Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Абай облысында айдалада жоғалып кеткен сәбиді облыстық полиция департаментіне қарасты Ақсуат ауданы полиция бөлімінің аға криминалисі, полиция майоры Бақытбек Лиясканов тауып алды, — деп хабрлайды Polisia.kz. 8 сәуір күні Ақсуат ауданында 3 жастағы бала байқатпай үйдің ауласынан шығып кетіп, жоғалып кеткен. Бақытбек Лиясканов бүлдіршінді ауылдан бірнеше шақырым жерден, иен даланың ортасында жалғыз жүрген жерінен байқап қалған. — Жүрегіммен оның дәл осы маңда екенін сездім. Мені не жетелегенін білмеймін… бірақ сол бір ішкі күш мені сәбидің тұрған жеріне алып келді. Мен өзімді батыр санамаймын — тек өз жұмысымды атқардым. Дегенмен қатты алаңдадым… себебі мен де әкемін,…
Автор: erimbetkaz
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Тексеру барысында медициналық ұйымның бұрынғы жетекші құрамы ұзақ уақыт бойы азаматтарды емдеуге арналған бюджет қаражатын заңсыз шығару схемасын ұйымдастырғаны анықталды. Қаражаттар жақын туыстары мен үлестес тұлғалардың шоттарына аударылып, жымқыруды заңды қаржылық операциялар ретінде бүркемелеген. Жымқырылған қаражаттың бір бөлігі қымбат тұрмыстық техника сатып алуға, сондай-ақ Италияға туристік сапарлардың ақысын төлеуге жұмсалған. Қазіргі таңда мемлекетке келтірілген жалпы залал 675 млн теңгеден асты. Аталған дерек бойынша прокуратура органдары Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жымқыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс шеңберінде елорда прокуратурасының арнайы прокурорлары тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Оларды неміс нумизматикалық компаниясымен серіктестікте дайындаған. Қазақстан Ұлттық Банкі «Спорт» сериясынан FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады. Монеталардың сатуға қашан шығарылатыны туралы ақпарат ҚҰБ-тың ресми сайтында қосымша беріледі. — FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монетасы әзірленгенде немістің MDM Münzhandelsgesellschaft mbH & Co. KG Deutsche Münze (MDM) нумизматикалық компаниясы серіктес болды. Оның 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған коллекциялық монеталарды шығаруға FIFA берген ресми лицензиясы бар. Бұл – футбол тарихындағы ХХІІІ чемпионат және алғаш рет үш елде қатар өтеді. Оның үстіне, ақтық ойындарға қатысатын ұлттық құрамалардың саны 48-ге дейін ұлғайтылып отыр, — делінген хабарламада. Монета…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — «Қазгидромет» РМҚ 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып сақталады, жаңбыр жауады. 9 сәуірде республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында найзағай, бұршақ жауып, екпінді жел тұрып, жаңбыр жауады. Түнгі уақытта солтүстік-батыс пен солтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар, жаяу бұрқасын және көктайғақ болады. Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман болады. Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасының төмендеуі күтіледі: түнде 0–8 градус жылыдан 0–5 градус аязға дейін, күндіз 10–23 градустан 7–15…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай. Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы үйлестіруімен және «TELE2» ұялы байланыс операторының киберқауіпсіздік мамандарының қатысуымен азаматтардың құпия деректері мен ақшалай қаражатын ұрлау мақсатында фишингтік хабарламаларды жаппай таратумен айналысқан қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Айта кету керек, бұл — ТМД елдері аумағында осындай схеманың жолы алғаш рет кесілген жағдай. — Қаскөйлер ұялы байланыс операторларының базалық станцияларының жұмысын имитациялайтын арнайы құрылғы — SMS-бластерді пайдаланған. Аталған құрылғы пайдаланушыларға жақын маңда, яғни 300 метр радиуста күшті сигнал таратып, телефондардың автоматты түрде соған қосылып, қорғанысы әлсіз желіге ауысуына себеп болған. Салдарынан абоненттердің телефондарына…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Өткен