Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Түркия Республикасының астанасы Анкарада Жандармерия және жағалау күзеті Академиясы түлектерінің салтанатты қоштасу рәсімі өтті. Түлектер қатарында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланынының тоғыз жас офицері де бар. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шараның мәртебелі қонағы ретінде Түркия Республикасының президенті қатысты. Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ұланның лейтенанты Асхат Сұлтанахметке Академия дипломын өз қолымен табыстады. Бұл оқиға Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі болды. Түркия тарапының ресми шақыруы бойынша салтанатты рәсімге еліміздің құқықтық тәртіп әскерінен арнайы делегация қатысты. Делегацияны Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Аңсаған Балтабеков бастап барды. Сапар барысында қазақстандық…
Автор: erimbetkaz
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында сиыр еті экспортына квота енгізу туралы шешім қабылданды. Ішкі нарықтағы бағаның өсуін тежеу және халықты ірі қара етімен жеткілікті көлемде қамтамасыз ету мақсатында сиыр етін экспорттауға уақытша шектеу енгізіліп жатыр. Сонымен қатар, квота ірі адал өндірушілерге қолданыстағы келісімшарттар бойынша жеткізілімдерді сақтауға және сыртқы сату нарықтарын сақтап қалуға мүмкіндік береді. Тиісті бұйрық Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан қабылданады. Сондай-ақ, жиында Қазақстаннан автокөлік және теміржол көлігі арқылы бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге…
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Украина президенті Владимир Зеленский келіссөздерге Мәскеуге келуі мүмкін. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Қытайға жасаған төрткүндік сапарының қорытындысы бойынша мәлімдеді. Бұл туралы РБК жазды. «Дональд мені, мүмкін болса, осындай кездесуді өткізуге шақырды. Егер Зеленский Мәскеуге келуге дайын болса, мұндай кездесу өтеді», — деді Путин. Бұған дейін, тамызда, AFP агенттігі Путиннің осындай ұсынысы туралы хабарлаған болатын. Агенттіктің дерегінше, Ресей президенті бұл идеяны америкалық әріптесі Дональд Трамппен Аляскада өткен әңгіме барысында айтқан. Кейінірек агенттік Зеленскийдің бұл кездесуден бас тартқанын жеткізді. Ресей және Украина президенттерінің кездесуіне дайындық басталғанын АҚШ президенті Дональд Трамп тамыздағы Аляскадағы саммиттен кейін мәлімдеген.…
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Бүгін, 4 қыркүйекте 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан және Уэльс құрамалары кездеседі. Ойын «Астана Аренада» өтеді. Бұл ойынды испандық төрешілер бригадасы басқарады. Қазы рөлін Алехандро Эрнандес атқарады. Оның көмекшілері – Хосе Наранхо мен Диего Санчес. Төртінші төреші – Хосе Луис Мунуэра, бейнетөреші – Сесар Сото, бейнетөрешінің көмекшісі – Алехандро Муньис Руис. Үш ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде үш ұпай бар, ал Уэльс құрамасы жеті ұпай жинаған. Наурызда Кардиффте өткен алғашқы матчта валлийлер 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.
Астана. 4 қыркүйек. BM.KZ — Ұлттық ұланының бұрынғы әскери қызметшісі Мұхтар Ербаян Түркияға емделуге жіберілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Ербаян 2023 жылы әскери қызметті өткеру кезінде ауыр бас сүйек-ми жарақатын алған болатын. «Комиссияның жұмыс органының шешімімен нейромодуляторлық ем жүргізу және пациенттің соматикалық мәртебесін сақтау үшін Medipol Global клиникасына (Түркия) емделуге Мұхтар Ербаянды жіберу мақұлданды», – делінген хабарламада. Бұған дейін Қазақстанда Мұхтар Ербаян Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында және Астанадағы Ұлттық нейрохирургия орталығында ем алған болатын. 2024 жылдың тамызынан бастап 2025 жылдың қаңтарына дейін отбасының қолдауымен Түркияда қалпына келтіру емінен өтті. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандардың бақылауында болды және үйде…
