Автор: erimbetkaz

Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында биылғы сәуірде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Enbek.kz» электронды еңбек биржасында жасанды интеллект көмегімен жұмыс іздеушілер үшін бос жұмыс орындарын автоматты түрде анықтау функционалдығын жүзеге асырды. Нәтижесінде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 мыңнан астам ұсыныс жасалды. Қолданылатын ЖИ моделі түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдай отырып, талап етілетін мамандықты немесе мамандықтар тобын, күтілетін жалақы мөлшерін, тұрғылықты өңірді және кәсіби дағдыларды ескере отырып ұсыныстар береді. Онда табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту бойынша заманауи технологиялар пайдаланылады. Аталған жоба түйіндемелер мен вакансияларды талдау процесін автоматтандыруға бағытталған, бұл жұмыс берушілер үшін лайықты кандидаттарды…

Толығырақ

Астана. 11 қыркүйек. BM.KZ — Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды. Қазақстандық боксшы 90 келіден жоғары салмақта Хорватия елінің өкілі Лука Пратльячичпен өзара мықтыны анықтады. Үш раунд бойы хорватиялық қарсыласына еш мүмкіндік бермеген отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем чемпионатында кем дегенде қола медальға ие болды.

Толығырақ

Астана. 10 қыркүйек. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді», — деп жазылған мәлімдемеде.

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ — Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, органның негізгі жұмыс қорытындыларымен және алдағы жоспарларымен танысты. Кездесуде бірқатар маңызды нәтижелер баяндалды. Мәселен, агенттік 24 млрд теңгеден астам қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған жалған компанияларды әшкерелеп, есірткі саудасы мен алаяқтықтан түскен табысты жылыстатқан 20 заңсыз криптобиржаның қызметін тоқтатқан. Сондай-ақ, ТМД аумағындағы ең ірі криптосервис жойылып, ол арқылы 9,7 млн АҚШ долларына тең виртуалды активтер бұғатталған. Сонымен бірге, 720 қылмыстық іс аяқталып, 15 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде 3 трансұлттық топ таратылған. Одан бөлек, 17,1 млрд теңге көлеміндегі мұнай өнімдерін заңсыз шығару әрекеті тоқтатылып, заңсыз темекі…

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ — Непалдың премьер-министрі сейсенбі күні әлеуметтік желілерге тыйым салуға және үкіметтегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы өткен жаппай наразылықтардан кейін отставкаға кетті. Бұл туралы AP жазды.  Кхадга Прасад Оли дереу қызметінен кететінін мәлімдеді. Оның отставкасы ел астанасы Катмандуда және басқа қалаларда жағдай ушығып, наразылық білдірушілер Непалдың кейбір жоғары лауазымды саяси қайраткерлерінің үйлерін өртегеннен кейін жарияланды. Әлеуметтік желілерге тыйым сейсенбі күні таңертең алынып тасталған еді. Бұл шешім үкіметке қарсы өткен қанды наразылықтардан кейін қабылданды: дүйсенбі күні полиция оқ атып, 19 адам қаза тапқан. Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған видеоларда наразылыққа шыққандардың Катманду мен оның төңірегіндегі саяси көшбасшылардың үйлеріне…

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ — Израиль армиясы ауқымды әскери операцияның кеңеюіне байланысты Газа қаласы тұрғындарын толық эвакуациялауға шақырды, деп хабарлайды AP. Агенттіктің мәліметінше, бұл қазіргі қақтығыстар барысында берілген алғашқы толық эвакуация жөніндегі ескерту. Қалада шамамен бір миллион палестиналық тұрады, алайда олардың «тек аз ғана бөлігі» эвакуацияланған. Израильдің қорғаныс министрі Исраэль Кац бүгінгі мәлімдемесінде ел әскері Газадағы 30 көпқабатты ғимаратты жойғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Хамас» қозғалысы бұл нысандарды әскери инфрақұрылым ретінде пайдаланған. Бұған дейін Израиль билігі АҚШ ұсынған бітім жоспарын қабылдауға дайын екенін білдірген еді. Бұл жоспарға сәйкес, 2023 жылғы 7 қазанда тұтқынға алынған барлық адамдарды бір кезеңде босату және «Хамасты»…

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ — Президент Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимованы қабылдап, Конституциялық сот қызметінің нәтижелері жөнінде мәлімет тыңдады. Эльвира Азимованың айтуынша, 2,5 жыл ішінде ведомствоға азаматтардан 11 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Конституциялық сот судьялары өтініштерді қарау барысында 5 мыңнан аса құқық нормасын зерделеген. Тексеру қорытындысы бойынша 300-ден астам шешім қабылданған. Соның ішінде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің Конституцияға сәйкестігі тұрғысынан 74 қорытынды қаулы шығарылған. Осылайша, 20 құқық нормасы Конституцияға қайшы деп танылып, 25 құқық нормасына нақты түсіндірме берілген. Бүгінге дейін заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 41 нормативтік қаулы орындалды. Қазір Конституциялық соттың 19 нормативтік қаулысындағы құқықтық…

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ – Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол бұған дейін тек кеңесшісі болатын. Сол сияқты, Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев те Жарлықпен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұрын ол да кеңесшісі еді. Сонымен қатар, мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президент протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Толығырақ

Астана. 9 қыркүйек. BM.KZ — Үкіметте 2025 жылғы 8 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру шаралары бойынша отырыс өтті. Премьер-министр орынбасары Серік Жұманғарин айтуынша, жалпы ішкі өнімді 2029 жылға қарай 2 есеге арттыру мақсатында жоғары инвестициялық белсенділікті ынталандырудағы мемлекеттің белсенді рөлі есебінен экономикалық өсуінің жедел қарқыны қамтамасыз етіледі. «Үкімет жаһандық бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістер құруға болатын металлургия, автомобиль жасау, теміржол машиналарын жасау, химия өнеркәсібі және мұнай-химия, сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, минералдық шикізат базасын толықтыру, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін қайта өңдеу сияқты…

Толығырақ

Астана. 6 қыркүйек. BM.KZ — Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің бұрынғы төрағасы Қ.П. Қожамжаровқа бірнеше айып тағылып отыр. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.  Хабарламаға қарағанда, оған қатысты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, сондай-ақ, ол басшылық лауазымдарда болған әр түрлі кезеңде қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру деректері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Барлық қылмыстық іс бойынша арнайы прокурорлардың жетекшілігімен жедел-тергеу топтары құрылған. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Толығырақ