Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. — Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.
Автор: erimbetkaz
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Сәрсенбі күні сот Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы Ким Кон Хиді іскерлік келіссөздер кезінде шіркеу бірлестігінен қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп тауып, бір жыл сегіз айға бас бостандығынан айыру жазасын кесті, деп хабарлайды Kazinform. Сот Кимді 2022 жылдың шілдесінде өзінен іскерлік көмек сұраған Біріккен шіркеу өкілінен Chanel сөмкесі мен қымбат Graff алқасын алғаны үшін кінәлі деп тапты. Алайда, ол нақты өтініш жасалмағандықтан, Chanel сөмкесін пара ретінде алғанын жоққа шығарды. — Сотталушы пайда үшін өз қызметін асыра пайдаланды. Ол шіркеу бірлестігінен өтініштерге жауап ретінде ұсынылған қымбат сәнді заттардан бас тартқан жоқ, — делінген сот шешімінде.…
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Алматыда кәмелетке толмаған жасөспірімнің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazinform. Бұл туралы хабар әлеуметтік желіде тарады. 27 қаңтар күні Бостандық ауданы аумағында, Розыбакиев пен Сәтбаев көшелері маңындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 16 жастағы жасөспірім биіктіктен құлап, оқиға орнында көз жұмған. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, жасөспірім оқиға алдында жазба қалдырған болуы мүмкін. Бұл фактіні Алматы полиция департаментінің ресми өкілі растады. – Алматының Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Мән-жайы мен себеп-салдары анықталып жатыр, — деді Салтанат Әзірбек.
Астана. 29 қаңтар. BM.KZ – Астанада қызылша ауруының тіркелуі әлі де жалғасып отыр. Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері алғашқы жедел хабарламалар бойынша 622 жағдай тіркелген, оның 403-і зертханалық әдіспен расталған. Елорда әкімдігінің мәліметінше қызылшамен ауырғандардың басым бөлігі уақытылы вакцина алмаған балалар. Қаңтар айында қызылша диагнозымен 498 бала стационарлық ем қабылдаған. Қазіргі таңда 85 науқас емін жалғастырып жатыр, оның ішінде бір бала анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде емделіп жатыр. Эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мақсатында елордада қосымша иммундау және қуып жету вакцинациясы белсенді жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға жаппай қосымша вакцинация ұйымдастырылып…
Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Астанадағы №119 мектепте «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жоғары сынып оқушыларына арнап «Заң және шабыт: тағдырды айқындайтын таңдау» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Шараны білім басқармасының қолдауымен елордадағы Психологиялық қолдау орталығы мен Байқоңыр ауданының прокуратурасы бірлесіп ұйымдастырған. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Қылмыстық кодексте аса ауыр қылмыс жасағаны үшін (оның ішінде адам өлтіру бойынша) 14 жастан бастап жауапкершілікке тартылады. Мәселен, ұрлық жасағаны үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру болмаса шектеу жазасы, алаяқтық бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген. «Өздеріңіз ойлап көріңіздер, бір…
Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арнасын тоқтатты. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері бірқатар өңірде заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өту фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Атап айтқанда, 22 қаңтарда Павлодар облысында криминалдық полиция қызметкерлері Қазақстан азаматтары мен жақын шет елдер азаматтарын ұстады. Олар сыйақы үшін Қазақстан аумағы арқылы мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған. 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысында республикадан шығарылып, елге кіруге тыйым салынған шетелдік азамат ұсталды. Ол тегін ауыстырып елге қайта кірген. Сол күні Ақмола облысының Қосшы қаласында жалған құжаттар жасау…
Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кесу және дайындаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді, деп хабарлайды Polisia.kz. 26 қаңтарда Қызылорда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы облыстық прокуратурамен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде мемлекет қорғауындағы ағаштарды заңсыз кесу және дайындаумен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Күдіктілердің заңсыз әрекеттері мемлекеттік табиғи қорық аумағында жүзеге асырылған. Аталған іске табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жекелеген инспекторлары да қатысып, қылмыстық топқа «қамқорлық» көрсеткен. Олар жүйелі түрде заңсыз ақшалай сыйақы алып отырғаны анықталды. Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер сирек кездесетін сексеуіл ағашын заңсыз дайындап, оны шекаралас облыстарға өткізу бойынша…
Астана. 28 қаңтар. /Темірлан Құспаев/ BM.KZ – Өткен жылы Қазақстанда мемлекеттік қолдау арқылы түсірілген шамамен 10 фильм кинотеатрларға жол тартты. Солардың ішінде ең көп табыс тапқан фильм – «Qaitadan», оның кассалық түсімі 1 млрд теңгеден асты. Биыл қазақстандық көрермендерді, әсіресе «Гарри Поттер» мен «Сақиналар әміршісі» жанкүйерлерін, жағымды жаңалық күтіп тұр. Мәдениет және ақпарат министрлігі балаларға арналған фэнтези жанрындағы «Құт» фильмін прокатқа шығаруды жоспарлап отыр. Бұл туралы ведомство BM.KZ-тің ресми сұранысына берген жауабында хабарлады. Сонымен қатар, 2026 жылы мемлекеттік қолдаумен түсірілген тағы бірнеше фильм көрерменге жол тартады. Олардың қатарында қырғыз жазушысы Талип Ибраимовтың «Күзгі самал» шығармасы негізінде түсірілген драмеди және Францияда…
Астана. 28 қаңтар. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұрғанын айтты. — Біз елімізді дамытуға арналған қаражатты тиімді жұмсаудың амалын іздеп қиналамыз. Бірақ соған қарамастан әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтар бар, тіпті, аз емес деп айтуға болады. Бұл — мүлде ақылға сыймайтын жағдай. Мұндай кеселді түп-тамырымен жою керек. Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары да азаймай тұр, ондай заңсыздыққа тосқауыл қою қажет. Мұндай теріс ахуал экономикаға орасан зор зардабын тигізуде. Түптеп келгенде, көлеңкелі экономикамен үзілді-кесілді күресу керек. Бұл да — өте өзекті,…
Қазақстан қазір әлем үшін аса маңызды металдар үшін жүріп жатқан жаңа жаһандық жарыстың дәл ортасында. Бұл — электромобильдерге, күн мен жел энергетикасына, электр желілерін жаңартуға қажет металдар. Earth.com Қазақстанның жер қойнауы бай, геологиялық мүмкіндігі зор екенін жазады. Бірақ бір ғана байлық жеткіліксіз. Ең қиын мәселе — инвесторға қолайлы орта қалыптастыру. Сарапшылардың дерегінше, Қазақстанда шамамен 20 миллион тонна мыс бар. Бұл — әлемдегі ең ірі қорлардың бірі. Бүгінгі таңда мыссыз электр желісін де, электромобильді де, зарядтау бекеттерін де елестету мүмкін емес. Сондықтан мыс — «жасыл энергетикаға» өтудің басты металдарының бірі. Қазақстан қазірдің өзінде мыстан бөлек, мырыш, алюминий, қорғасын, күміс пен алтынды…