Шымкент. 3 қыркүйек. BM.KZ — Орталық Азиядағы алғашқы ауқымды цифрлық конференция —Global Tech Wave Central Asia (GTW CA)-ның негізгі серіктестерінің бірі ретінде аты аңызға айналған Atari компаниясы қатысатынын мақтанышпен хабарлаймыз. Конференция 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Шымкентте өтеді. GTW CA — аймақта теңдесі жоқ, жаңа форматтағы, орталықтандырылмаған үш күндік бірегей конференция. GTW CA — бұл технологиялық алпауыттар, стартаптар, креаторлар, венчурлық қорлар және цифрлық трансформация көшбасшылары бас қосатын идеялар, инвестициялар, инновациялар мен креатив кеңістігі. Конференцияда ойын индустриясының дамуымен тікелей байланысты Atari аңызға айналған ойын корпорациясы таныстырылады. Atari — видео ойындар тарихындағы ең танымал брендтердің бірі. Компания 1972 жылы құрылған және цифрлық ойын-сауықтардың алғашқы…
Шымкент. 3 қыркүйек. BM.KZ — АҚШ-тың жетекші зерттеу университеттерінің бірі — University of Utah (U of U) 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Шымкентте өтетін Global Tech Wave Central Asia халықаралық технологиялық форумына өкілін жіберетінін растады. Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан үкіметімен және Шымкент қаласының әкімдігімен стратегиялық серіктестік және Орталық Азиядағы University of Utah алғашқы кампусын ашу туралы келіссөздер жүргізу болмақ. Америкалық делегацияның сапары Шымкенттің аймақтағы технологиялық және білім беру хабы ретінде рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді. University of Utah басшылығы Орталық Азияның қарқынды дамып келе жатқан экономикасының қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында инженерлік, компьютерлік ғылымдар, бизнес және денсаулық сақтау салаларында жоғары білікті мамандарды…
Шымкент. 3 қыркүйек. BM.KZ — Шымкент қаласы Орталық Азияның қазіргі тарихындағы елеулі оқиғаны қабылдауға дайындалуда. 2025 жылдың 12-14 қыркүйегі аралығында Global Tech Wave Central Asia (GTW CA) – Қазақстандағы алғашқы халықаралық технологиялық конференция өтеді. Бұл іс-шара сала көшбасшыларын, инвесторларды, стартаптарды, креативті жастарды және ірі әлемдік корпорациялардың өкілдерін біріктіреді. Іс-шараның шарықтауы – «Рэмбо», «Форсаж» сияқты блокбастерлердің голливудтық продюсері Allen V Dam, сондай-ақ DC Comics-тің жаһандық маркетинг жөніндегі бұрынғы жетекшісі, HBO Max вице-президенті және ірі цифрлық платформалардың медиа-стратегінің келуі болады. Мұндай деңгейдегі маманның келуі бүкіл аймақ үшін айтулы оқиға. Өз сөзінде Allen V Dam әлемдегі миллиардтаған көрерменнің жүрегін жаулаған фильмдерді түсірудегі бірегей…
Астана. 3 қыркүйек. BM.KZ — 2025 жылдың 12 мен 14 қыркүйегі аралығында Қазақстанның мегаполисі және еліміздің ірі өнеркәсіп орталығы Шымкент қаласында бірінші Global Tech Wave Central Asia өтеді. Бұл аймақта теңдесі жоқ жаңа форматтағы орталықтандырылмаған цифрлық конференция. GTW CA жетекші халықаралық сарапшыларды, стартап-қауымдастықтарды, инвесторларды және жаһандық корпорациялардың өкілдерін біріктіреді. Жаһандық конференцияға аймақтың технологиялық болашағымен бөлісіп қана қоймай, оның дамуына инвестиция салуға дайын YouTube, SIRI, Atari, Ubisoft және Griffin Gaming серіктестері бастамашылық етті. Y Combinator, 500 Startups, Andreessen Horowitz (a16z), European Business Angels Network өздерінің қатысуын алдын ала растады. Мұндай компаниялардың, сондай-ақ басқа венчурлық және акселерациялық қорлардың болуы қазақстандық стартаптар үшін инвестициялардан…
Астана. 1 қыркүйек. BM.KZ — Бүгін, 1-қыркүйек – Білім күнінде еліміздің барлық мектебінде алғашқы қоңырау соғылып, бірінші сыныпқа қабылданған 360 мыңнан астам бала алғаш мектеп табалдырығын аттады. Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, олардың 72%-ы қазақ тілінде оқуды таңдаған. Ал 11-сыныпқа 232 мың оқушы көшкен. Жалпы ел аумағында 8 мыңнан аса мектеп бар. Оның ішінде биыл жаңадан 83 мектеп қосылып отыр. Сөйтіп, 2025-2026 оқу жылында 4,1 млн-ға жуық бала мектеп партасында отыратын болды. Елімізде 3 мыңға жуық мектеп бір ауысымда білім береді. Бүгінде 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр, тағы 245 ғимарат реновациядан өтіп жатыр. Нәтижесінде жарты миллионнан астам қазақстандық оқушы осы жылдан…