жылы рэпер Канье Уэст бірнеше рет Адольф Гитлерді мақтап, «Хайль Гитлер» атты әнін шығарған. Сонымен қатар, ол өз сайты арқылы свастикалық футболкаларды сатуға қойған. Соңғы жылдары оның антисемиттік, расистік және пронацистік мәлімдемелері қатты сынға ұшырады, деп хабарлайды Дойче Велле. Фестивальді ұйымдастырушылар өз мәлімдемесінде: «Антисемитизмнің барлық көрінісі қабылданбайды, және біз бұл әрекеттердің нақты әрі жеке адамдарға әсерін түсінеміз» деп атап өтті. Бұған дейін Pepsi, Rockstar Energy және Diageo сияқты компаниялар Йе фестивальдің хедлайнері ретінде шақырылғаннан кейін қаржылық қолдаудан бас тартқан. Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, рэпер 6 сәуірде электронды кіру рұқсат жүйесі арқылы өтініш берген.…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Астана – Омбы бағыты бойынша жүретін пойыз жаңартылды. Енді жолаушылар жаңа вагондармен сапар шегіп, жайлы әрі қолайлы қызметті пайдалана алады. Бұл туралы Көлік министрлігі мәлім етті. Мемлекет басшысының жолаушылар вагондары паркін кешенді жаңарту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы саласында жылжымалы құрамды кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Салтанатты іс-шара барысында «Астана — Омбы» халықаралық бағыты бойынша жолаушылар пойызының жаңартылған құрамы жолға шықты. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов: — Бағыттың жаңартылуы көршілес елдер арасындағы көлік байланысын нығайтуға және жолаушылар үшін қолжетімді әрі жайлы…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Жыл басынан бері суару маусымына дайындық мақсатында «Қазсушар» РМК 526 шақырымнан астам ирригациялық каналда механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша аппарат кеңесін өткізді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті. Бүгінге дейін тазартылған каналдардың 355 шақырымы Түркістан облысында, 40,5 шақырымы Қызылорда облысында, 41,9 шақырымы Жетісу облысында, 68,7 шақырымы Жамбыл облысында, 20,4 шақырымы Алматы облысындағы Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналы филиалының қарауында. Жалпы, биыл «Қазсушар» РМК-ның он филиалының қарамағындағы 2211,8 шақырым каналды механикалық әдіспен тазарту жоспарланып отыр. Олардың қатарында Шығыс Қазақстан, Павлодар, Абай және Ұлытау…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазақстанның бірінші, ал әлемдік рейтингте 11-орында тұрған Александр Бублик Монте-Карло «Мастерс» турнирін жеңіспен бастады. Қазақстандық спортшы әлемнің бұрынғы 6-ракеткасы, қазіргі уақытта 199-орында тұрған Гаэль Монфиспен кездесіп, екеуінде де 6:4 есебімен жеңіске жетті. Бір сағат 17 минутқа созылған матч барысында Бублик 4 эйс орындап, 7 брейк-пойнттың 3-ін сәтті пайдаланды. Ал Монфис тек 2 эйс пен 1 брейк жасай алды. Келесі кезеңде Александр Бублик үшінші айналымға шығу жолында әлемнің 13-ракеткасы, Иржи Легечка немесе рейтингте 39-орында тұрған Алехандро Табило жеңгенімен кездеседі. Тағы бір қазақстандық теннисші, рейтингте 77-орында тұрған Александр Шевченко, алғашқы айналымнан аса алмады. Ол әлемнің 51-ракеткасы, Марин…
Астана. 8 сәуір. BM.KZ — Қазіргі кезде полиция қызметкерлері әкімдік ғимаратын қоршауға алған. Оқиға орнында әлі де өрт сөндірушілер жүр, деп хабарлайды Kazinform. Ақтөбе қаласының Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан әкімдік ғимаратына ешкімді кіргізбейді. Оқиға орнында қазір криминалистер, төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Сонымен бірге тазалықшылар, электрмен қамтитын мекеменің авариялық қызметі де келді. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жұмыс онлайн болады. Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты да кейінге шегерілді. Әкімдікте орналасқан Ахуалдық орталық та жұмысын уақытша тоқтатты. — Ғимаратқа ешкімді кіргізіп жатқан жоқ. Іште комиссия бар. Тексеріс болып жатыр, — деді взвод командирі Азамат Сембаев. Еске салсақ, кеше кешкілік…