Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Қазақстанда халықтың қартаю индексі өсіп келеді. 2025 жылы еліміз бойынша көрсеткіш 100 балаға шаққанда 32,9 құрады, бір жыл бұрын ол 31,1 деңгейінде болған. Бұл 15 жасқа дейінгі әр 100 балаға 65 жастан асқан 32,9 адамның келетінін білдіреді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қалалық жерде бұл индекс ауылды жерге қарағанда жоғары, тиісінше 34,9 және 29,6. Өңірлер бөлінісінде ең төменгі мәндер Маңғыстау облысында – 16,2, Түркістан облысында – 17,2 және Шымкент қаласында 17 деңгейінде тіркелген. – Ең жоғары деңгей Солтүстік Қазақстан – 84,1, Шығыс Қазақстан – 80,7 және Қостанай облыстарында – 71,3 байқалды. Сондай-ақ жоғары мәндер Павлодар облысында…
Автор: erimbetkaz
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоятынын айтты. Бұл туралы Ақорда мәлім етті. — Мемлекет басшысы ретінде еліміз үшін елеулі оқиғалар туралы алдын ала ақпарат беру өте маңызды деп санаймын. Конституция күшіне енген сәттен бастап бір палаталы Құрылтай сайлауын өткізу жөніндегі Жарлыққа қол қоямын. Сайлау биыл тамыз айында өтеді. Мұны әдейі ерте айтып отырмын. Өйткені партиялардың жоспарларын айқындап, сайлау науқанына дайындық жүргізуіне жеткілікті уақыты болуы керек. Осылайша, партиялардың сайлаушылармен тиісті жұмыс жүргізуіне бес айға жуық уақыт беріледі. Құрылтай сайлауы Қазақстанның бүкіл саяси…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатының финалында ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов сынға түсті. 60 келі салмақтағы отандасымыз финалда үндістандық Сачин Сачинпен қолғап түйістірді. Оразбек алғашқы минуттан қарсыласына қысым жасап, соңғы раундта жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 3:2. Бұған дейін қазақстандық боксшы іріктеу кезеңінде филиппиндік Пол Джулифер Басконды жеңісе, ширек финалда жапониялық Шунсуке Китамото бас тартуына байланысты жарыстың келесі сатысына өтті. Жартылай финалда ол өзбекстандық Абдурахмон Махмуджоновты қапы қалдырып кетті. Оразбек Асылқұлов IBA нұсқасы бойынша 2025 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Енді ел құрамасынан 5-жұпта Төрехан Сабырхан (70…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Ақтаулық тұрғын «Оймаша» оқу полигоны маңына саңырауқұлақ теруге шығып, оқ-дәрі тауып алған. Ол бұл туралы бірден әскери қызметкерлерге хабар берген. Оқиға 9 сәуір күні болған, деп хабарлайды Kazinform. Осы оқиға бойынша Ақтау гарнизоны ресми жауап берді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша Ақтау қаласындағы әскери полигонға іргелес аумақта жергілікті тұрғындар жарылмай қалған снаряд болуы мүмкін күдікті затты анықтаған. — Оқиға орнына Қарулы Күштердің инженерлік-саперлік тобы жедел түрде жіберілді. Мамандар аумақты тексеріп, табылған затты оқшаулау және қауіпсіз жою бойынша бірқатар қажетті шараны жүзеге асырды. Жағдай бақылауда. Халық үшін қауіп жоқ, — делінген хабарламада. Сонымен қатар, Ақтау гарнизонының баспасөз қызметі…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның энергетикалық жүйесі негізгі көрсеткіштердің тұрақты оң динамикасын көрсетті. Бұл туралы Энергетика министрлігі хабарлайды. Алғашқы 3 айда электр энергиясын өндіру көлемі 33,7 млрд кВт·сағ құрады, ал тұтыну 33,6 млрд кВт·сағ жетті. Осылайша, генерация профициті 100 млн кВт·сағ деңгейінде қамтамасыз етілді, бұл энергия жүйесінің теңгерімді жұмысын растайды. Ағымдағы жылы Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергияның 2,6 ГВт қуатын пайдалануға беру жоспарлануда. Биыл 4 бу-газ қондырғысы, 2 жел электр станциясы, 4 күн электр станциясы іске қосылып, екі электр станциясын кеңейту жоспарлануда. Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Ресей президенті Владимир Путин Пасха мерекесіне орай 11 сәуір сағат 16:00-ден 12 сәуірдің соңына дейін дейін бітім жариялады, деп хабарлайды Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ. «Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы В.В. Путиннің шешімімен, жақындап келе жатқан православие мерекесі Пасхаға (Қасиетті Христостың қайта тірілуі) байланысты 2026 жылғы 11 сәуір сағат 16:00-ден бастап 2026 жылғы 12 сәуір күннің соңына дейін бітім жарияланды», — делінген Кремль сайтында жарияланған хабарламада. Хабарламада Ресей Қорғаныс министрі А.Белоусовке және РФ ҚК Бас штабының бастығы – Біріккен әскерлер тобының қолбасшысы, армия генералы В.Герасимовке осы кезеңде барлық бағыт бойынша әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе қаласындағы ғимараттардың бірінде заңсыз делдалдық қызмет ұйымдастырған бір топ тұлғалардың қылмыстық әрекетін әшкереледі. Жедел деректерге сәйкес, олар өздері жалға алған бірнеше кабинетте шетел азаматтарын тіркеу саласында жалған құжаттарды пайдалана отырып, ақылы негізде делдалдық қызмет көрсеткен.Қазіргі уақытта аталған тұлғалардың Орта Азия елдерінен келген шетел азаматтарына заңсыз құжат рәсімдеумен айналысқаны анықталды.Жалған құжаттарды дайындау, қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша тіркелген қылмыстық іс аясында күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін құжаттандыруға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда. — Құрметті азаматтар, құжаттарды тек ресми көздер арқылы рәсімдеулеріңізді сұраймыз және «көмекшілер» деп аталатын делдалдарға жүгінбеулеріңізді…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Армения Республикасының Аумақтық басқару және инфрақұрылым министрі Давид Худатянмен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Көлік саласындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарына, оның ішінде инфрақұрылымды дамытуға, озық технологияларды енгізуге, сондай-ақ жүк тасымалы көлемін арттыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар Астана – Ереван және Ақтау – Ереван бағыттары бойынша әуе қатынасын қайта жандандыру мәселесі қаралды. Рейстердің жақын арада іске қосылуы күтілуде, бұл сауда-экономикалық байланысты нығайтуға және туризмді дамытуға қолайлы жағдай жасайды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік танытып, өзара…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Алматыда ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстады. Танымал қазақстандық спортшы 2025 жылғы сыйлықтың «Спорт» номинациясы бойынша лауреаты атанды. Матчтарға қатысуына байланысты Дастан Сәтпаев 2025 жылғы 26 қарашада өткен «Дарын» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатыса алмаған болатын. «Сіз бүгін жоғары нәтиже көрсетіп қана қоймай, өскелең ұрпаққа үлгі болып жүрсіз. Балаларды спортқа, футболға баулып, салауатты өмір салтын насихаттауда еңбегіңіз зор. Президентіміз айтқандай, кез келген еңбек қадірлі әрі ел игілігіне қызмет етеді. Спорт…
Астана. 10 сәуір. BM.KZ – Ширек финалға шыққан әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик әлемнің 1-ракеткасымен бақ сынасады. Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, чехиялық Иржи Легечканы жеңді. Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке 6:2, 7:5 есебімен аяқталды. А.Бублик 5 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Легечка 7 эйспен көзге түсті. Александр Бублик жартылай финалға шығу үшін әлемнің 1-ракеткасы, испаниялық Карлос Алькараспен таласады. Ол үшінші айналымда әлемнің 30-ракеткасы, аргентиналық Томас Мартин Этчеверриді ұтты — 6:1, 4:6, 6:3.