап етіп, сотқа жүгінді. Бұл туралы NBC News жазды. Трамптың ойынша, бұл мекемелер оның, сондай-ақ, ұлдары мен компаниясының салық декларацияларын заңсыз жариялауына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдамаған. Ал ол мәліметтерді бұрынғы IRS қызметкері жариялаған еді. Нәтижесінде бұл мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарына тарап кеткен. Талап-арыз бейсенбі күні Майами қаласындағы федералды сотқа берілген. Құжатта Трамптың сотқа президент ретінде емес, жеке тұлға ретінде жүгініп отырғаны көрсетілген. Өзге талапкерлер қатарында оның екі ұлы – Дональд Трамп кіші және Эрик Трамп, сондай-ақ, Trump…

Толығырақ

Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін бақылау мақсатында жасанды интеллект технологияларын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді. Ықтимал қауіптер анықталған жағдайда, жауапты қызметтерге жедел түрде хабар беріліп, баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар балалардың, ата-аналардың және педагогтердің цифрлық сауаттылығын арттыру, балалардың интернетке қолжетімділігін реттеу, оның ішінде түнгі уақытта пайдалануын шектеу шаралары қарастырылған. Бұл бастамалар балаларды зиянды контенттен, кибер қауіптерден және цифрлық гигиенаны бұзудан қорғауды күшейтуге бағытталған. Балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау саласындағы заңнама жаңартылып, цифрлық қауіптердің алдын алу тиімділігін арттыру және қабылданатын шаралардың жүйелілігін қамтамасыз ету…

Толығырақ

Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады. Жұмыс барысында Комиссия мүшелері республиканың Ата Заңының барлық негізгі түзетулерін жан-жақты қарап шықты. Бұл түзетулер Конституцияның барлық бөлімдеріне және 77 бабына қатысты, яғни жалпы мәтіннің 84%-ын қамтыды. Осылайша, Комиссия мүшелері Қазақстанның жаңа Конституциясын әзірлеу мәселесін алға тартты. Жаңа Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде белгіленді. Егемендік пен Тәуелсіздік, біртұтастық, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар санатына жатқызылды. Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау сияқты қағидаттар алғаш рет Конституция…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің слесарі суару қондырғысына дизель отынын құю барысында ауыр жарақат алған. 1982 жылғы азамат ауруханада көз жұмғаны анықталды, деп хабарлайды Kazinform. Кәсіпорында болған қайғылы оқиға туралы Еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің өкілдері хабарлады. — Қайғылы жағдай 28 қаңтар күні «Молодежная» стансасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, суару қондырғысына дизель отынын құю жұмыстарын орындау кезінде жазатайым оқиға болып, «Богатырь Көмір» ЖШС-ның жұмысшысы жарақат алған. Зардап шеккен азамат Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізіліп, кейін қайтыс болған, — деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Абылай Сабыров. 1982 жылы…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Мұғалімге түпкілікті 2 жыл 4 ай бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Енді ол алдағы үш жылда сабақ бере алмайды. Ақтөбеде мектеп мұғалімі ҰБТ кезінде шекті балл жинауға көмектесетінін айтып, екі оқушысын сендірген. Ол әр балл үшін 7 мың теңге алған. Алаяқтық жолмен ақша тапқан педагог ісі сотта қаралып, оған айып тағылды. — Мектеп мұғалімі Ұлттық біріңғай тестілеуден өткізіп беретінін, 1 балл 7 000 теңге болатынын жеткізіп, 80 балл жинау үшін 560 000 теңге алған. Сот отырысында сотталушы өзінің кінәсін толық мойындады. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Қазір еліміздегі волонтерлердің саны 300 мыңға жетті. Бұл туралы Мемлекет басшысы Волонтерлер форумында айтты. — Қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұр. Еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жетті. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты. Қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге,…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында болды. Бұл туралы Lada.kz хабарлады. 44 жастағы әйел пышақ жарақаты салдарынан мерт болған. Артында қалған жеті баласының бесеуі кәмелет жасына толмаған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қылмыс жасады деген күдік марқұмның жұбайына түскен. Ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала анықталғандай, ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал туындап, ол қайғылы жағдаймен аяқталған. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу шаралары жүргізілуде. Еске сала кетейік, бұған дейін Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтіргенін…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Өскеменде 30 қаңтар күні бірінші және екінші ауысымда оқитын мектеп оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады. Мемлекеттік органның мәліметінше, бұған қолайсыз метеорологиялық жағдайлар себеп болған. Қала тұрғындары қалада түтін тұманы (смог) пайда болғанына шағымдануда. «Қазгидромет» 30 қаңтарда метеорологиялық жағдайлар атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететіндіктен, ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжады. 29 қаңтарда мамандар көміртек тотығының шекті рұқсат етілген мөлшерден 2 есе, ал күкіртсутегінің 1,6 есе артық екенін тіркеген.

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. ҰҚК мәліметінше, қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алу және лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша күдікпен ұсталды. — Тергеу барысында оның жол құрылыс компаниялары мен автобус парктерінің өкілдерінен жалпы сомасы 134 млн теңге көлемінде заңсыз сыйақы алғаны анықталды. Тінту жүргізу кезінде күдіктінің тұрғын үйінен 121,9 млн теңге және 97,7 мың АҚШ доллары тәркіленді, — деп жазды ведомстводан. Сонымен қатар осы өңірдегі білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол…

Толығырақ

Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы жүйелі жұмысты жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz. Жыл басынан бері Қазақстанда тыйым салынған қосылыстарды, оның ішінде күшті әсер ететін заттарды заңсыз айналымға енгізуге байланысты құқыққа қарсы әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленді. Аталған заттардың қатарында түнгі клубтарда кеңінен таралған, «күлкі газы» деп аталатын азот тотығы да бар. — Биыл есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелері бірқатар өңірде азот тотығы толтырылған металл баллондарды заңсыз тасымалдау және сақтау деректерін анықтап, жолын кесті. Атап айтқанда, Шымкент қаласындағы түнгі клубтардың бірінде «смешариктер» деп аталатын күшті әсер ететін…

Толығырақ