Автор: erimbetkaz

Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Түркістан облысы Сауран ауданында пәтер ұрлығына қатысы бар күдікті анықталды. Полицияның мәліметінше, күдікті жәбірленушінің немересі болып шықты. Ол үйде ешкім жоқ сәтті пайдаланып, түскі уақытта жатын бөлмедегі сейфті бұзып, ішінен 3 млн теңгеге жуық ақша мен алтын бұйымдарды жымқырған. – Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен – 7 млн теңге. Күдікті ұрлаған бұйымдарды алтын сататын дүкендердің біріне өткізіп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, қажетті заңды шаралар қабылданды. Қылмыстық іс дәлелдемелермен жинақталып, сотқа жолданды, – делінген облыстық ПД хабарламасында. Енді әжесінің мүлкіне қол салған немересі заң алдында жауап береді.

Толығырақ

Астана. 18 ақпан. BM.KZ — Синоптиктер 18 ақпан күні Қазақстанның 17 облысында және Астанада ауа райына байанысты ескерту жариялады. Қазгидрометтің хабарлауынша, 18 ақпанда Астанада түнде қар аалас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Көктайғақ болып, күндіз жау бұрқасын соғады. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, оңтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашын болады, күндіз өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын өтеді. Көктайғақ пен жаяу бұрқасын болады. Өңірдің батыс, оңтүстік және шығыс бөліктерінде тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15–20 м/с, облыстың солтүстігі мен шығысында кей сәттерде 23–28 м/с-қа дейін күшейеді. Павлодар облысының батысы мен…

Толығырақ

Астана. 18 ақпан. BM.KZ — 18 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының он бірінші жарыс күні басталды. Бүгін 11 қазақстандық спортшы төрт спорт түрінен жарыс жолына шығады. Қазақстан құрамасының жарыс кестесі: 13:45 — шаңғы жарысы, командалық спринт Қатысушылар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков. 14:00 — тау шаңғысы, слалом (әйелдер) Қатысушы: Александра Скороходова 14:00 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер) Қатысушы: Аяна Жолдас 17:00 — фристайл-акробатика, финал (әйелдер) Қатысушы: Аяна Жолдас (іріктеуден сәтті өткен жағдайда) 00:15 — Шорт-трек, Ширек финал және финал (ерлер 500 метр) Қатысушы: Абзал Әжғалиев, Деннис…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында алғаш рет айқын созылмалы ауырсыну синдромы бар пациентке жұлын нейростимуляторы имплантацияланды. Орталық қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Марат Алматовтың айтуынша, құрылғы ауырсыну сигналдарын бөгейтін электр импульстарын беріп, ауырсыну сезімін едәуір азайтуға немесе толық жоюға мүмкіндік береді. Электродтар жұлынның VI–VII мойын және I–II кеуде сегменттері проекциясына орнатылған. – Жұлын нейростимуляторын имплантациялау жоғары технологиялық медициналық көмек түріне жатады және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында жүргізіледі, — деді ол.

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — 2026 жылғы 17 ақпанда сағат 15:09–да тіркелген жер сілкінісінен кейін алматылықтар ұялы телефонына төтенше ескерту хабарламасының келмегенін айтып, алаңдаушылық білдірді. Осыған байланысты ҚР ТЖМ ресми түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform. Ведомство мәліметінше, «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС станциялары тіркеген дүмпу Алматыда 2 балл болып сезілген. Ал автоматты хабарлау жүйесі тек 5 балдан жоғары қауіпті деңгейдегі жер сілкіністері кезінде қосылады. — Ескерту 5 балдан жоғары болғанда іске қосылады, — деп хабарлады министрлік. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан. Жер асты дүмпуі Алматы облысындағы Түрген ауылы мен Есік қаласында 4 балға дейін сезілген, ал басқа елді мекендерде…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы жоғары мектепте өткен хоккей ойыны кезінде атыс болып, екі адам қаза тапты. Тағы үш адам жарақат алған. Бұл туралы NBC News хабарлады. Жараланған үш адам ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Күдікті ретінде 56 жастағы Роберт Дорган аталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол спорт залында жалғыз болған және туысы қатысқан хоккей матчын көруге келген. Ер адам оқиға орнында көз жұмған. Болжам бойынша, ол өзіне оқ атып, қаза тапқан болуы мүмкін. Қазіргі уақытта полиция атушы мен жәбірленушілер арасындағы байланысты анықтап жатыр. Тергеу нұсқаларының біріне сәйкес, шабуыл мақсатты түрде жасалуы ықтимал, себебі қаза…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі хабарлайды. 17 ақпанында Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу полигонында жоспарлы далалық атыс жаттығуларын өткізу кезінде Құрлық әскерлері «Батыс» өнірлік қолбасшылығының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаруды пайдалану барысында оқ жарақатын алып, оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша Батыс өңірінің әскери-тергеу органдары қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев бастаған комиссия…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Даудан кейін Burger King желісіндегі басшыларының бірі уақытша қызметінен шеттетілді, деп хабарлайды Ulysmedia. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі таратқан ақпаратқа қарағанда, даудан кейін Burger King желісінде қызметтік тексеріс жүргізілген. «Мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың тұрғылықты жеріне барды. Қызметкердің әкесімен телефон арқылы сөйлесу барысында өтініш беру тетіктері мен еңбек заңнамасында көзделген кепілдіктер жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс берушіден алынған ақпаратқа сәйкес (“QSR” ЖШС (Burger King)), ұйым ішінде қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру кезеңінде басшылардың бірін уақытша қызметінен шеттету туралы шешім қабылданды», – делінген министрлік таратқан хабарламада. Бұған дейін Алматы тұрғын Жанат Қаратай аутизммен ауыратын 27…

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай күнтізбесінің Жаңа жылы – Чуньцзе мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. – Мызғымас достық пен тиімді ықпалдастыққа негізделген сан қырлы қарым-қатынасымыздың тың қарқынмен дамып келе жатқаны қуантады. Осы игі іске Сіздің қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қазіргідей құбылмалы кезеңде өзара қолдау көрсетіп, халықаралық деңгейде үйлесімді әрекет ете отырып, ортақ мүдделерімізді қорғаудың, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызы зор. Бұл бағыттағы Сіздің берік ұстанымыңызды толық құптаймын, — деп жазылған жеделхатта. Президент ҚХР Төрағасының жаһандық бастамаларына сәттілік, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Толығырақ

Астана. 17 ақпан. BM.KZ — АҚШ-та танымал актер Роберт Дюваль 95 жасында өмірден өтті. Бұл туралы актердің жұбайы Лусиана Педраса таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Курсив. BBC ақпаратына қарағанда, актер жексенбі күні Вирджиния штатындағы үйінде көз жұмған. Роберт Дюваль әлем көрерменіне ең алдымен Өкіл әке және Бүгін апокалипсис фильмдеріндегі рөлдері арқылы кеңінен танылды. Ол 1984 жылы Нәзік мейірім картинасындағы басты рөлі үшін Academy Awards сыйлығының ең жоғары марапатын иеленді. Актер бұдан бөлек «Оскар» жүлдесіне бірнеше рет ұсынылған. Соңғы рет ол 2014 жылы Судья фильміндегі рөлі үшін номинацияға ие болған. Ал режиссер Фрэнсис Форд Коппола түсірген «Бүгін апокалипсис» фильмінде Дюваль сомдаған полковник Килгор бейнесі кино тарихындағы ең есте қаларлық кейіпкерлердің біріне айналды. Әсіресе шабуыл көрінісінде шырқалған Ride of the…

Толығырақ