Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 2026 жылғы 30 қаңтар сағат 08:00-дегі жағдай бойынша Маңғыстау облысында көктайғақ және қолайсыз ауа райына байланысты республикалық маңызы бар кейбір жолдарында көлік қозғалысы шектелді: • «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» республикалық жолының 338-632-шақырым аралығы (Бейнеу ауылы мен Шетпе ауылы арасындағы учаске); • осы жолдың 632-718-шақырым аралығы (Шетпе ауылы мен Жетібай ауылы арасындағы учаске). Сондай-ақ Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі –…
Автор: erimbetkaz
Астана. 30 қаңтар. BM.KZ – Қазақстандық теннисші, 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Kazinform. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орында тұрған Заңғар турнирдің 8-ракеткасы болып тіркелген. Ол ширек финалда Гонконг өкілі Кай Томпсонға қарсы келді. Бірінші партияда гонконгтық теннисші 6:3 есебімен басымдық танытты. Тайталасқа толы матчта екінші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қарымта қайырды – 7:6 (7:4). Шешуші, үшінші партияда есеп 3:1 болған мезетте Томпсон доп бергенде, Заңғар аяғынан жарақат алып қалды. Ақсаңдап әзер жүрсе де, ол брейк жасай алды – 4:1. Бірақ келесіде өз геймін беріп қойды – 4:2. Дегенмен матчқа доп…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады. Бұл өзгерістер зейнетақы жинақтарының артығын жұмсауға болатын бір мақсатқа — Отбасы банкіндегі қарыздар бойынша берешекті ішінара және толық өтеуге қатысты. Аталған мақсат қазақстандықтарға ипотека бойынша ай сайынғы төлемдерді өтеуге мүмкіндік беріп келген. Бұл түзетулер Өнеркәсіп және құрылыс министрінің міндетін атқарушының бұйрығымен бекітілді. Аталған өзгеріс 2026 жылдың 31 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұрын Отбасы банкіндегі қарыздарды ішінара өтеу қалай жүзеге асырылды? Банк клиенті enpf-otbasy.kz платформасына кіріп, «Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі бойынша ипотекалық қарыздың берешегін ішінара өтеу» мақсатын таңдайтын.…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының финалына шықты. Бірінші партияда есеп 3:2 болған кезде қазақстандық-сербиялық дуэт брейк жасады – 4:2. Дегенмен есеп 5:3 болып, Крунич сетке доп бергенде, Дабровски – Стефани қайыра брейк жасап кетті. Сөйте тұра тай-брейкте Данилина – Крунич сәтті ойнады – 7:6 (7:2). Екінші сетте есеп 4:3 болған уақытта, бразилиялық-канадалық жұп брейкке қол жеткізді – 6:3. Үшінші, шешуші партияны Дабровски – Стефани брейкпен бастады – 2:0. Крунич пен Данилина ойынды брейкпен түйіндеді – 6:4. Бәсеке екі сағат 20 минутқа созылды. Анна – Александра 3 эйспен бірге 11…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Сарайшық көшесіндегі кезекті ірі жол апаты екі адамның өмірін қиды. Бұл туралы полиция департаменті мәлімдеді. – «Toyota» көлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесінен келе жатып, көпір үстінде рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан ол қарсы бетке шығып кетіп, өз жолымен келе жатқан «Lada» және «Skoda» көліктерімен соқтығысқан, – делінген ресми хабарламада. Апат салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Оқиға 28 қаңтар күні сағат 14:00-де орын алған. Медициналық мекеменің дәлізінде терапевт дәрігерге ер адам шабуыл жасап, ауыр пышақ жарақатын салған. Салдарынан 29 жасар жас маман мерт болды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, кісі өлтіруге күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған. -28 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақаты салдарынан 29 жастағы ер адам көз жұмды. Алдын ала анықталғандай, қақтығыс ер адамдар арасында отбасылық-тұрмыстық жанжал негізінде туындаған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған ісін мойындаған. Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады, — делінген хабарламада.
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – 2025 жылы Enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталында 1 млн 328 мың бос жұмыс орны жарияланып, 1 млн 453,8 мың түйіндеме орналастырылды. Осылайша, жұмыс іздеушілер тарапынан ұсыныс жарияланған сұраныстан 125,8 мыңға асып түсті. Барлық вакансиялардың жартысы (665,5 мың) жұмысшы мамандықтарына тиесілі болды, ал барлық түйіндемелердің 48%-ы (697,2 мың) осы мамандықтар бойынша орналастырылған. Айлық динамика жұмыс іздеушілер тарапынан да, жұмыс берушілер тарапынан да айқын маусымдық ерекшелікті көрсетеді. Атап айтқанда, ақпандағы қалыпты деңгейден (130 мың) кейін жұмыс іздеушілердің белсенділігі наурызда ең төменгі шекке дейін (94,6 мың) төмендеп, одан әрі сәуір–маусым айларында (115 мың – 109,8 мың) қайта өсті…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Шымкент қаласында әйел жол бойында пышақ жарақатынан қаза тапты. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті жәбірленушіге өзара жеке бас араздығы негізінде пышақ жарақаттарын салған. Әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. — Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні ізін суытпай анықтап, ұстады. Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсеткен. Осыған байланысты қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес полиция қызметкерлері табельдік қаруды қолдануға мәжбүр болған, — деп жазды жергілікті ПД. Күдікті медициналық мекемеге жеткізіліп, қазіргі уақытта полицияның күзетінде. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Шеврон» корпорациясы Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесс мырзамен кездесу өткізді. Оған ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты. Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, кездесу барысында тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады. Келіссөз кезінде Қазақстан-Америка энергетикалық серіктестігінің флагманы саналатын Теңіз жобасына ерекше назар аударылды. Өз кезегінде Дерек Магнесс Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың арқасында Теңіз жобасы бойынша маңызды өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізілгенін атап өтті. «Шеврон» өкілі реттеуші ортаның болжамдылығын және мемлекеттік органдармен конструктивті іс-қимылды ерекше атап өтіп, бұл ұзақмерзімді инвестициялар үшін…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. — Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми дереккөзде. Айта кетейік, былтыр жетоқсан айында Айбек Смадияров Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.