Автор: erimbetkaz

Ақмола облысы. 21 тамыз. BM.KZ — Біржан Сал ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері 2015 жылы туған баланың қайтыс болуы және 2010 жылы туған тағы бір баланың жарақат алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар 2025 жылғы 20 тамызда Біржан Сал ауданына қарасты Үлгі ауылында найзағай соғуы салдарынан зардап шеккен. Оқиға орнына шұғыл қызметтер дереу жетті. Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап, барлық қажетті ақпаратты жинақтап жатыр, – деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Толығырақ

Астана. 21 тамыз. BM.KZ — Елорда тұрғындарының қазір өмір сүру ұзақтығы ел бойынша жоспарланған деңгейден 3,5 жылға жоғары, ал 2029 жылға белгіленген мақсатты көрсеткіштен 2 жылға асып отыр. Бұл туралы қалалық Денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Айнұр Төлеуова мәлім етті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Басқарма басшысы орынбасарының мәліметінше, Астанада әсіресе туберкулезге қарсы күрестегі жетістіктер айтарлықтай жақсарған. «Аурушаңдық 21,5%-ға, ал өлім-жітім 6,5%-ға азайды. Инсультті емдеуде госпитальдық өлім-жітім 8%-ға төмендеді, ал ауруханадан шыққаннан кейін үйде бір ай ішінде болатын өлім-жітім 32%-ға азайды. Онкологиялық көмекті ерте анықтау үлесі өсіп келеді: қазіргі таңда аурулардың 34,6%-ы бастапқы кезеңде диагностикаланып отыр. Ең тиімдісі осы кезде…

Толығырақ

Астана. 21 тамыз. BM.KZ – Израиль армиясы Газа қаласының шеткі аумақтарын бақылауға алды. Бұл туралы Израиль Қорғаныс армиясының (ЦАХАЛ) өкілі, бригадалық генерал Эффи Дефрин мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы күндері ХАМАС-қа қарсы шабуылдар бұрынғыдан да қарқынды болмақ, деп хабарлайды Deutsche Welle. Дефриннің сөзінше, ХАМАС қазір тек «әлсіреген партизандық топқа» айналған. Израиль тарапы бейбіт тұрғындардың қақтығыс аймағынан эвакуациялануына, сондай-ақ гуманитарлық және медициналық көмек алуына жағдай жасауға күш салып жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, Израильде резервке шақыру жүріп жатыр. Апта соңына дейін 60 мыңға жуық, айдың соңына дейін тағы 20 мың резервистке шақырту қағазы жолданбақ. Алайда Газаға шабуылға әзірге негізінен қолданыстағы әскери бөлімдер қатысады.…

Толығырақ

Астана. 21 тамыз. BM.KZ – Алматының «Қайраты» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Шотландияның «Селтигімен» тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz. Алғашқы таймда алматылықтар есеп ашқандай болды, алайда капитан Александр Мартыновичтің соққан голы офсайд себебінен есепке алынбады. Үзіліске дейін қос команда да қақпаға тура соққы жасай алмады. «Қайрат» бес рет қақпаға бағыттаса, «Селтик» екі рет сәтті шабуыл жасады. Екінші таймда шотландиялықтар белсендірек ойнап, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды. Дегенмен, кездесудің екінші бөлігі алматылықтардың қақпашысының жарақаттарымен ғана есте қалды. 75-минутта Александр Заруцкий ойынды жалғастыра алмай, орнына Темірлан Анарбеков шықты. Ал ойын соңына таман Анарбековтің өзі оңтүстіккореялық Ян Хен Чжунмен қақтығысып, басынан жарақат алды.…

Толығырақ

Алматы облысы. 20 тамыз. BM.KZ – Хасан Қасымбаевқа қатысты қылмыстық іс Талғар аудандық сотында қарала бастады. Бұл туралы Казинформ жазды. Ол Қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр: адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және қорқытып алу. Қасымбаевпен бірге тағы 5 айыпталушы сот алдында жауап беріп жатыр. Процеске екі адвокат және екі жәбірленуші қатысу үстінде. Істі судья Айнагүл Тукубаева жүргізіп жатыр. Ол журналистердің сот залына қатысуына рұқсат бергенімен, жәбірленушілер мен айыпталушыларды қоса алғанда, қатысушыларды фото және бейне түсіруге тыйым салды. Еске сала кетейік, Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада 2021 жылдың маусымында жасалған қасақана ауыр дене жарақатын келтіру және адам…

