Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Шымкентте толассыз жауын-шашын соңы қарға ұласып, қала көшелерін су мен қалың қар басты. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді. Алайда Еңбекші ауданында қайғылы жағдай тіркелді. Елшібек батыр көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында ағаштың бір бөлігі құлап, оның астында 4-сынып оқушысы қалған. Бала оқиға орнында көз жұмды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр. Қалада қалың әрі жабысқақ қардан ағаш бұтақтары сынып, кей аудандарда жарық уақытша өшкен. Бірқатар көшеде су жиналып, тұрғындардан 109 қызметіне шағымдар түскен. Әкімдік мәліметінше, қалада 243 арнайы техника мен екі мыңға жуық жұмысшы жұмылдырылған. Магистральды көшелер мен әлеуметтік нысандарға кіреберістер тазартылып жатыр. Мамандар тұрғындарды сақ болуға,…
Автор: erimbetkaz
Астана. 12 ақпан. BM.KZ — Елордада ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар онлайн форматқа көшірілді. Бұл туралы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. — 2026 жылғы 12 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына (желдің күшеюі және ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, — делінген білім басқармасының хабарламасында.
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айына орай өткен Төралқа мәжілісінде мәлімдеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде биылғы пітір садақасының мөлшері 735 теңге болып белгіленді. Пітір садақаның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның орташа бағасымен есептелді. Ал ұнның бағасы ҚМДБ-ның қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталды. Пітір садақасын құрма, мейіз бағасымен де беруге болады. 2026 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді: Бидай 2 кг – 318 теңге. Ұн 2 кг – 735 теңге. Арпа 4 кг – 514 теңге. Мейіз 2 кг – 6400…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Алматыда хирургтер 31 магнит жұтып қойған баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерінің хабарлауынша, Алматының Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығында 31 магнит жұтып қойған сәбиге шұғыл ота жасалды. Қабылдау бөліміне 1 жас 9 айлық бала өте ауыр жағдайда жеткізілген. Тексеру нәтижесінде дәрігерлер «ішектегі бөгде заттар – 31 магнит, жіңішке ішектің көп жерден тесілуі, перитонит» диагнозын қойды. Баланың өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – шұғыл хирургиялық ота жасау еді. Дәрігерлер ортаңғы лапаротомия жасап, құрсақ қуысы ағзаларына толық тексеру жүргізді. Ота барысында магниттер ішектен алынып, жіңішке ішектегі көптеген тесік тігілді, құрсақ…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Жамбыл облысының Бесағаш ауылы маңынан археологтар ерте және ортағасырлық кезеңдерге жататын қола монеталар тапты. Мамандардың мәліметінше, бұл ақша белгілері әр дәуірде түріктер, қарлұқтар және Қытай әулеттері тұсында айналымда болған. Бұл туралы liter.kz хабарлады. Тарихшылардың айтуынша, табылған монеталардың бір бөлігі VIII–XII ғасырларда соғылған. Олардың арасында Таразда және Қытайдың Тан мен Сун әулеттері кезеңінде шығарылған үлгілер кездеседі. Бұл уақыт Ұлы Жібек жолы бойындағы сауда-саттықтың ерекше қарқын алған кезеңімен және 751 жылғы Атлах шайқасы сияқты маңызды тарихи оқиғалармен сәйкес келеді. Зерттеушілердің пікірінше, олжалар Тараз арқылы өткен халықаралық сауда байланыстарының кең ауқымын дәлелдей түседі. Археолог Искандер Торбековтың айтуынша, Тан…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Ресейге кіруге тыйым салған әртіс Нұрлан Сабуровтың басы тағы дауға қалды. Оның ісімен енді Ұлттық қауіпсіздік комитеті айналысып жатыр, деп хабарлайды Kursiv. Осыдан біраз күн бұрын әзілкеш Ресей әскеріне материалдық көмек көрсетті деген ақпарат тарап еді. Ресейлік басылымдардың дерегінше, ол «Барлығы жеңіс үшін» қорына қаржылай көмек берген. Кейін әлеуметтік желілерде әртістің «Вагнердің Истра легионы» атты бөлімшеге он мотоцикл сыйлаған видеосы тарап кетті. Ол жерде әртіс: «Жігіттер жеңіспен оралады деп сенеміз», – деген тілек айтады. Осы жаңалық тарағаннан кейін қазақ белсендісі Марат Тұрымбетов Нұрлан Сабуров үстінен Бас прокуратураға арыз түсіргенін жазды. Ол Ресей әскеріне қолдау білдірген әрекетіне құқықтық баға…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Алматыда полиция қызметкерлері адам ұрлау әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түскен жедел ақпаратқа сәйкес, белгісіз тұлғалар бір азаматты күш қолданып, көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткен. Оқиға бойынша ақпарат дереу тіркеліп, жедел басқару орталығы «Ұстау» жоспарын енгізді. Полиция экипаждарының үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде күдікті көлік қысқа уақыт ішінде анықталып, тоқтатылды. Көлік салонында жәбірленуші және оқиғаға қатысы бар бірнеше ер адам болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, күдіктілер өзін құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде таныстырып, ойдан шығарылған себептермен азаматқа психологиялық қысым көрсеткен. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды.…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — 11 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының бесінші жарыс күні басталды, деп хабарлайды Kazinform. Бүгін 7 қазақстандық спортшы үш спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 14:00 — шаңғы қоссайысы, қалыпты тұғыр Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров. 15:00 — фристайл-могул, екінші іріктеу (әйелдер) Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова. 17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров. 18:15 — биатлон, жекелей жарыс (әйелдер) Қатысушылар: Айша Ракишева, Милана Генева. 18:15 — фристайл-могул, финал (әйелдер) Қатысушылар: Юлия Галышева, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова (іріктеуден сәтті өткен жағдайда).
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды ҚМА. Заңсыз қызметті жасыру мақсатында жалған тұлғалардың атына тіркелген байланысы бар заңды тұлғалардың кең желісі пайдаланылған. 1Win интернет-платформасы 11 мыңнан астам онлайн ойынға, сондай-ақ спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген. Бәс қабылдау және ұтыстарды төлеу банк карталары, электронды төлем жүйелері және криптовалюта арқылы жүзеге асырылған. Күдіктілер халықаралық іздеуге жарияланып, оларға қатысты сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Бұдан бөлек, қылмыстық жолмен алынған күдіктілердің мүлкін мемлекет пайдасына алу үшін сотқа дейінгі тәркілеу шаралары қолданылған. Оның ішінде: Mercedes Maybach S500, Lamborghini…
Астана. 11 ақпан. BM.KZ — Канаданың Британиялық Колумбия провинциясындағы мектептердің бірінде атыс болып, 10 адам мерт болды. Қылмыскер де тірі қалмады деп жазады Global News. Оқиға орнына жеткен полицейлер сегіз адамның мәйітін тапты. Тағы бір адам ауруханаға жеткізіліп бара жатқан жолда көз жұмған. Мектепте оқ атқан деген күдіктінің денесі де сол маңайдан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін. Қаза тапқандардың арасында қанша ересек және қанша бала бар екені әзірге нақтыланбады. Жалпы саны 27 адам зардап шеккен. Олардың екеуінің жағдайы ауыр деп бағалануда. Канадалық журналистердің хабарлауынша, шабуыл жасаған адам әйел болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты полиция…