Автор: erimbetkaz

Астана. 26 ақпан. BM.KZ — 26 ақпанға арналған ауа райына байланысты еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет РМК. Абай облысының орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Аягөз ауданында солтүстік-шығыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 26 ақпанда Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде шығыс желі 15-18 м/с жылдамдықпен соғады. Ақтөбе облысының қиыр оңтүстігінде түнде қар жауып, бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігі мен орталығында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел 15-18 м/с екпінмен соғады. Алматы облысының солтүстігінде түнде кей уақыттарда қалың қар жауады. Күндіз облыстың оңтүстігі мен тау бөктерінде, таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (көктайғақ жаңбыр, қар) түседі. Солтүстік, оңтүстік, тау бөктері…

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырауда бірнеше трансгендер қасақана АИТВ жұқтырды деп күдікке ілінген оқиғаға қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Министр орынбасарының сөзінше, Атырау облысы бойынша Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өңір тұрғындарының бірінің қасақана АИТВ жұқтырғанын анықтаған. «Ол күдікті деп танылып, сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. Міндетті түрде осы қылмыстық құқықбұзушылықтың жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыным енгізіледі», – деді Әділов Мәжілістегі брифингте. Сондай-ақ ол сот шешімімен күдіктінің екі айға қамауға алынғанын қосты. Журналистер іс бойынша бастапқыда айтылғандай бірнеше адам емес, тек бір ғана күдікті бар…

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Ақорда резиденциясында ХХV Қысқы Олимпиада ойындарының жеңімпазы Михаил Шайдоров пен оның жаттықтырушыларын марапаттау рәсімі өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін бұл Олимпиаданың орны ерекше екенін айтты. — Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіріп, құтты болсын дегім келеді. Ақордада жиналып отырған адамдарға, ең алдымен, Михаилдың әкесі мен жеңімпаздың бапкеріне ризашылығымды айтамын. Баршаңызды тағы да шын жүректен құттықтаймын! Сіздер қажырлы және табанды еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл…

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Атырау облысында отбасы мүшелерін өлтірді деген күдікке екі адам ілінгенін айтты, деп хабарлайды Kazinform. — Кеше ғана күдіктілер Индонезияда ұсталғанын растаймын. Қазіргі кезде оларды елге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр, — деді Санжар Әділов Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып. Оның айтуынша, осы іс бойынша тергеу амалдары мен тиісті сарапталар жалғасып жатыр. Сонымен қатар министрдің орынбасары күдіктілердің жасырынып жүрген жерін анықтау жұмыстарына да тоқталды. — Халықаралық іздестіру жарияланғаннан кейін Интерпол өкілдері мен Қазақстан полицейлері бірлесіп арнайы топты құрды. Осы жұмыстың нәтижесінде күдіктілер ұсталды, яғни әйелі де күдікті ретінде қарастырылып отыр, — деді Санжар…

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — ЖСДП фракциясының жетекшісі, депутат Асхат Рахымжанов Мәжілістің жалпы отырысында Бас прокурорға депутаттық сауал жолдап, елімізде бұрын жоғары қызмет атқарған экс-шенеуніктердің Джеффри Эпштейнмен ықтимал байланыстарын тексеру қажет екенін айтты. Оның айтуынша, жария етілген «Эпштейн файлдарында» мемлекеттік негізгі лауазымда болған «ескі Қазақстанның» саяси элита өкілдерінің деректері кездеседі. — Мәселен, қазіргі уақытта мемлекеттік сатқындық және билікті басып алуға әрекет жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан бұрынғы Премьер-министр және ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов жазбаларда кемінде 8 рет аталады. Жазбалардан Эпштейн мен Мәсімовтің жеке таныс болғаны байқалады. Көптеген сұрақ туындайды. Неліктен жоғары лауазымды қазақстандық шенеунік Эпштейнмен кездесуге бастамашылық жасап, онымен жолыққан? Бұл…

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Ұшқыштар дін аман. Бүгін Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу ұшулары барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Ұшақ экипажы дер кезінде катапульт жасады. Ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта медициналық мамандардың бақылауында. Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынды. Тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп жоқ. — Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылды. Комиссияны ұшу қауіпсіздігі жөніндегі департамент басқарады. Құрамына авиациялық қызметтің арнайы мамандары кірді, — делінген хабарламада. Тергеу қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.

Толығырақ

Астана. 25 ақпан. BM.KZ — Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді. Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жобаның биылғы қаңтар айында Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылғаннан бергі атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа дейін жететін ең ірі кампусты құру жөніндегі «ДӨО алқабы» жобасы бүгінгі таңда қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Үкімет тиісті инфрақұрылымдық және құқықтық жағдайларды жасауда. Атап айтқанда, жалпы ауданы 1,4 мың гектар жер телімі бөлінді. Ауқымды жобаны…

Толығырақ

Астана. 20 ақпан. BM.KZ — Милан және Кортина-д’Ампеццодағы қысқы Олимпиада-2026 аясында қазақстандық спортшылардың 20 ақпанда өтетін жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті. 14:30 Фристайл-акробатика/іріктеу (еркектер): Асан Асылхан ДінмұхаммедРайымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов. 20:30 Конькимен жүгіру/1500 м (әйелдер) Надежда Морозова, Елизавета Голубева 00:15 Шорт-трек/ширек финал, 1500 м (әйелдер) Яна Хан, Ольга Тихонова

Толығырақ

Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Сенат кулуарында Мәулен Әшімбаев егер қазақстандықтар референдумда жаңа жобаны қолдаса, Конституция күні 15 наурызда атап өтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, жаңа Конституция қабылданған күн мерекеге айналуы мүмкін. «Өтпелі ережелерге сәйкес, Конституция қабылданған күн Конституция күні болады. Қабылданатын күн — 15 наурыз. Адамдар өз қалауынша, дұрыс деп тапқанына дауыс беруге құқылы, азаматтарымыздың пікірін білу үшін референдум өткізіліп жатыр. Азаматтар қандай шешімге келеді, соған негізделіп қабылданады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция қабылданады, ал 15 наурыз Конституция күні болады», — деді Мәулен Әшімбаев. Еңбек министрлігі референдумнан кейін 2026 жылы және одан кейінгі жылдары Конституция күнін…

Толығырақ

Астана. 19 ақпан. BM.KZ — Украина президенті Владимир Зеленский Ресей және АҚШ қатысатын келіссөздердің келесі раунды қайда өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Зеленскийдің айтуынша, үшжақты келіссөздің Швейцария аумағында өтуі дұрыс шешім болған. — Менің ойымша, Швейцарияда үшжақты кездесу өткізгеніміз дұрыс болды. Біз Таяу Шығыс пен өзге де елдердегі әріптестерімізді құрметтейміз және бағалаймыз. Алайда соғыс Еуропада жүріп жатқандықтан, келіссөздер өтетін орынды да Еуропадан тапқанымыз жөн, — деді Украина президенті. Оның сөзінше, келіссөздердің келесі, төртінші раунды да Швейцарияда өтуі мүмкін. — Келесі кездесу де Швейцарияда болатынын атап өткім келеді. Қазіргі таңда менде бар ақпарат осы. Әрине, делегация елге оралған соң, толығырақ…

Толығырақ