Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қазақстандық спортшы Айым Серікбаева (-44 кг) таеквондодан (WT) жастар арасында әлем чемпионы атанды. Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында ол мексикалық Понсе Нуньес Дара Ширлиді 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл жеңіс — Қазақстан таеквондосы үшін тарихи сәт. Ел құрамасы жастар арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет алтын жүлдені 2006 жылы жеңіп алған еді. Осылайша, араға 20 жыл салып алтын медаль қайтадан ел қоржынына түсті. Айта кетейік, Айым Серікбаева бұған дейін Азия чемпионы атанып, жастар арасындағы Азия ойындарының жеңімпазы болған. Қазіргі таңда Ташкентте өтіп жатқан додада Қазақстан құрамасының қоржынында бұған дейін Ерасыл Ерзат пен Ислам…
Автор: erimbetkaz
Астана. 16 сәуір. BM.KZ — Қарағанды және Ақмола облыстарында көктайғаққа байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. «КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының төмендегі учаскелерінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс жабық: Ақмола облысы: — Жібек Жолы төлем қабылдау пункті – Қарағанды облысының шекарасы; Қарағанды облысы: — Ақмола облысының шекарасы – Теміртау төлем қабылдау пункті. Жолды 16 сәуір күні сағат 08:00-де ашу жоспарланған. Осы ретте еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін ескертеді! дауыл туралы ескертулерді қадағалау; жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру; алыс…
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Тегеран арасындағы қақтығыс аяқталуға жақын деп санайды. Ол бұл мәселе бойынша өз пікірін Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Kazinform. Сәрсенбі, 15 сәуірде эфирге шығуы жоспарланған әңгімеден үзінді арнаның веб-сайтында жарияланды. Трамп әскери әрекетті қолдаудың негізгі дәлелі ретінде Иранның ядролық бағдарламасын тағы да келтірді. — Мен араласуға мәжбүр болдым, егер араласпасам, қазір ядролық қаруы бар Иран болар еді, — деді Трамп. Соғыс аяқталды ма деген сұраққа Ақ үй басшысы: «Менің ойымша, ол аяқталуға жақын. Өте жақын», — деп жауап берді. Бұған дейін New York Post газетіне телефон…
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі авиаотынмен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жүргізілген тексеру барысында «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ компанияларының авиаотын көлемі туралы мәліметтерді бұрмалағаны анықталды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. Бұл фактілер негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің талаптарына сәйкес, аталған авиакомпанияларға әкімшілік шаралар қолданылып, әрқайсысына 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Аталмыш шаралар авиация саласындағы отынның дұрыс есептелуі мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды.
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Қазақстанда зейнетақы жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын арттырудың маңызды құралы саналады. Бұл жарналар қызметкердің жалақысын кемітпей, толығымен жұмыс беруші тарапынан аударылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұл норма әрбір жұмыс істейтін азаматтың, әсіресе жас ұрпақтың, сенімді қаржылық қорын қалыптастыру мақсатында енгізілді. Қазіргі уақытта зейнетақы төлемдері үш көзден қалыптасады: мемлекеттік базалық төлем, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) шотындағы жеке жинақтар және жұмыс берушіден келетін қосымша жинақтаушы жарналар. Осы механизм қызметкерлерге өмір бойы қосымша зейнетақы төлемдерін алуға мүмкіндік береді. Бұл әсіресе 1975 жылғы 1 қаңтардан кейін…
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Наурыз айының қорытындысы бойынша алтын неке сақиналарының бағасы айлық мәнде 5,5% өссе, жылдық мәнде 45% қымбаттаған. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады. Өңірлер бөлінісінде ең төменгі жылдық қымбаттау Маңғыстау облысында тіркелді – 14,5%, Шымкентте – 29%, Астанада – 29,9%. Жас жұбайларға арналған сақиналардың бағасы Ұлытау облысында ең қатты қымбаттаған – бір жылдағы өсім – 71%. Сонымен қатар Қазақстанда зергерлік бұйымдар өндірісі артып келеді. 2024 жылмен салыстырғанда, 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында өндіріс көлемі 7,7% өсіп, 2,7 млрд теңгені құраған.
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Таяу Шығыстағы соғыс Ұлттық қор түсімдеріне тікелей әсер еткен жоқ. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының бірінші орынбасары Ерұлан Жамаубаев Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды Курсив. «Ұлттық қор жылдан жылға артып жатыр. Ұлттық қор портфелі жеткілікті сараланған. Оның құрамында теңге, шетел валюталары, соның ішінде әртүрлі дамыған елдердің валютасы да қамтылған», – дейді Жамаубаев. Сондай-ақ ол мұнай бағасы қазіргі деңгейде қалса, бюджетке қосымша қаржы түсетінін айтты.
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — «ҚазМұнайГаз» бен Turkish Petroleum Corporation компаниялары геологиялық барлау және өндіріс саласындағы ынтымақтастық мәселесін талқылап жатыр, деп хабарлайды Kazinform. Бұл туралы Үкімет үйінде Түркия Вице-президенті Жевдет Йылмазбен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 14-отырысын өткізіп жатқан Премьер-министр Олжас Бектенов айтты. — Энергетикалық серіктестікті дамыту өзара әрекеттесудің маңызды бағыты және аймақтық тұрақтылықтың тірегі саналады. Баку-Тбилиси-Жейхан бағыты қазақстандық мұнайды жеткізу үшін маңызды құбырлық инфрақұрылымның бөлігі. Түрік компаниялары Қазақстанда мұнай-газ саласындағы ірі жобаларды сәтті жүзеге асырып жатыр. Бұдан басқа, тараптар бұл салада инвестициялық келісімдер жасауға баса назар аударып отыр. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» және Turkish Petroleum Corporation компаниялары геологиялық барлау және өндіріс саласындағы…
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — Ішкі істер министрлігі азаматтарға концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу кезінде мұқият болуға шақырды, деп хабарлайды Polisia.kz. Ішкі істер министрлігі концерт билеттерін сату кезінде кездесуі мүмкін алаяқтық туралы ескертеді. Интернет желісінде концерттер мен бұқаралық іс-шараларға билеттерді сатып алу немесе алып-сату бойынша жалған хабарландырулар, сондай-ақ делдалдардан ұсыныстар кездесіп жатады. Алаяқтар билеттерді сатып алуда көмек ұсынады немесе оларды қымбат бағаға сатады. Одан бөлек, жалған билеттер таратуы да мүмкін. Оларға сенген адамдар ақша аударып, соңында билетсіз қалуы ықтимал. — Ішкі істер министрлігі азаматтарды сақ болуға шақырады және кез келген іс-шараға билеттерді тек ресми әрі тексерілген жерлерден сатып алуды ұсынады.…
Астана. 15 сәуір. BM.KZ — 2026 жылғы қаңтар–наурыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның көлік саласы негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты өсім көрсетіп отыр. Нақты көлем индексі 112,8% шамасында, деп хабарлайды Көлік министрлігінің баспасөз қызметі. Көрсетілген қызметтер көлемі 2,9 трлн теңгеге жетті, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен (2,4 трлн теңге) асып түседі. Тасымалданған жүктің жалпы көлемі өткен жылдың қаңтар–наурыз айларымен салыстырғанда 8%-ға артып, 239,8 млн тоннаға ұлғайды (222 млн тонна). Жолаушылар тасымалының көлемі 9,3%-ға өсіп, 483,7 млн адамға жетті. Ал 2025 жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 442,5 млн жолаушыны құраған болатын. Жыл соңына дейін оң динамиканы сақтау ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі. Атап айтқанда,…