Алматы. 26 тамыз. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде Алматы әуежайында болған өзін-өзі өртеу әрекетінің жаңа кадрлары тарады. Бейнежазбада ер адамның Nur Ai & Co туристік агенттігінің кеңсесіне кіріп, телефон сұрағаны және біраз уақыт сөйлескені көрінеді. Одан кейін ол қызметкерді шығарып жібереді де, үстіне жанғыш сұйықтық құйып, полиция қызметкерлерімен сөзге келіп қалады. Бірнеше минуттан соң ер адам өзін өртеп жібереді, кейін оны сөндіруге әрекет жасалған. Агенттік директоры Гүлмира Сәдуақасованың айтуынша, ол адаммен ешқандай жанжал болмаған. Дәрігерлердің мәліметінше, әлгі жігіт ғайыптың күшімен тірі қалған, алайда жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Айта кетейік, бұған дейін 25 тамыз күні түнде Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалында…
Автор: erimbetkaz
Астана. 26 тамыз. BM.KZ — Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында еліміздегі жылу электр орталықтарының жағдайына қатысты түсініктеме берді. Оның айтуынша, Қазақстанда жылу маусымында жұмыс істейтін ең ірі деген 37 ЖЭО бар. Былтыр олардың 19-ы «қызыл аймақта» болған. Ал биыл бұл сан 10-ға азайды. «Қазір қай ЖЭО нашар екенін айтсам, саладағы әріптестерім ренжіп қалар. Бірақ бірнешеуін атап өтейін. Мысалы, Арқалық, Тараз, Степногор ЖЭО-лары индикатор бойынша әлі қызыл аймақта тұр. Дегенмен ондағы тозу факторлары мен кадрмен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда. Жұмыстар жоспарлы түрде жүріп жатыр», – деді вице-министр. Есімхановтың айтуынша, былтыр «қызыл аймақта» тұрған 19 ЖЭО-ның 9-ы…
Астана. 26 тамыз. BM.KZ — Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірлердегі жылыту маусымына дайындық барысына көңіл бөлінді. Оның айтуынша, кейбір облыста қысқа дайындық бойынша өңірлік штабтардың жұмыстары мардымсыз болып отыр. Үкімет басшысының сөзінше, Риддер, Кентау, Екібастұз және Ақтау қалаларының энергия көздерін ерекше бақылауға алу қажет. Оның тапсырмасы бойынша, Энергетика министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен және өңірлердің әкімдіктерімен бірге энергия объектілеріне көмір мен мазутты бекітілген кесте мен көлемдерге сәйкес уақтылы жеткізу жөнінде, сондай-ақ халықтың көмірмен қамтамасыз етілуіне бақылау жүргізу жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің айтуынша, көмір өндіруші кәсіпорындар осы жылдың 7 айында 61,4 млн тонна көмір өндірді,…
Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Қазақстан Ұлттық Банкі 2025 жылғы 27 тамызда ҚҰБ-тың https://kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА 30 ЖЫЛ коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды. Монеталар алтын жалатылған 925 сынамды күмістен жасалған. Массасы 31,1 грамм, диаметрі 38,61 мм, дайындау сапасы – proof, номиналы – 1 000 теңгелік, таралымы – 1 000 (бір мың) дана. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Айта кетейік, бұған дейін аталған монеталардың дайындалғаны туралы жазған болатынбыз.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінде айрықша орын алатын құрақ көрпе тек тұрмыстық бұйым ғана емес, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттың көркемдік танымын, қолөнер дәстүрін танытатын ерекше өнер түрі. Соңғы жылдары осы рухани мұраны жаңғырту мақсатында қолға алынған «Аламан құрақ» жобасы ел ішінде кеңінен қолдау тауып, ұлттық болмыстың жарқын көрінісіне айналды. Бұл жобаның жетекшісі Нұргүл Абайхан 2023 жылы 200 құрақшымен, 2024 жылы 450 құрақшымен Гиннесс рекордтар кітабына енген. Ал 2025 жылы Алматы қаласында Медеу мұз айдынында 660 құрақшы, 660 құрақ көрпе жайып әлемдік рекордты жаңартқан. Сонымен қатар, «Алма жастық» инсталляциясы қойылды. Бәрі қуыршақтарға киім тігуден басталған Нұргүл Абайханның айтуынша, қолөнер саласына келуі кішкентайында…
Шымкент. 25 тамыз. BM.KZ — Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкенттегі «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбында қалалық тамыз конференциясында 2025-2026 оқу жылында енгізілетін бірқатар жаңалыққа тоқталды. Атап айтқанда, «Цифрлық сауаттылық» және «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізіле бастайды. Орта білім беру жүйесінде AI-ды қолданудың этикалық стандарттары бекітілді. Оқушыларға арналған Day of AI онлайн-курстары, педагогтерге арналған біліктілікті арттыру бағдарламалары әзірленді. Сонымен қатар, AI-Kitap білім беру платформасын кезең-кезеңмен енгізу жоспарда бар. Жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде ішкі безендіруді біріздендіру бойынша бірыңғай дизайн-код кезең-кезеңмен енгізіледі. Бүгінде жүзден астам жаңа «Келешек мектептері» бекітілген брендбук негізінде салынып жатыр. Алдағы уақытта бұл стиль 1300…
Астана. 25 тамыз. BM.KZ — АҚШ президенті Дональд Трамп ABC және NBC америкалық телекомпанияларының лицензиясын қайтарып алу қажет екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды. «Өте жоғары қолдауға ие болып, көптеген пікір бойынша президенттік тарихтағы ең үздік 8 айдың бірі болғанына қарамастан, жалған жаңалық тарататын ABC және NBC – тарихтағы ең нашар әрі ең біржақты екі арна – маған материалдардың 97%-ын жаман етіп береді. Егер жағдай солай болса, онда олар жай ғана Демократиялық партияның құралы болып отыр және көптеген адамның айтуынша, олардың лицензиясын FCC қайтарып алуы керек. Мен бұған толықтай қосылар едім, себебі олар соншалықты бейтарапсыз әрі…
Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаларға қарағанда, автобус қала ішіндегі бағыттарда жұмыс істемеген. Оқиға Қабанбай батыр даңғылында болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, барлығы 14 жолаушы зардап шеккен. Олар көпбейінді стационарларға және Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген. Зардап шеккеннің барлығы қабылдау бөлімінде салалық мамандардың тексеруінен өткен. Бір бөлігіне амбулаторлық ем тағайындалған. Қалғандары қосымша тексерістен өтіп жатыр. Көбі жеңіл жарақат алған. Қазір Астана қалалық полиция департаменті жол-көлік оқиғасының мән-жайын анықтауға кіріскен.
Астана. 25 тамыз. BM.KZ — 2025 жылы 8 051 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 млн 156,1 мың этникалық қазақ оралған. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі мәлімдеді. Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың 44,2%-ы Өзбекстаннан, 43,2%-ы Қытайдан, 5%-ы Түрікменстаннан, 2,7%-ы Монғолиядан, 2,4%-ы Ресейден және 2,5% басқа елдерден қоныс аударған. Осы жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 59,1%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,8%-ды және зейнеткерлер 9,1%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 15,7%-ы жоғары білімді, 28,1%-ы кәсіби орта білімді, 53,5%-ы жалпы орта білімді, және 2,7%…
Астана. 25 тамыз. BM.KZ — Қазақтың табиғи балына Еуропа нарығы қызығушылық танытып отыр. Венгрияның екі ірі компаниясы – Aranynektár Kft және Fulmer Hungarian Honey Ltd – отандық өндірушілермен тікелей жұмыс істеуге ниет білдірді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігі хабарлады. 2001 жылдан бері жұмыс істейтін венгриялық «Aranynektár Kft»жылына 4 мың тоннаға дейін балды қайта өңдеп, Еуроодақ елдеріне, Таяу Шығыс пен Азияға экспорттайды. Компания өкілдері қазақстандық балдың сапасын жоғары бағалап, сатып алғысы келетінін айтты. Сонымен қатар, «Fulmer Hungarian Honey Ltd» компаниясымен жеке кездесу өтті. Бұл – ғасырлық тарихы бар отбасылық бизнес, бүгінде Еуропадағы ең ірі органикалық омарта өнімін 40-қа жуық елге…