Астана. 2 ақпан. BM.KZ – Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сапар аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Шахбаз Шарифпен және Президент Асиф Али Зардаримен келіссөздер жүргізіп, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту перспективасын талқылайды. Сонымен қатар Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысу жоспарланған.
Автор: erimbetkaz
Астана. 2 ақпан. BM.KZ – Мельбурн қаласында теннистен Аустралияның ашық чемпионаты аяқталды. Ерлер арасындағы финалда «Үлкен дулыға» турнирлерінің 24 дүркін чемпионы, сербиялық Новак Джокович пен алты мәрте осы санаттағы жарыстарда топ жарған испаниялық Карлос Алькарас бас жүлдені сарапқа салды. Финалға дейін-ақ турнирде тарихи көрсеткіш тіркелді. 38 жастағы Новак Джокович пен 22 жастағы Карлос Алькарас арасындағы жас айырмашылығы 15 жыл 349 күнді құрады. Мұндай айырмашылықпен «Үлкен дулыға» финалында теннисшілер бұған дейін кездеспеген. Алькарас жеңіске жетсе, барлық төрт «Үлкен дулыға» турнирін ұтқан ең жас теннисші атануы тиіс еді. Ал Джоковичтің жеңісі оны 25 дүркін чемпион ретінде жаңа рекорд иесіне айналдырар еді. Айта…
Астана. 2 ақпан. BM.KZ – Ақмола облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бесінші баласына жүкті әйел мен оның жолдасы қаза тапты. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, апат Ақсу–Бестөбе–Изобильное автожолында болған. Kazinform таратқан ақпаратқа сәйкес LADA Largus пен Toyota Land Cruiser Prado көліктері соқтығысқан. — Жол апаты салдарынан LADA Largus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт баланың ата-анасы қаза тапты. Әйел бесінші баласына жүкті болған. Тәртіп сақшылары жол апаттарының алдын алу үшін жүргізушілерге, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде, жылдамдықты…
Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Әлемдік нарықта қымбат металдардың бағасы күрт төмендеді. Күміс бір күнде 36 пайызға арзандап, тарихтағы ең үлкен құлдырауын көрсетті. Ал алтынның бағасы 12 пайызға төмендеп, соңғы 40 жылдан астам уақыттағы ең ірі құлдырау ретінде тіркелді. Бұл туралы DW жазды. 30 қаңтар күні жаһандық нарықта күтпеген жағдай болды. Бұған дейін әлемдегі соғыстар, геосаяси тұрақсыздық және АҚШ Федералдық резерв жүйесінің басшылығына қатысты белгісіздік салдарынан алтын мен күмістің бағасы үздіксіз өсіп келген еді. Инвесторлар мен орталық банктер бұл металдарды сенімді, қауіпсіз актив ретінде жаппай сатып алған. Алайда 30 қаңтарда Дональд Трамп Федералдық резерв жүйесінің төрағалығына Кевин Уоршты ұсынды. Нарық…
Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Kazinform. Қазақстандық теннисші соңғы бәсекеде әлемнің 1-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен чемпиондық атақты сарапқа салды. Қарсыластар осыған дейін 14 рет кездесіп, соның сегізінде Соболенко жеңген еді. Соның ішінде белоруссиялық теннисші 2023 жылы Аустралия біріншілігінің финалында Е.Рыбакинаны қапы қалдырған еді. Дегенмен қазақстандық спортшы өткен жылы WTA қорытынды турнирінде А.Соболенконы ұтып, сонда жеңімпаз атанған болатын. Бұл жолы Е.Рыбакина матчты сәтті бастады — 2:0. Бірінші сетте осы брейк жеткілікті болды — 6:4. Екінші партияны Соболенко брейкпен түйіндеді — 6:4. Үшінші,…
Астана. 1 ақпан. BM.KZ – Павлодар қаласында салынып жатқан Ертіс өзені үстіндегі көпірде өрт шықты. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жылу оқшаулағыш материалдар мен ағаш конструкциялар жанған. Өрт туралы хабар кешкі уақытта түскен. Оқиға орнына бірнеше өрт сөндіру бөлімшелері жіберілді. Құтқарушылар жеткен кезде құрылыс нысанында жылу оқшаулағыш пен ағаш қалып элементтерінің жанып жатқаны анықталған. – Өрттің ошағы жер деңгейінен шамамен 30 метр биіктікте орналасқан. Алайда күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде толықтай сөндірілді, – деп хабарлады Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті. Өрттің салынып жатқан көпірдің бүкіл құрылымына таралуына жол берілмеген. Зардап шеккендер…
Астана. 1 ақпан. BM.KZ – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 1 ақпан сағат 08:00-дегі жағдай бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты Маңғыстау облысында республикалық маңызы бар «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автожолының 632-718-шақырым аралығында (Шетпе ауылы – Жетібай ауылы учаскесі) көліктің барлық түрі үшін қозғалыс шектелді. Жол шамамен 2026 жылғы 1 ақпан сағат 11:00-де ашылады. Сондай-ақ «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы көпір өткелінің шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жол айрығы учаскесі – Қалқаман ауылына кіреберіс және Астана бағытына…
Астана. 31 қаңтар. BM.KZ – Australian Open турнирінің финалында әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді. Осылайша Рыбакина «Үлкен дулыға» турнирін екінші рет жеңіп алды. Кездесу 2 сағат 18 минутқа созылып, үш сетте 6:4, 4:6, 6:4 есебімен аяқталды. Соболенко 5 рет эйс жасап, екі қос қателікке жол берді және 8 брейк-пойнттың екеуін сәтті пайдаланды. Рыбакина да 5 эйс жасап, 3 қос қателік жіберді және 6 брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды. Елена Рыбакина — әлемнің бұрынғы үшінші ракеткасы; қазіргі таңда «Үлкен дулыға» санатындағы екі турнирдің жеңімпазы (оның еншісінде Уимблдон-2022 жеңісі бар), сондай-ақ, бір «Үлкен дулыға» турнирінің жекелей сындағы…
Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлады. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма сәтті іске қосылған. Технологиялық қондырғылар іске қосылып, штаттық режимде жұмыс істеп тұр. «Әзірге 5 ұңғыма пайдалануға берілді. «Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», – деп жазылған министрлік мәлімдемесінде. Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысын жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізат қамтамасыз етіп тұр.…
Астана. 31 қаңтар. BM.KZ — 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мақсатты жинақтарды пайдалану туралы 205 505 өтініш орындалған. Аударылған қаражаттың жалпы көлемі 31,61 млн доллардан асқан. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, оның ішінде 127 445 өтініш бойынша 19,69 млн доллар тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, 78 060 өтініш бойынша 11,92 млн доллар білім алу ақысын төлеуге бағытталған. 2026 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 6 918 656 қазақстандық балаға кезекті есептеу жүргізілді. Бір балаға 130,71 доллар мөлшерінде тиесілі. Нәтижесінде бағдарламаға үшінші жыл қатарынан қатысып отырған балаға есептелген қаражаттың жалпы құны инвестициялық кірісті қоса алғанда 370 доллар 56 центті құрады. 2026 жылы 356 613 Қазақстан…