Астана. 14 сәуір. BM.KZ — АҚШ Иран порттарына қатысты әскери-теңіз блокадасын бастады. Бұл шешім президент Дональд Трамп белгілеген мерзім аяқталғаннан кейін күшіне енді, деп хабарлайды Kazinform. Ұлыбританияның теңіз сауда операциялары басқармасы мәліметінше, 13 сәуір күні Гринвич уақытымен 14:00-ден бастап (Астана уақытымен 20:00) Иран порттарына және жағалау аймақтарына теңіз арқылы қолжетімділікке шектеулер енгізілді. Бұл шектеулер Парсы шығанағы, Оман шығанағы және Араб теңізі аумақтарын қамтиды. Басқарма дерегінше, бұл шектеулер Иран порттарына, мұнай терминалдарына немесе жағалау инфрақұрылымына кіретін барлық кемеге, олардың туына қарамастан, қолданылады. Шаралар Иранның бүкіл жағалау сызығын, соның ішінде порттар мен энергетикалық нысандарды қамтиды. Сонымен қатар, Иранға қатысы жоқ порттарға және…
Автор: erimbetkaz
Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Интерпол арналары арқылы іздеуде жүрген қазақстандық блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды. Ол заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz. «Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерпол арналары бойынша Вьетнам Социалистік Республикасының құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау барысында Камрань қаласында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеуде жүрген блогерді ұстады», – деп хабарлайды ІІМ. 2,4 млн оқырманы бар блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнематериалдарын орналастырып, пайдаланушыларды құмар ойындарға қатысуға шақырған. Қайсар Қамза осы әрекеттері нәтижесінде 100 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз табыс тапқан. «Ақшалай қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған. Қазіргі уақытта…
Астана. 14 сәуір. BM.KZ — ҚР Премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің төрағалығымен жүргізуші куәлігін алу үшін емтихан тапсыру рәсімін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өтті. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, кеңес барысында ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізуші куәлігін алу үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, азаматтар үшін қолайлылықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға және жүргізушілерді даярлау сапасын күшейтуге бағытталған нақты шаралар қаралып, бекітілді. Біріншіден, енгізілетін жаңашылдықтарға сәйкес азаматтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды ақылы негізде, әрекеттер арасындағы аралықты кемінде 10 күнтізбелік күн сақтай отырып, шектеусіз тапсыра алады. Айта кету керек, қазір азаматтарға 3 тегін мүмкіндік беріледі:…
Астана. 14 сәуір. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы жасалатын интернет-алаяқтықтың жаңа түрлерінің таралуы туралы ескертеді. — Қаскөйлер өздерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері, банк секторының өкілдері және басқа ұйымдардың мамандары ретінде көрсету үшін ұқсас суреттерді, аудио және бейнематериалдарды жасау мүмкіндіктерін белсенді түрде қолдануда. Атап айтқанда, азаматтарға бейнеқоңыраулар арқылы белгісіз тұлғалар жалған бейне мен дауысты пайдалана отырып, өздерін полиция қызметкерлері, ұлттық қауіпсіздік органдары немесе банктердің қауіпсіздік қызметінің өкілдері ретінде таныстыратын жағдайлар тіркелуде. Күдікті операцияларды анықтау немесе ақшаның сыртқа шығу қаупі деген сылтаумен олар азаматтарды ақшаны шұғыл түрде «қауіпсіз шоттарға» аударуға көндіреді. Сонымен қатар ресми хабарламаларға ұқсас етіп…
Астана. 14 сәуір. BM.KZ — «Қазгидромет» РМК 14 сәуірде еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті. Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның батысында, солтүстігінде, шығысында ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың батысында, оңтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Елдің солтүстігінде, шығысында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Басқа аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз. Республика бойынша тұман болып, жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады, ал еліміздің шығысында көктайғақ болады. Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, орталығында өрт қаупі жоғары болады. Сондай-ақ Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының…
Астана. 13 сәуір. BM.KZ — 2026 жылдың қаңтар–ақпан айларында Қазақстанда азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,9%-ға артып, 665,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдын ала жоспарланған 4,3% өсім деңгейінен едәуір жоғары. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, негізгі азық-түлік санаттарының басым бөлігінде оң динамика байқалды. Ең жоғары өсім сары май өндірісінде тіркеліп, көлемі 56,5%-ға артып, 8,1 мың тоннаға жетті. Сонымен қатар ірімшік пен сүзбе өндірісі 39,2%-ға, қант және шоколад қосылған кондитерлік өнімдер 21,4%-ға, жарма өндірісі 20,8%-ға өсті. Ет консервілері өндірісі 12,9%-ға артты. Ірі қара, шошқа, қой, ешкі және жылқы еті (жаңа немесе салқындатылған) өндірісі 6,9%-ға…
Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Бұхарадағы бейресми кездесу барысында Өзбекстан Президенті Мемлекет басшысына архив материалдарын табыстады. Атап айтқанда, Қазақстан тарапына Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи және Рәбия Сұлтан бегім кесенелеріне қатысты 1920-1950 жылдары Өзбекстанда табылған құнды құжаттар, сызбалар және фотосуреттер берілді. Бұл құжаттардың көбі бүгінге дейін ғылыми айналымға түспеген және тарихи-мәдени құндылығы зор.
Астана. 13 сәуір. BM.KZ — «Қостанай–Әулиекөл–Сұрған» тас жолында «Mercedes-Benz» пен ВАЗ-2107 көліктері соқтығысып, 4 адам көз жұмды, деп хабарлайды Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі. Ведомство мәліметінше, осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. — Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, соның салдарынан ВАЗ-2107 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада. Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктері жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп орта білім беру ұйымдарында бітіру кештерін өткізуге байланысты талаптарды нақтылады. Осы мақсатта бірлескен бұйрық қабылданатын болады. Қабылданған шаралар білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, олардың құқықтарын қорғауды және құқық бұзушылықтардың алдын алуды қарастырады. Аттестаттарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының ғимараттарында ұйымдастырылады. Білім алушылардан, олардың ата-аналарынан немесе заңды өкілдерінен қаражат және өзге де материалдық құндылықтарды жинауға қатаң тыйым салынады. Белгіленген талаптарға сәйкес, бітіру кештерін білім беру ұйымдарынан тыс жерлерде ұйымдастыруға жол берілмейді. Жергілікті атқарушы органдарға қаржылық шығындарды талап етпейтін тәрбиелік және мәдени-ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыру және…
Астана. 13 сәуір. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі заңсыз көші-қон арналарын анықтау және жолын кесу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласында заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырып келген қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Анықталғандай, күдіктілер ақшалай сыйақы үшін шетел азаматтарының ел аумағына келуін ұйымдастырып, оларды заңсыз түрде заңдастырумен айналысқан. Операция барысында 28 тінту іс-шарасы жүргізілді. Нәтижесінде ондаған шетелдік паспорт, ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, түрлі бланкілер мен жалған еңбек шарттары тәркіленді. Сонымен қатар ірі көлемдегі ақша және тіркелмеген қару алынды. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған арнаға қатысы бар 13 адам полицияға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа…