Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Америкалық бизнесмен Илон Маск тарихта байлығы 800 млрд доллардан асқан алғашқы адам атанды. SpaceX компаниясы xAI-ды сатып алғаннан кейін Илон Маск байлығы 800 миллиард доллардан асқан тарихтағы алғашқы адам атанды, деп хабарлайды Forbes. Дүйсенбі күні кешке жарияланған келісім Масктің байлығын 84 миллиард долларға арттырған. Келісім нәтижесінде SpaceX Масктің ең ірі активіне айналды. Қазіргі есеп бойынша, ол біріккен компанияның 43 пайызына иелік етеді, оның құны 542 миллиард доллар деп бағаланады. Бұдан бөлек, Масктің Tesla компаниясындағы үлесі мен акция опциондарының жалпы құны жүздеген миллиард долларды құрайды. Айта кетейік, бұл — соңғы бір жылға жетпейтін уақытта Маск компанияларының екінші…
Автор: erimbetkaz
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Ұлттық тасымалдаушы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральдық желі дирекциясы» филиалымен бірлесіп, мүгедектігі бар жолаушыларға арналған жаңа сүйемелдеу қызметін іске қосты. Аталған сервис вокзал қызметкерлерінің көмегін алдын ала рәсімдеуге мүмкіндік беріп, жолаушыны автокөліктен вагонға дейін және кері бағытта, сондай-ақ, вокзал аумағында толық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Теміржол көлігімен сапарлау кезінде көмек алу өтінімін bilet.railways.kz сайтында рәсімдеуге болады. Қазіргі таңда қызмет арнайы арбалармен жабдықталған 57 вокзалда қолжетімді. Егер таңдалған вокзалда қызмет уақытша көрсетілмесе, билет рәсімдеу кезінде тиісті опциялар көрінбейді. Қызметті рәсімдеу үшін: 1. bilet.railways.kz сайтынан билет сатып алу; 2. Сатып…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Ұлытау облысының прокуратурасы Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен бірлесіп, облыс аумағында марганец кенін заңсыз өндірудің қылмыстық схемасын анықтады. Қостанай облысының 50 жастағы тұрғыны 2020–2023 жылдар аралығында жер қойнауын пайдалануға лицензиясы мен келісімшарты болмағанына қарамастан «Шығыс Қаражал» кен орнында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған. Сонымен қатар, қолма-қол ақшаға айналдыру және жалған мәмілелер жасасу арқылы пайдалы қазбаларды сатудан түскен қылмыстық жолмен табылған ақшалай қаражатты заңдастырған. Аталған кезеңде 16 мың тоннадан астам кен жөнелтіліп, мемлекетке 1,3 млрд теңгеден астам залал келтірілген. Қылмыстық қызметтің нәтижесінде және өңделген темір-марганец кенін ел ішінде және шетелге сату арқылы 3,5 млрд теңгеден астам пайда тапқан.…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Қаңтар айында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 190-нан астам шетелдік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қаңтар айында Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері шет мемлекеттердің 193 азаматын анықтап, жауапкершілікке тартты. Сот шешімімен 61 шетелдік азамат елімізден шығарылды. Сонымен қатар, қос азаматтығы бар 23 адам анықталып, оларға қатысты заңнамада көзделген тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, Астана қаласының халықаралық әуежайында «Астана – Франкфурт» бағыты бойынша рейске тіркелу кезінде әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының азаматтығына ие бес адамнан тұратын отбасын анықтады. Азаматтық туралы заңнаманы бұзғаны…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екінші оқылымда қаралып, қабылданды. Бұл құжатты Парламент Мәжілісі 2025 жылғы 19 қарашада бірінші оқылымда мақұлдады. Осы орайда бала күтімінде отырған жұмыссыз әкелерге еңбек өтілі есептелетіні мәлім болды. Заң жұмысшылардың құқықтарын қорғау бөлігінде Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленді және еңбекті қорғауды басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. — Заңда Келісу комиссиясының қызметіне делдалды тартуға, ұжымдық шартта жалақының ең жоғары және ең төменгі мөлшері арасындағы жол берілетін арақатынас туралы ережені белгілеуге қатысты, сондай-ақ…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Қазақстан агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ауыл шаруашылығы министрлігі Үкімет атынан прогрессивті агроэкономика моделін енгізіп жатыр. Негізгі басымдық – цифрландыру, жасанды интеллект және өнімді терең өңдеу. Осы мақсаттарды жүзеге асыру нақты жоспарлауды талап етеді, сондықтан қазір Агроэкономиканы дамытудың 2026-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленуде. Құжат ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруден бастап оны терең өңдеуге, сақтауға, логистикаға және экспортқа шығуға дейінгі толыққанды қосылған құн тізбегін құруға бағытталған. Негізгі басымдықтарға өңдеу өнеркәсібін дамыту, агроөнеркәсіптік кластерлер мен агрохабтар қалыптастыру, сондай-ақ өндіріс пен өткізу нарықтары арасындағы байланыстарды нығайту жатады. Мұндай терең модернизация оны тұрақты, өнімді әрі бәсекеге қабілетті…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Қайғылы жағдай Түркістан облысындағы Қостүйін станциясында болған. Теміржол қызметкері №77 жолаушылар пойызының астына түсіп, ауыр жарақатынан оқиға орнында жан тапсырды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, пойыз шамамен 78 км/сағ жылдамдықпен қозғалып келе жатқан. Қауіп туындаған сәтте машинист шұғыл тежегішті іске қосқанымен, теміржолшы жолдан шығып үлгермеген. – Түркістан станциясының желілік полиция бөлімі абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі жүрісі немесе оларды пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Ливияның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары елдің батыс бөлігіндегі Зинтан қаласы маңында Сейф әл-Ислам Каддафидің төрт қарулы адамның шабуылы салдарынан қаза тапқанын растады. Бұл жөнінде Euronews хабарлады. Сейф Каддафидің саяси кеңесшісі Абдулла Осман Facebook желісіндегі парақшасында қысқаша жазба жариялап, ақпараттың рас екенін мәлімдеді. Дегенмен, ол қастандықтың себептері мен оны жасаған тұлғалар туралы нақты дерек келтірмеген. Сейф әл-Ислам Каддафидің саяси тобы Ливияның бұрынғы басшысы Муаммар Каддафидің ұлының қайтыс болуына байланысты ресми түрде көңіл айтты. Мәлімдемеде қазіргі уақытта марқұмның денесін елге жеткізу мәселесі шешіліп жатқаны айтылған. Al Hadath телеарнасының Каддафи әулетіне жақын дереккөздерінің мәліметінше, Сейф әл-Ислам резиденциясының маңындағы…
Астана. 4 ақпан. BM.KZ – Ішкі істер министрлігі жеке детективтерді лицензиялауды, олардың жұмыс орнына қойылатын талапты белгілеуді, сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыруды көздейтін реттеуші құралдарды енгізуді ұсынды. Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Отырысқа мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және салалық бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нәжіметдинұлы қатысты. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – жеке детективтік қызмет саласындағы реттеушілік әсерді талдау. Ішкі істер министрлігі жеке детективтерді лицензиялауды, олардың жұмыс орнына қойылатын талапты белгілеуді, сондай-ақ кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыруды көздейтін реттеуші құралдарды енгізуді ұсынды.…
Астана. 3 ақпан. BM.KZ – Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Серік Сапиев Қазақстан Республикасының туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорттық блогының үйлестірушісі болып тағайындалды. Бұл шешім биылғы жылы күшіне енген «Дене шынықтыру және спорт туралы» заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды. Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол…