Шымкент. 27 тамыз. BM.KZ – OTYRAR телеарнасы жаңа маусымды жаңарған көзқараспен және жаңа басшымен бастайды. OTYRAR телеарнасы мен сайты, «РАБАТ» және «Oñtüstık Rabat» газеттерін қамтитын медиахолдингтің директоры болып белгілі журналист әрі медиа-менеджер Шуддин Лечиұлы Саидов тағайындалды. Ол тележурналистика саласында 17 жылдық тәжірибесі болса, соның он жылы OTYRAR телеарнасының ұжымында өткен. Журналист, продюсер, жүргізуші ретінде ол репортер микрофонынан басшылық орынға дейінгі жолдың бәрінен өтті. Оның еңбегі мемлекеттік деңгейде бірнеше рет ерекшеленді: «Ерен еңбегі үшін» медалі, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі, «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалі және «Халық алғысы» медалімен марапатталған. Шуддин Саидов қызметіне кірісе салысымен ұжым бойына жаңаша қан жүгірді.…
Автор: erimbetkaz
Астана. 27 тамыз. BM.KZ – 25 тамыз кешке АҚШ-тың Финикс қаласында алып шаңды дауыл соқты. Бұл туралы The Arizona Republic жазды. Дауыл оңтүстік-шығыстан көтеріліп, сағат 17:00 шамасында Сан-Тан-Вэлли ауданын басып өткен де бір сағат ішінде Финикстің орталығына жеткен. Табиғи құбылыспен бірге нөсер жаңбыр мен қатты жел соққан. Salt River Project компаниясының дерегінше, қалада 41 мыңнан астам абонент жарықсыз қалған. Сағат 17:30-да АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы Скай-Харбор әуежайынан ұшып шығуды уақытша тоқтатқан. Шектеу жарты сағаттан кейін алынып, рейстер орта есеппен 15 минутқа кешіккен. Сағат 18:55-тегі мәлімет бойынша, үш рейс тоқтатылып, 104-і кешіктірілді, бір ұшақ басқа әуежайға бағытталған. Дауылдың салдарынан әуежайда су…
Астана. 27 тамыз. BM.KZ – UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі 28 тамыз күні өтпек. Шара қазақстандық уақытпен 21:00-де басталады. Алматылық «Қайрат» плей-оффта Шотландияның «Селтик» клубымен (0:0, 0:0, пенальтиден – 3:2) тартысты ойын өткізіп, топтық кезеңге жолдама алған еді. Бұған дейін қазақстандық команда іріктеудің алғашқы кезеңдерінде Словенияның «Олимпиясын» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубын (0:2, 3:0), сондай-ақ Словакияның «Слованын» (1:0, 0:1, пенальтиден – 4:3) жарыстан шеттеткен. Негізгі кезеңге «Қайраттан» бөлек Кипрдің «Пафосы» мен Норвегияның «Буде-Глимті» де жолдама иеленді. Бұған дейін 29 команда топтық кезеңге қатысушылар қатарынан белгілі болды. Олардың ішінде Англияның «Тоттенхэм», «Ливерпуль», «Арсенал», «Манчестер Сити», «Челси» және…
Астана. 27 тамыз. BM.KZ — Иордания королі ІІ Абдалла президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иордан Хашимит корольдігінің «Әл-Нахда» жоғары орденін тапсырды. Король мемлекет басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев корольдіктің жоғары мемлекеттік сыйлығымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғыс айтты. «Ұлы мәртебелі, сізді аса көрнекті мемлекет қайраткері әрі көшбасшы ретінде бағалаймын. Сондықтан бұл марапатты өзіңізге деген шынайы құрметпен қабыл аламын. Осы айтулы оқиғаны Қазақстан Республикасы мен Иордан Хашимит корольдігінің арасындағы өзара сенімге негізделген ынтымақтастықтың белгісі санаймын. Біз ықпалдастығымыздың жаңа көкжиегі белгіленген бүгінгі келіссөздердің қорытындысына баса мән…
Астана. 27 тамыз. BM.KZ — 2024 жылы өндірілген жалпы ішкі өнімнің көлемі нақтыланған деректер бойынша 136,7 трлн теңгені құрады. Оның шамамен 16,7%-ы бақылаусыз экономикаға тиесілі, бұл көрсеткіш ұзақ уақыттан бері төмендеу үрдісінде. Алайда оның құрылымында «заңсыз экономика» да бар, ал оның үлесі 2024 жылы артқан. Бұл туралы Halyk Finance инвестициялық компаниясының зерттеуінде айтылған. Сараптама мәліметіне қарағанда, мемлекет бұл мәселемен күресіп келеді, дегенмен әлеуметтік маңызы бар салаларда ол әлі де айтарлықтай деңгейде сақталып отыр. Әсіресе, денсаулық сақтау саласы алаңдатады. Мұнда 2017 жылдан бері ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі екі есеге көбейген. «2024 жылы Қазақстандағы бақылаусыз экономиканың үлесі ЖІӨ-нің 16,71%-ын құраған. Бұл көрсеткіш…
Астана. 27 тамыз. BM.KZ — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас прокуратура Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп «Аграрлық несие корпорацисы» АҚ-ның қызметін тексерді. Тексеру нәтижесінде мемлекетке материалдық залал келтірген «Шымкент қаласында екі алма бағын салу» жобасын іске асыру барысында Ауыл шаруашылығын қолдау қоры басшылығының лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегі анықталған. Аталған дерек бойынша 10.07.2024 жылы Бас прокуратура Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігінің 3) тармағы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша қылмыстық іс қозғаған. Тергеп-тексеру Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жүктелген. Іс материалдарына сәйкес АНК басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары И.М. өнім беруші С.Р.-дың мүддесін көздей отырып, Шымкент қаласындағы техникалық ерекшеліктер мен мәлімделген өндірістік параметрлерге сәйкес келмейтін алма бақтарын пайдалануға…
Астана. 26 тамыз. BM.KZ – 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан шетелге 12,6 млн литр сыра экспортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезең көлемінен үштен бір есе көп. Қаңтар-маусым аралығындағы көрсеткіш кем дегенде соңғы он жылдағы, яғни 2015 жылдан бергі ең жоғары деңгейге жетіп отыр. Бұл туралы Бірінші несие бюросы жазды. Биылғы экспорт көлемін өткен жылғы дерлік барлық сатып алушы арттырған. Әсіресе Ресей, Беларусь және Қырғызстанға жеткізілімнің өсуі жалпы динамикаға әсер еткен. Негізгі бағыт – Ресей: бұл елге экспортталған өнім көлемі 7,5 млн литрге жетіп, жылдық өсімі 24%-ды құрады. Бұл көлем Қазақстанға өзге елдерден (Ресейден тыс) әкелінген барлық импорттан да артық болып…
Астана. 27 тамыз. BM.KZ — 2025 жылғы 6 тамызда АҚШ-тың Нью-Йорк Оңтүстік округі бойынша Округтік соты дәлелдемелерді зерттеу арқылы өткен тыңдау қорытындысында талапкерлер – Алматы қаласы мен «БТА Банк» АҚ пайдасына шешім шығарып, Ілияс Храпуновты сотты құрметтемеу айыбымен кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігі хабарлады. Бұрын қабылданған 221 285,31 доллар төлеу туралы бұйрыққа қосымша ретінде, Федералдық судья Джон Г. Кёлтл Храпуновтың өз активтері туралы тұрақты есеп беруге міндеттеген соттың айқын әрі нақты нұсқауын бұзғанын анықтады. Мұндай есептерді ұсыну міндеті оған бұған дейін сотты құрметтемегені үшін кінәлі деп танылғаннан кейін жүктелген болатын. Жаңа бұйрыққа сәйкес, Ильяс Храпунов өзіне қатысты…
Алматы. 27 тамыз. BM,KZ — Алматының «Қайрат» футбол клубы тарихи жетістікке жетіп, УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Sports.kz жазды. Квалификация барысында қазақстандық команда Словенияның «Олимпиясын» (3:1), Финляндияның КуПС клубын (3:2) және Словакияның «Слованын» (1:1, пенальти — 4:3) жарыстан шығарды. Ал плей-офф кезеңінде Шотландияның әйгілі «Селтигін» (0:0, пенальти — 3:2) ұтып, сенсация жасады. Осы нәтижесі үшін «Қайрат» 18,62 миллион еуро (шамамен 11,6 миллиард теңге) көлемінде сыйақы алды. Сонымен бірге топтық кезеңдегі әрбір жеңіске 2,1 миллион еуро (1,3 миллиард теңге), тең ойынға 700 мың еуро (436 миллион теңге) беріледі. Кеше Алматыда өткен жауапты матчта «Қайрат» «Селтиктен» басым түсіп, тарихында…
Алматы. 26 тамыз. BM.KZ — Бүгін Алматыда футбол жанкүйерлері үшін тарихи сәт. Қаладағы Орталық стадионда алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының гимні шырқалып, «Қайрат» пен Шотландияның «Селтик» клубы плей-офф кезеңінің жауапты кездесуіне шығады. Ойынның басталуы 21:45-ке жоспарланған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, матч уақыты кезінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылуы мүмкін. Шектеулер Абая даңғылы – Байтұрсынов, Мұқанов және Сәтбаев көшелерімен шектелген аумақта енгізіледі. Мұндағы мақсат кептелістердің алдын алу және арнайы қызмет көліктерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ету. Жауапты ойында қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шамамен 2 мың полиция қызметкері жұмылдырылады. Айта кетейік, бірінші ойын 21 тамызда Глазгода 0:0 есебімен…