Астана. 18 мамыр. BM.KZ – 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі. Қазақстанның көмір өнеркәсібі елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаруды жалғастырып жатыр. Сала ішкі нарықты тұрақты қамтамасыз етіп, экспорттық әлеуетті дамыту арқылы көмір өндіру көлемінің тұрақты өсімін көрсетіп отыр. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда көмір өндіру көлемі 115 млн тоннаны құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсті. Оның ішінде 85 млн тонна көмір ішкі тұтыну мен коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге бағытталса, экспорт көлемі 30 млн тоннаны құрады. Қазақстан көмірінің негізгі экспорттық бағыттары: Ресей, Польша, Өзбекстан,…
Автор: erimbetkaz
Астана. 15 мамыр. BM.KZ – Қазақстан құрамасының өкілі Жания Бекмұхамбетова Өзбекстанның үстел теннисінен Ташкент қаласында өткен WTT Youth Contender сериясындағы ірі турнирде жеңіске жетті. 13 жасқа дейінгі жас санатында қазақстандық спортшы қарсылас шақ келтірмеді. ҚР ҰОК мәліметінше, жарыс барысында Бекмұхамбетова алты кездесу өткізіп, әрқайсысында жеңіске жеткен. Финалда теннисшіміз Ясмина Назарованы (Өзбекстан) 3:0 (11:7, 11:3, 11:7) есебімен жеңді. Бекмұхамбетова әлемдік рейтингіде жетінші орында тұр.
Астана. 15 мамыр. BM.KZ – Reuters агенттігінің мәліметінше, Каспий құбыр консорциумы (КТК) маусым айында мұнай экспортын едәуір қысқартуды жоспарлап отыр. Курсив мәліметіне сәйкес, экспорт көлемі мамырдағы тәулігіне 1,8 млн баррельден 1,45 млн баррельге дейін төмендеуі мүмкін. Бұл шамамен 17 пайыздық қысқаруды білдіреді. Аталған көрсеткіш сәуірдегі тәулігіне 1,65 млн баррель деңгейінен де төмен болмақ. Экспорт көлемінің азаюына негізінен Қашаған кен орнындағы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп. Тәулігіне шамамен 400 мың баррель мұнай өндіретін ірі кен орнында жөндеу маусым айының басында басталып, 30 күннен астам уақытқа созылуы ықтимал. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы жалпы мұнай өндірісі мен экспорт көлеміне әсер етпек. Сондай-ақ маусымдағы жеткізілім…
Астана. 15 мамыр. BM.KZ – ШҚО прокуратурасы балалар стоматологиялық емханасы жұмыскерлерінің еңбек құқығын қалпына келтіргенін мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform. Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуына жүргізілген талдау аясында «Балалар стоматологиялық емханасы» ШЖҚ-дағы МКК қызметінен еңбек заңнамасының бұзылуын анықтады. Медициналық мекеме басшылығының еңбекақы төлеу бойынша міндеттемелерін орындамауы салдарынан екі айдан астам уақыт бойы 53 қызметкердің алдында жалақы бойынша берешек түзілгені анықталды. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша медицина қызметкерлерінің заңды құқықтары қалпына келтіріліп, 17,5 млн теңгеден астамсомадағы жалақы қарызы толық көлемде өтелді.