Толығырақ

Алматы. 20 тамыз. BM.KZ — Алматы қаласының Бас жоспарын 2040 жылға дейінгі кезеңге бекіту кезінде заң талаптарының бұзылғаны анықталды. Бұл туралы Алматы сәулетшілері одағы жанындағы арнайы консультативтік комиссия хабарлады. Комиссия мәліметінше, 2025 жылдың мамырынан бері Алматы қаласы мәслихаты аппаратына бірнеше рет ресми сауал хат жолданған. Заң бойынша, Бас жоспарды қарау үшін міндетті түрде бірқатар құжат ұсынылуы тиіс. Мәселен, алдын ала тексеру қорытындысы, сарапшылардың жиынтық қорытындысы, Қоғамдық кеңестің ұсынымдары мен мемлекеттік органдардың келісімдері керек. Алайда сұратылған құжаттардың орнына комиссияға тек ілеспе хат пен әкімдіктің келісім парағы берілген. Бұған қоса, 2025 жылғы 29 мамыр датасымен «жаңартылған» Бас жоспар жобасы ұсынылған. Бірақ ол…

Толығырақ

Астана. 20 тамыз. BM.KZ — Абай облысының Үржар ауданынан жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі баланы жеткізу үшін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) санитариялық авиация борты Астана қаласына ұшып шықты. Пациенттерді Астанадағы №2  көпбейінді қалалық балалар ауруханасына емдеуге жатқызу туралы шешім қабылданды. Бортта балаларға медициналық көмек көрсету үшін ҰШМҮО реаниматологы Е. Шақан, Астана қаласының  №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматологы Н. Жақыпов және Ұлттық нейрохирургия орталығының (ҰНХО) нейрохирургы С. Сейітбековтентұратын дәрігерлер бригадасы құрамы қалыптастырылды. Оқиға орнында бірден аудандық ауруханада облыстық және республикалық деңгейдегі мамандардан құрылған мультитәртіптік бригада толық диагностикалық зерттеу жүргізіп, зардап шеккендердің жағдайына бағалады және жедел емдеу жоспарын жасады.…

Толығырақ

Шымкент. 20 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ — Атышулы Берденов сотының ақыры айыпталушы Ернар Жиембайды 9 жылға соттаумен бітті. Бірақ олардың әлі апелляциялық шағым беру мүмкіндігі бар. Үкім оқылғаннан кейін Ернар Жиембай алғаш рет журналистерге өзін түсіруге рұқсат беріп, үкімге қатысты өз ұстанымын білдірді. «Үкіммен келіспеймін. Өлтіру ниетім болмаған. Руслан Арысбекұлының «мені өлтірмекші болды» деп қорқыныштан айтып жатқан сандырағы деп ойлаймын. Өздеріңіз видеода көргендеріңіздей, өлтіретін болсам, ол кісіні қаштырмас едім», – дейді ол. Тілшілер одан «қанша жыл күттіңіз?» деп сұрады. «Осы 9 жыл болса, 9 жыл. Бірақ әділі адам өлтіру ниетінсіз, 106, «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен… Себебі, нақты аяқталған қылмыс…

Толығырақ

Шымкент. 20 тамыз. /Нұргүл Ерғалиқызы/ BM.KZ — Шымкент қаласы әкімнің орынбасары Руслан Берденовті атқан Ернар Жиембайға судья Әбинұр Қарабаев 9 жыл жаза кесті. Жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болды. Айта кетейік, бұған дейін мемлекеттік айыптаушы, прокурор Бауыржан Қараманов оны 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған еді. Естеріңізге салайық, Руслан Берденовке 2025 жылдың 21 сәуірінде әкімдік ғимаратының жанында оған қарулы шабуыл жасалған. Ол оң жақ сан және иық тұсынан жарақат алып, ауруханаға жеткізіліп, ота жасалды. Ал оны атқан – Ернар Жиенай бұрын Берденовтің қоластында «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры болған. Ол оқиға орнында ұсталып, әрекеті…

Толығырақ

Астана. 20 тамыз. BM.KZ – Ресей президенті Владимир Путин АҚШ басшысы Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесу барысында Украина президенті Владимир Зеленскийге Мәскеуде кездесу өткізуді ұсынған. Бұл туралы Eadaily AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Алайда Мәскеу әзірге бұл ақпаратты ресми түрде растаған жоқ. AFP мәліметінше, Зеленский Ресей астанасында екіжақты кездесу өткізу туралы ұсыныстан бас тартқан. Бұған дейін Ақ үйде Трамп, Зеленский және еуропалық көшбасшылардың келіссөздері өткен болатын. Кездесуден кейін АҚШ президенті Владимир Путинге қоңырау шалып, Украина басшысымен үшжақты келіссөз өткізу мүмкіндігін талқылаған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың айтуынша, Путин бұл ұсынысқа келісімін берген. Ал EADaily таратқан ақпаратқа сәйкес, Путин мен…

Толығырақ