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Екіжақты келіссөздер мен Қазақстан – Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысының қорытындысы бойынша Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Режеп Тайип Ердоған Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы мәңгілік достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік туралы декларацияға қол қойды Екі елдің ресми делегация мүшелері мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейдегі құжаттармен алмасты: 1. 1995 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында азаматтық істер жөніндегі құқықтық…
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Тек 2025 жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының жағдайына қатысты шамамен 60 мың шағым түскен. Ал 2026 жылдың алғашқы екі айында 7,5 мыңға жуық өтініш тіркеліп үлгерген. Respublica партиясынан сайланған Мәжіліс депутаты Олжас Құспеков өзінің депутаттық сауалында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жағдайын көтеріп, бұл мәселе әлі де елдегі ең өзекті әрі әлеуметтік тұрғыдан сезімтал проблемалардың бірі болып отырғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қалыптасқан жағдай мен азаматтардан түсіп жатқан шағымдар салада жүйелі проблемалардың бар екенін көрсетеді. «Тек 2025 жылдың өзінде мемлекеттік органдарға автомобиль жолдарының жағдайына қатысты шамамен 60 мың шағым түсті. Ал 2026 жылдың алғашқы екі…
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Кассациялық сот Салтанат Нүкенованың өлімі ісінде аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ, деп хабарлайды Kazinform. Сот процесінде адвокаты Әлібек Секеров Байжановтың бұрын сотталмағанын, оң мінез құлқын, кәмелетке толмаған үш баласы бар екенін және отбасының жалғыз асыраушысы екенін, сондай-ақ, марқұм жәбірленушіге дене жарақатын салмағанын алға тартты. – Сот ҚР Қылмыстық Кодексі 55-бабының, 2-тармағы, 2-тармақшасына жүгінді. Бұл норма жоғары жазаны тағайындауды ғана емес, нақты жағдайларға байланысты жазаны төмендетуді де қарастырады. Демек, жазаны ауырлататын факторлардың жоқтығы, керісінше, жеңілдететін себептердің болуы аталған норма бойынша жазаны төмендетуге негіз бола алады, -…
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Ақтау қаласының 27-шағын ауданындағы аулалардың бірінде қайғылы оқиға болды. Жол талғамайтын көлік кәмелетке толмаған баланы қағып кетіп, сәби оқиға орнында көз жұмды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қызметтік көлікті құқық қорғау органының қызметкері басқарған. Ол 27-шағын аудандағы тұрғын үйдің алдындағы жолда бір жарым жасар ұл баланы қағып кеткен. Ауыр жарақат алған сәби есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған. – Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі («Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, -…
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық қан орталығында қан компоненттерінің жапсырмаларында QR-кодтарды пайдалануға негізделген ScanQAN цифрлық жүйесі енгізілді. Жобаның мақсаты – қан құю кезіндегі қауіпсіздік стандарттарын күшейтіп, адами факторға байланысты қауіптерді азайту. — Жаңа жүйе қан компоненттерін дайындаудан бастап сақтау, беру және пациентке трансфузия жасауға дейінгі барлық кезеңде дәл әрі жедел сәйкестендіруге мүмкіндік береді. QR-кодты сканерлеу арқылы медицина қызметкерлері қан компоненті туралы толық ақпаратқа қол жеткізе алады. Атап айтқанда, жүйеде зертханалық зерттеу нәтижелері, сақтау шарттары, қолдану ерекшеліктері және клиникалық ұсынымдар қамтылған, — деп жазды Денсаулық сақтау министрлігінен. Мамандардың айтуынша, ScanQAN жүйесі дәрігерлерге клиникалық жағдайларда жылдам шешім…
Астана. 14 мамыр. BM.KZ – Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 14 жыл бұрын болған кісі өлтіру қылмысын ашты. Қайғылы оқиға 2012 жылдың қазан айында Қармақшы ауданының Жосалы кентінде болған. Топтық төбелес кезінде жасөспірім пышақ жарақатын алған. Ол аудандық ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ол есін жимастан көз жұмған. Оқиғадан кейін төбелеске қатысқан барлық адамдар анықталып, тексерілген. Алайда тікелей дәлелдер мен куәгерлердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ жылдар бойы ашылмай келген. — Биыл тергеу-жедел тобының мұқият жұмысының нәтижесінде басты куәгер анықталып, оқиғаның толық мән-жайы тізбектелді. Жедел іс-шаралар барысында полицейлер күдіктіге шыққан. Ол сол төбелеске қатысқан азамат болып шықты және басқа…